«Әлеуметтану» пәні дәрістері Дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Дәріс №10. Білім беру әлеуметтануы



бет11/18
Дата22.12.2022
өлшемі123,79 Kb.
#59031
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Әлеуметтану-дәрістер қысқаша мазмұны 2

Дәріс №10. Білім беру әлеуметтануы.

Жаһандық перспективадағы білім беру. Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Ресми білім берудің қызметтері. Білім беру: әлеуметтік тап, жыныс, этникалық айырмашылықтар. Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік. Білім берудің әлеуметтанулық перспективалары. Білім беру мен білімді дәріптеу


Кең мағынада алғанда, білім беру - ресми оқу жүйесіне жауапты әлеуметтік құрылым институты. Ең тұрақты және етене таныс институттардың бірі. АҚШ-тағы әрбір он адамның үшеуінің білім саласына оқушы ретінде болсын, қызметкер ретінде болсын қатысы бар. Бұрынғы оқушылар, ата-аналар немесе салық төлеушілер - барлығы белгілі бір деңгейде білім саласына араласады. Бұл институт қандай мақсат көздейді? Кім пайда табады? Қүрылымдық-функционализм және конфликт теориялары бұл сұрақтарға екі түрлі жауап ұсынады.
Құрылымдық-функциялық теория: білім функциялары Білім саласын құрылымдық-функциялық талдау қоғамды қолдау үшін құрылған білім беру мекемелерінің көрсеткіштерімен байланысты. Қүрылымдық-функцияшылдардың айтуы бойынша, білім беру жүйесі көпшіліктің талабын қанағаттандыру үшін жасалған. Білім саласы функцияларының басты бағыты - оқыту және білім беру, жастарды әлеуметтендіру, сәйкесінше іріктеу және біртіндеп жақсы жаққа қарай өзгеруіне ықпал ету. О қы ту ж әне білім беру Мектептің айқын мақсаты - білім беру мен дағдыны қалыптастыру. Мектепте оқуға, жазуға және санауға уйренеміз. Тәуелсіздік жолындағы Америка соғысының себебін түсініп, жасушаның құрылымын зерттейміз. Осылайша, мектеп әр үрпақтың өкілдері қоғамның үздіксіз тіршілігі үшін қажетті дағдыларды меңгеруіне кепіл болады. Әлеуметтену Мектеп жастарды заман ағымына лайықты әлеумеггендіру арқылы қоғамның мейлінше қалыпгы қозғалысын қамтамасыз етеді. Олар тәртіпке, тіл алғыштыққа, ауызбірлікке және ұқыптылыққа ерекше мән береді. Сонымен қатар мектеп оқушыларды өз мәдениетіне сай ойлауға, дәстүрді қүрметтеуге және ережелерді үстануға үйретеді. АҚШ мектебінде ағылшын тілінде оқып, жазуды үйренеміз. «Азаматтық адалдық антын» жаттаймыз және мектептік кеңес дұрыс деп тапқан АҚШ тарихын оқимыз. Елдің түкпір-түкпіріндегі әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтан шыққан оқушылар жалпыға бірдей оқу бағдарламасы бойынша білім алады. Соның арқасында ортақ мәдени негіз қалыптасады. Іріктеу Мектепті бағбанға балауға болады. Оның арам шөптерді жұлып, тазалап, жақсы өнім алуға тырысатыны сияқты қай оқушының озат оқитынын, қайсысы кенже қалатынын анықтап отырады. Бағалар мен тестілеу нәтижелері мектептен тыс немесе түрлі оқу бағдарламаларына қатысты қабілет деңгейін көрсетеді. Ең дұрысы, мектеп жүйесі әр оқушының айрықша қабілетін ашуы керек. Өзгерістерге ы қп ал ету Мектеп өзгерістер агенті ретінде де қызмег етеді. Біз мектепті аяқтағанмен, білім алуды гоқтатпаймыз. Алайда жаңа білім мен технологиялар ересектерге қарағанда, мектеп оқушыларына бағытталады. Сонымен қатар сыни және аналитикалық ойлауды дамыту арқылы мектеп өзгерістерге себепші болады. Колледждер мен университеттерден де жаңа білім алынады деп күтіледі. Конфликт теориясы: білім және теңсіздіктің таралуы Конфликтология теорияшылары құрылымдық-функцоналистердің білім саласы мәдениетті қалыптастырады, студенттерді сұрыптайды және жастарды әлеуметтендіреді деген пікірімен келіседі, бірақ бұл функцияларды жан-жақгы қарастырады. Конфликтология теорияшылары мектептің қалыптасқан жағдайды нығайтып, теңсіздікті сақтап қалатынына мән береді.
Білім - капитализм қуралы Кейбір конфликтология теорияшыларының тұжырымы бойынша мемлекеттік мектептердің негізгі көздегені - басқарушы таптың пайдасы. Бұл теорияшылар мектепте оқытылатын мәдени ойдың негізінде жатқан астыртын бағдарлама бар деп санайды. Мемлекеттік мектептердегі мұндай багдарламаға өз кезегін күтуді, ережелерді сақтауды, ұқыпты болуды, сыйластық көрсетуді және артық сұрақ қоймауды үйрету жатады. Бүл дағдылардың барлығы балаларды жұмысшы табының өкілі болуға даярлайды (Gatto, 2002). Ал таңдаулы жеке мектептегі оқу бағдарламасы балаларды шығармашылыққа және сыни ойлауға, сол сияқты олардың артықшылыққа лайық екендігіне үйретеді. Конфликтология теорияшылары жеке және мемлекеттік мектептер дифференциалды жетістік негізінде жастарды әртүрлі марапат күтуге, яғни осылайша - жастарды теңсіздікті қалыпты деп қабылдауға үйретеді деп есептейді (Kozol, 2005).
Білім - мәдениет қуралы Конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, оқу және жазу дағдыларымен қатар, балалар басым мәдениеттің ықпалымен сол көзқарасқа негізделген тарихты және мәдениетті оқиды (Spring, 2004). Мысалы, АҚШ тарихында «Үнді соғысы» сипатталады, бірақ байырғы америкалықтардың соғыстары жайлы аз айтылады. Сол сияқты XIX ғасырдың аяғында АҚШ-та қытайларға қарсы зорлық көрсетілгені және II Дүниежүзілік соғыс кезінде америкалықтардың жапондықтарды лагерьге айдағаны туралы еш жерде жазылмайды. Тіпті өнер мен музыка сабақтарында Латын Америкасы мен Азия мәдениеті еленбейді және афроамерикалықтардың мәдениетті дамыту үшін қосқан үлесі туралы айтылмайды. Білім - адам ны ңм әртебесін айқы ндауш ы Халыққа тегін білім берудегі мақсаттың бірі - адамдардың габысты болуына жағдай жасау. Кез келген адам еңбекқорлығы мен қабілетінің арқасында биік шыңға көтеріле алады. Себебі жұмыс беруші, ең алдымен, ата-анаңыздың кім екенін сұрамайды, оларға керегі - қай оқу орнын аяқтағаныңыз. Ал колледж қызметкерлері біліктілікті арттыру (Advanced Placement) курсынан қанша марте өткеніңізді және халықаралық бакалавриат деңгейіндегі жоғары біліміңіз баржоғын сұрайды (Sacks, 2007). (Егер кедей отбасыдан шығып, кедейлерге арналған жоғарғы мектепке барсаңыз, мұндай бағдарламалар жайлы естімеуіңіз де мүмкін). Алайда конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, адамдарды алған біліміне қарай бағалау, ата-анасына қарап бағалаудан эгалитарлы (теңдік) емес (Beaver, 2009). Бақуатты отбасыдан шыққан адамдар жақсы білім ала алады. Мысалы, қаржылай көмек үшін өтініш жазған Гарвард студентінің отбасылық оргаша табысы 150 000 $ шамасында (Leonhardt, 2004). Ал білім алушылардың жеке мәліметтеріне мән беру «жағымсыз» студенттерден сақтану үшін қажет. Конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, білім туралы куәлікті көзбояушылық деуге болады. Қызметке орналасып, еңбекте жетістікке жетуге негіз болатын куәлік, шын мәнісінде, нэсілдік, жыныстық және қай әлеуметтік таптан шыққанына байланысты дискриминациядан қорғай алмайды (Brown, 2001). Нәсілге негізделген теріс түсінікке қатысты «нәсілшілдік» термині қолданылса, әлеуметтануда куәліктерге байланысты теріс түсінікті айқындау үшін «креденциализм» термині қолданылады. Креденциализм - айрықша білімі туралы куәлігінің арқасында ғана біреулерді басқалардан жоғары деп санау.
Білім берудегі т е ң с із д ік Білім беруді мәртебе - айқындау құралы ретінде қолдану, түрлі әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар үшін қолжетімді білім берудегі мүмкіндіктер теңсіздігін күшейтіп отыр (Kozol, 2005; Sacks, 2007). Кедейлер оқитын мектептерде оқушылар тар сынып бөлмелерінде бір мұғалімнің орнына келген басқа мұғаліммен немесе жақында ғана оқуын бітірген, тәжірибесіз оқытушымен бірге стандарт™ тестілеуге дайындалады. Шығармашылық қабілет-дағдыларын дамыту деген атымен болмайды. Студенттер автомеханик немесе косметолог кәсіптеріне мамандана алады. Бірақ олардың мектептері есептеулерді, шығармашылық жазбаларды немесе АР (біліктілік арттыру) сыныптарын ұсына алмайды. Мектеп қандай бағдарлама ұсынғанымен сынып бөлмелерінде жылыту жүйесі дұрыс болмаса, оқушылар ескі оқулықтарды бөлісуге мәжбүр болса, білім алу қиындай түседі. Керісінше, бақуатты адамдардың балалары заманауи сыныптарда және ғылыми лабораторияларда білім алып, көптеген тілдерді, зерттеу тақырыптарын және АР сыныптарын таңдай алады. Кеңесші қызметшілер оқушылардың талабына сай беделді оқу орнына түсуге көмектеседі. Ең таңдаулы АҚШ колледждеріне бірінші курс студенттерінің 55 пайызы табыстың 25 пайызына иелік ететін отбасылардан келеді (Leonhardt, 2004). Сол сияқты аралас табысты қоғамда қаржысы жеткілікті оқушылар кедей балаларға қарағанда, әртүрлі бағдарламалары бар, жақсы оқу орнына қол жеткізе алады (Bettie, 2003). Білім алу мүмкіншілігінің этникалық ерекшелікке байланысты әртүрлі болуы, әлеуметтік тап арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Мемлекеттік мектептегі сегрегация 1954 жылы Жоғарғы соттың шешімімен заңсыз деп табылған болатын, кейінгі 30 жылда сегрегация төмендеді. Алайда 80-жылдардың ортасынан бастап десегрегация бағдарламасын қолдау азайды. Соның салдарынан латынамерикалық, афроамерикалық оқушыларға қатысты мектеп ішіндегі сегрегация күшейді (Frankenberg & Lee, 2002). Бостоннан Бирмингемге дейінгі аралықта мемлекеттік мектептерде ақ нәсілді студенттер 15 пайызға жуықтайды. Мектепте аз үлт өкілдері көп болған сайын оқушыларға кейін жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін жағдайлар төмендейді. Мүндай мектептерде аз ұлт өкілдерінің «ақ» оқушыларға қарағанда мүмкіндіктері шектеулі
Символдық интеракционизм: элиталық сабақтастық Қазіргі заманда элита өкілдері балаларының да жоғары деңгейде қалуын тікелей қамтамасыз ете алмайды. Мәртебелері балаларына өтуі үшін, оларға сол деңгейге лайықты білімін растайтын диплом алып беру қажет. Көп жағдайда ата-аналар мұны орындайды. Өйткені балалардың білімдегі жетістіктері, ата-аналарының әлеуметтік мәртебесіне тығыз байланысты. Бұл қалай болады? Конфликтология теорияшылары мектеп қүрылымы ңалай теңсіздікке алып келетіндігіне мән берсе, символдық интеракционистер осындай нәтиже беретін процестерді зерттейді. Сондай процестердің бірі - элиталық сабақтастық. Элиталы қ са б а қта сты қ Мектептің мақсаты - оқушыларға білім беру. Мектепті аяқтаған кезде оқушылардың көбі компьютерде басуды, үш бөлікті тезистен тұратын эссе жазуды және есеп шыгаруды біледі. Оған қоса, ақыл-ес қабілетін арттыратын және кеңейтетін танымдық даму процестерінен өтеді. Оқу процестерінен мінсіз өткен жағдайда оқушылар сыни ойлау, дәлелдерді салыстыру және дербес ойлау қабілетін дамытуды үйренеді. Көптеген зерттеу жүмыстарының нәтижесі бойынша, егер мұғалімдер оқушыларына зор үміт артып, оларға қиын әрі талапты тапсырмалар беріп отырса, мектеп жасындағы балалардың танымы кең болады. Мұғалімдер мұндайды оқушылары «ақылды» болып көрінсе және өздерін лайықты етіп ұстаған жағдайда істейді. Ал ондай оқушылар әдетте ақ нәсілді және бақуатты тап өкілдерінен болады. Бұл жағдай АҚШ қоғамында мұғалімдердің бір бөлігі нәсілшілдік пен дәстүрлі стереотиптерді қолдайтындықтан болып отыр деп түсіндіріледі.
Енді бірі бақуатты ақ нәсілді оқушылардың элиталық мәдениетке тән білімі мен түсінігі болғандықтан деп пайымдайды (Bourdieu, 1984; Bettie, 2003). Мұндай оқушылардың үйінде әдетте орта тап мұғалімдері бағалайтын музыка, өнер және классикалық кітаптар болады. Сонымен қатар олар мұғалімдерге ұнайтындай үлгіде өздерін ұстай алады және жақсы киінеді. Осындай мәдени капиталдың арқасында оқушылар мұғалімдермен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің уақыт бөлуге тұрарлық екендіктерін дәлелдейді (Farkas et al., 1990; Kalmijn & Kraaykamp 1996, Bettie, 2003). Керісінше, мұғалімдер (көпшілігі «ақ») афроамерикалықтар мен мексикалық нәсілді америкалықтарды ақылсыз әрі жаманшылық жасауға үйір деп санайды (Ferguson, 2000; Bettie, 2003). Нәтижесінде, мұғалімдер аз ұлт өкілдеріне білім беруге емес, тәрбиелеу мен қадағалауға көп уақыт жұмсайды. Бұл процесс элиталық сабақтастықтың айқын мысалы бола алады. Қазір үстаздық етіп жүргендер - нәсілшіл, әйелдерді кем санайтын және классикалық теріс түсініктегі қоғамда өсіп, тәрбиеленгендер.
Болон жүйесі. Жаңартылған оқуды қамту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет