«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет3/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Әлеуметтік мінез-құлық түрлері
а)
Индивидуалды- тек жеке адамға ғана тән мінез-құлық болып табылады.
ә)
Ұжымдық-бұл жалпы мұқтаждығы, талап-тілегі Және іс-әрекет мақсатының бірлігі негізінде құрылған ұйымдасқан топтың мінез-құлықтары.
б)
Бұқаралық-бұл бір типті әрі ұйымдаспаған үлкен бұқара тобының
мінез құлқы.



  1. Әлеуметтік қарым қатынастар және әлеуметтік инстиуттар. Олардың түрлерін атаңыздар.


Әлеуметтік қарым-қатыныстар - үлкен әлеуметтік топтардың (таптардың, мамандықтардың, этностардың және т.б.) өкілдері ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар.


Әлеуметтік институттар - қоғамдық, топтық, жеке маңыздағы нақтылы мақсаттарға жету үшін немесе аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін адамдардың бірлесуі.
Институт - адамның негізгі
қажеттіліктеріне жауап беретін
тұрақты әлеуметтік құрылым. Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. "Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. "Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді.


Әлеуметтік және саяси институттарды құра отырып, қоғам маңызды салалардағы мәселелердің нақтылы әлеуметтік және саяси іс-әрекет түрлерін белгілеп, бекітеді, оларды сол қоғамның мүшелеріне, әлеуметтік топтарына, мемлекеттің барлық азаматтарына немесе бір партияның мүшелеріне, басқа саяси ұйымға түрақты әрі міндетті етеді. 
Ағылшын социологі Г.Спенсер "әлеуметтік институт.терминін алғаш ұсынған адам
Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады.

Олардың түрлері : ол отбасы, мемлекет, оның органдары (парламент, президент, үкімет, сот), партиялар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері, зауыттар, банк жүйесі, базарлар, ғылыми және мәдени үйымдар мен мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдары, дін және басқалар





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет