Отбасы -институты қоғамдағы ең басты институт. Себебі, тұлғаның туғанынан, жеке тұлға болып қалыптасқанға дейін қоғамға биімдейтін отбасы институты болып табылады.
Отбасы – адамдардың қандық туыстық негізінде біріккен шағын әлеуметтік тобы. Отбасы – адамзаттың түрлі әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған , тұрақты ұйымдасу формасы мен құрылымдық иерархиясы бар арнайы құрылған әлеуметтік институт. Ал неке – қоғам тарапынан арнайы мемлекеттік орган, діни орган, дәстүрлі ақсақалдар рұқсаты және т.б. мекемелермен санкцияланған яғни, ықпал еткен жыныстық қатынастардың тұрақты формасы. ОТБАСЫ ТҮРЛЕРІ МЕН ТИПОЛОГИЯСЫ Отбасы құрамына байланысты нуклеарлы, кеңейген, толық емес және функционалды толық емес отбасы болып бөлінеді. Отбасы типологиясының өлшемдері: отбасы құрамы; ерлі-зайыптылық өмір өтілімі; балалар саны; мекен-жай орны және түрі; рөлдерді бөлу ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипаты; кәсіби жұмысбастылық және ерлі-зайыптылар мансабы; әлеуметтік біртектілік; отбасының құндылық бағыттылығы; отбасылық өмірдің айрықша жағдайлары;.
Нуклеарлы (ядерлік) отбасы – бұл ерлі-зайыптылар және олардың балалары. Егер отбасында бала болмаса, онда нуклеарлы отбасының құрамы шектеледі. Нуклеарлы отбасы – ХХ ғ. отбасының типтік түрі, бұл патриархалды отбасының орнын алмастырған бірнеше жақын және алыс туысқандардан тұратын, территориалды және экономикалық мүдделермен біріккен отбасы.
Кеңейген нуклеарлы отбасы – ата-әже немесе басқа да жақын туысқандар (ерлі-зайыптылар сиблингі, ағалар және апалар, яғни ата-әже сиблингтері т.б.) қосылған отбасы.
Толық емес отбасы– ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасқан немесе өмірден озған отбасы.
Функционалды толық емес отбасы– ерлі-зайыптының біреуінің өз қызметтерін тұрақты атқара алмайтын нуклеарлы (формалды құрамы бойынша толық) отбасы.
Аралас отбасы – ерлі-зайыптының біреуінің (немесе екеуінің) орнын отбасының басқа мүшесі алатын отбасы. Мысалы, ата, әже және немереден тұратын отбасы, яғни баланың ата-анасы қайтыс болған немесе ажырасқан, әлде болмаса әрқайсысы бөлек тұрады; мұндай отбасына жиенін жалғыз тәрбиелеп жатқан тәте отбасы да жатады және т.б.