«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Дін институтына әлеуметтанулық талдау жасаңыз



бет21/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

Дін институтына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
Мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың бар екендігіне сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенінадам өз жүрегі арқылы сезіну керек дейді.
22 Білім жүйесіне әлеуметтік институт ретінде талдау жасаңыздар. Білім беру институтының қызметтерін, құрылымын және қоғамдық маңызын анықтап көрсетіңіздер.
Білім деген ол- адамзаттың немесе жеке тұлғалардың бүкіл өмірінде жинақтаған тәжірибесі және осы тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру үрдісі. Осы үрдістерді іске асыруға арналған мекемелер жүйесі яғни, білім беру институттары болады.
Білім беру институттарына мыналар жатады :
мектепке дейінгі білім беру мекемелері (балабақша).
Одан кейін мектептер : бастауыш деңгей, негізгі мектеп және орта мектеп.
Орта мектепке : жалпы білім беру мектептері, лицейлер, қосымша білім беру мекемелері және арнайы мекемелер.
Орта білім беру мекемелеріне : училищелер, колледждер, ал жоғары оқу орындарына : институт яғни, тек бір мамандық бойынша ғана даярлау, одан кейін академия яғни, бір саланың түрлі мамандықтарын даярлау және университет яғни, бірнеше сала бойынша мамандықтар даярлайды.
Білім беру институттарының атқаратын қызметтері : әлеуметтендіру , тұлғаны дамыту, мәдениетті тарату, әлеуметтік мәртебе иелену, кәсіби-экономикалық яғни, бір сала бойынша мамандық беру, эгалитарлық яғни, теңестіру және отбасылық өмірге даярлау. Одан бөлек ізгілендіру, ақапараттық-зерттеушілік, әлеуметтік-саяси , қоғамды интеграциялау қызметтерін де білім беру институттарының қызметіне жатқызуға болады.
Қосымша;
Заман талабы отандық білім беру жүйесінің әлемдік білім үрдісіне интеграциялануын талап етеді. Мұның өзі тек біздің қалауымыз емес, ол бүгінгі күннің шындығы.
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасының» мазмұны білім беру жүйесінің ырғақты дамуын және әлемдегі жаһандану мен ақпараттану үрдісінің ерекшелігіне қабілетті болуы керек деген түсінікпен келесі негізгі бағыттарды көрсетті:
- оқуды 6 жастан басталатын әрі жоғары саты оқушыларын бейімді және кәсіпке бағытталған жүйеде оқытатын он екі жылдық жалпы орта білімге көшу;
- орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру жаңа деңгейін құру;
- академиялық кредиттер жүйесіне негізделген кәсіби кадрларды даярлаудың 3 сатылық жүйесін: бакалавриат-магистратура-докторантура (PhD) құру;
- білім беру сапасына бағалаудың ұлттық жүйесін құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет