«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Стратификация қоғамдағы құрылымданған теңсіздік ретінде



бет10/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

Стратификация қоғамдағы құрылымданған теңсіздік ретінде



Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Əлеуметтік стратификация — қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мəртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген əлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.

Стратификация-қоғам мүшелерінің белгілі бір әлеуметтік позициялары,мәртебелері бойынша жіктелуі.
Қоғамдағы заңдастырылған теңсіздікті стратификация деп атайды.Ал әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:касталар;сословиелер;таптар.
Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе екіге бөлінеді.
1.Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады 2.Жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады.Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған.
Маркстің ілімі К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады.
М.Вебердің ілімі Әлеуметтік стратификация проблемасына қазіргі заманғы көзқарастың негізін Макс Вебер қалаған болатын, ол әлеуметтік құрылымды таптармен және оларды тудырушы меншік қатынастарымен қатар әлеуметтік мәртебе мен билік те маңызды орын алатын көп өлшемді жүйе ретінде қараған. М.Вебер экономиканы ұйымдастыруды стратификацияның негізі деп санамай, экономикалық сипаттамалардың бастапқылығы тезисінен бас тартты және "стратификацияның үш автономды өлшемдері” туралы өз ұғымын тұжырымдады.
Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет