«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет14/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары жəне төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған.
Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері,
төменгі сословиегеқолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы жəне төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.

«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Əсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мəні негізделіп,




қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды. Тек кейін К. Маркс жəне М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды.
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан əрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нəтижесінде ол əлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі жəне негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен.
Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары — құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.
Негізгі емес таптар өткен дуəірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мəселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.
К. Маркс қоғамда негізгі жəне негізгі емес таптардан басқа əлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Əлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.
К. Маркс интеллигенцияны əлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз жəне олар шығу тегі жағынан да əр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық жəне пролетарлық деп жіктеуді ұсынған.
К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тəсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мəнін түсіндірді жəне өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді.
К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан əрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай жəне қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың əдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз».
Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге:
адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын;
олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын;
еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты;

15.​Əлеуметтенудің кезеңдерін,түрлері мен агенттерін атаңыз


Тұлғаның әлеуметтенуі деп әлеуметтену нормаларын меңгеру, яғни қоғамға кіру процесін айтамыз. Ол тұлғаның дүниеге келген сәтінен басталып, оның барша саналы ғұмыры бойына жүреді. Әлеуметтану негізінен білім алуды, үйренуді, тәрбиеленуді қамтитын тұлғаны жан-жақты қалыптастыру процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет