«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Отбасыға әлеуметтік институт ретінде талдау жасау



бет22/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
23 Отбасыға әлеуметтік институт ретінде талдау жасау.
Отбасы -институты қоғамдағы ең басты институт.
Себебі, тұлғаның туғанынан, жеке тұлға болып қалыптасқанға дейін қоғамға биімдейтін отбасы институты болып табылады.
Отбасы – адамдардың қандық туыстық негізінде біріккен шағын әлеуметтік тобы. Отбасы – адамзаттың түрлі әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған , тұрақты ұйымдасу формасы мен құрылымдық иерархиясы бар арнайы құрылған әлеуметтік институт. Ал некеқоғам тарапынан арнайы мемлекеттік орган, діни орган, дәстүрлі ақсақалдар рұқсаты және т.б. мекемелермен санкцияланған яғни, ықпал еткен жыныстық қатынастардың тұрақты формасы.
Отбасының атқаратын қызметтеріне мыналар жатады : Репродуктивтік яғни, заңды некеде ұрпақ жалғастыру. Келесі Регулятивтік яғни, жыныстық қатынастар мен отбасылық рольдерді, қызметтерді реттеу. Әлеуметтендірушілік тәрбиелеу және қоғамға биімдеу. Одан кейін шаруашылық – экономикалық яғни, шаруашылыққа икемдеу. Және мәдени – рухани уақытты бос өткізбей, тиімді , пайдалы дамуға жұмсау. Соңғысы рекреациялық – релаксациялық , бұл отбасымен демалысқа шығып, түрлі ойындарға қатысып, күш жинау.

Отбасы түрлері : Басқару принципі бойынша :
Эгалитарлық отбасы -яғни ерлі -зайыптылар тең басқарады.
Авторитарлы отбасы- ерлі зайыптылардың біреуі басқарады.
Ал құрамына карай:
1)Нуклеарлық отбасы-бір некелік жұп және балаларынан тұратын отбасы.
2)Күрделі отбасы- нуклеарлық отбасы мүшелері.
3)Толық емес отбасы-ерлі -зайыптылардың біреуінің болмауы.
Ал бала санына карай : Көп балалы,орташа , бір баласы бар,баласыз отбасы.
Қосымша:
Атқаратын қызметтерін анықтап беріңіздер.
«Отбасы», «үй іші» — бұл тарихи ұғым. Ол өмірдің даму, жоғары қарай өрлеу баспалдағы арқылы қалыптасқан. «Отбасы — қимылы өте шапшаң құбылыс. Ол еш уақытта қозғалыссыз тұрмайды. Қоғамның төменгі сатысынан жоғары сатысына қарай өрлеген даму қарқынымен ілесіп, төменгі қалыптан жоғары қалыпқа ауысып отырады», — деп жазады америкалық ғалым Морган Луис өз зерттеуінде. Барлық анықтамаларға түсіндірме бере отырып, біздің түйіндеуіміз бойынша, «отбасы» — халықтың өсіп өркендеуіне, өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесінде, ата-бабамыздың мұра еткен әлеуметтік тұрбие мен мәдени құндылықтарды жеткізуде өте маңызды рөл атқаратын қоғамның құрамдас бөлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет