«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Денсаулық сақтаудың қоғамдық өндіріс тиімділігіне



бет24/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

Денсаулық сақтаудың қоғамдық өндіріс тиімділігіне әсер етуінің келесі жолдарын анықтауға болады: емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу нәтижесіндегі тікелей әсері; тікелей емес әсері (қоршаған ортаны, жеке тұлғаларды, еңбек және демалыс жағдайларын сауықтыру және т.б.). Әрбір науқас адам қоғамға экономикалық зиян келтіреді.
Денсаулық сақтау экономикасын екі аспектіде қарастырады:
1) ішкі тиімділік (немесе денсаулық сақтаудағы шаруашылық тиімділігі) – медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырушылық формаларын, медициналық қызметкерлер еңбегін ұйымдастырудың ұтымды түрлерін, медициналық көмекке қажеттілік нормативтерін экономикалық негіздеу, қормен жабдықталу, қорды жабдықтау, қормен қамтамасыз етілу, материалдық-техникалық базаларды пайдалануға беру, қаржылық және маман қорларын пайдалану, медициналық көмек шығыны және т.б. 2) сыртқы тімділік – денсаулық сақтау жүйесінің қоғамдық өндіріске әсері: жұмыс күшінің, қоғамдық өнімнің, қоғамдық қатынастардың қайта өндірілуі. Денсаулық сақтау тиімділігі: медициналық, әлеуметтік және экономикалық тиімділік. Қазіргі жағдайда денсаулық сақтау экономикасының кезгелген негізгі мақсаты медициналық қызметті өндіру және тұтыну арасында туындайтын экономикалық қатынастар кешенін зерттеу.
Денсаулық сақтау экономикасында қолданатын жаңа қадамдар: қаражат жұмсауды ұтымды ету және азайту, тиімділікті жоғарылату; қорларды бөлу; екі жақтың арақатынастарын реттеу, денсаулықты қорғауға қатысты әр тараптың мәні мен орнын анықтау; қаржыландыру көздерін түрлендіру.
26 Жаһандық еңбек бөлінісі. Қазақстанның жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен ролі
Халықаралық еңбек бөлінісі — қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы.
Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет