«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет23/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

24 Бұқаралық ақпарат (Масс-медиа), технология және қоғам.
Бұқаралық ақпарат  - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.
Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.
Масс-медиа-деп ақпарат пен символикалық қатынас түрлерінің ірі,әрі текті және әр жерде орналасқан аудиторияларға жүйелі,бір орталықтан таратудың технологиялары мен институттарын айтамыз.
БАҚ-бұқаралық мәдениеттің үлгісі,яғни қолжетімді және кең таралған мәдениеттің бәр бөлшегі болып табылады.БАҚ-қа фильмдер,теледидар,романс немесе ғылыми фантастика сияқты жанрлық шығармалар,сондай-ақ интернеттен алынған танымал әндер кіреді.
Технологияғылыми-практикалық негізде шикізаттыдайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.
Технология дайын тетік немесе бұйым жасау үшін өндірістік процестерде пайдаланылатын материалдың, шикізаттың немесе жартылай өнімнің (әрбір операциялар аралығындағы дайындамалар) пішінін, өлшемін, қасиетін, күйін өзгерту амалдарынан тұрады.
Қазіргі кезде технология:
алдыңғы қатардағы технология;
• қалдықсыз технология;
• өңдеу және қайта өңдеу технологиясы;
• халықаралық стандартқа сай технология болып ажыратылады
Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпараттың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында бұқаралық ақпараттың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
25 Денсаулық сақтау саласының әлеуметтік – экономикалық аспектілерін атап беріңіздер.
. Денсаулық сақтау экономикасы –Денсаулық сақтау жүйенің қоғамдағы орны мен мәнін, денсалық сақтаудың қоғамдық өндіріске әсерін, сонымен қатар денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін зерттейтін салалық экономикалық ғылым.
Денсаулық сақтау туралы бұл ұғым медицинаның қоғамдық пайдасын терістемейді, себебі денсаулық сақтаудың өнімі ретінде халық денсаулығы алынады. Денсаулық сақтау өндірістік сала болмағанымен еңбек қорларының қайта қалпына келтіріліп, еңбек өнімділігін арттыру, ұлттық табысты ұлғайту үшін күрделі үлес қосады.Кез-келген қоғамдық-экономикалық құрылым өндірістік күштердің тұрақты түрде өсуін қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет