«Әлеуметтік экология және тұРАҚты даму»


Тақырып -8 Адамның еңбек сферасы. Еңбек ортасының  элементі (материальді факторлар және



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.03.2017
өлшемі297,34 Kb.
#7212
1   2   3   4   5

Тақырып -8

Адамның еңбек сферасы. Еңбек ортасының  элементі (материальді факторлар және 

қоғамдық қатынас). Өмір ортасы мен еңбек ортасының қатынасы.

Адамның көптеген ұрпақтары табиғатпен тығыз қарым-қатынаста өмір сүріп, еңбек 

етті. Ғылым мен техниканың дамуы адамның шаруашылык және өндірістік іс-әрекеттерінің 

өрісін кеңейтіп, олардың өміршеңдігін ұзартты, космостық кеңістікті, дүниежүзілік мұхитты, 

полярлык аймақтарды, сусыз шөлді игеру мәселесі канатын кең жайды. Адамның іс-әрекеті 

мен   өміріндегі   осындай   жаңа   өріс   ортасындағы   қатаң   жағдайлар   организмнің   тұкым 

қуалайтын   және   өмір   бойында   ие   болған   касиеттеріне   сәйкес   келмей   калды.   Адам 

табиғаттың жаңа жағдайларында өзінің жалпы күйіне, көңіл күйіне,жұмыска кабілеттілігіне 

әсер   ететін   қоршаган   ортаның   ерекше   факторларын   басынан   кешіреді.   Осындай 

жағдайларда болу көбінесе косымша энергия жұмсауды кажет етеді. Осыған байланысты 

организм-нің коршаған ортаның жаца жағдайларына бейімделуін  зерттеу кажеттігі пайда 

болды.  Экологиялық физиология  осы заманғы адамның коршаған ортаның әртүрлі табиғи 

факторларына   (Қиыр   Солтүстік   пен   оңтүстік,   сусыз   шөл   және   биік   таулы   аймак 

жағдайларына)   бейімделуін   зерттейді.   Экологиялык   фи-зиологияның   екінші   бөлімі 

коршаған ортаның шапшаңдык, салмаксыздык, шу, дірілдеу, шайкалу, магнит өрісі, иондану 

туғызатын радиациялар сияқты ерекше факторларының адам организміне тигізетін әсерін 

зерттейді.   Мұндай   мәселелерді   зерттеу   кәсіптік   физиология   мен   осы   заманғы   өндіріс 

гигиенасы үшін кажет.



Жерсіндіру   жэне   адаптация.  Организмнің   қоршаған   ортаның   табиғи   және   ауа   райы 

жағдайларына   бейімделуі   жерсіндіру   деп   аталады.  Жерсіндіру   кезінде   адам   жаца 

жағдайларда өзін жақсы сезінеді. Адамның жаңа өндіріс (еңбек) пен тұрмыс жағдайларына 

бейімделуі адаптация деп аталады. Мұнда орындалатын еңбек операцияларының дәлдігі мен 

мөлшері   артады,   оның   өзі   организмде   өтіп   жаткан   процестердің   жақсырақ   реттелуіне 

байланысты болады.

Адамның әртүрлі жағдайларға бейімделуінің биологиялык мүмкіндіктері өте зор. Бүл кезде 

зат   алмасу,   нерв   процестері   психика   ішінара   кайта   күрылады,   кимыл   реакциялары 

өзгереді,т.с.с.   Организмнің   тіршілік   үшін   ерекше   жағдайларға   өте   жаксы   бейімделу 


042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 24 беті

мүмкіндіктерінде   организмнің   салмаксыздык,   яғни   жердің   тартылыс   күшінің   болмауына 

бейімделуі   мысал   бола   алады.   Кез   келген   жерде   мекендейтін   организм   мүшелер   жүйесі 

қүрылысының, аткаратын кызметінің, мінез-күлқының, кеңістікте бағдарлануының, қимыл 

белсенділігінің барлык ерек-шеліктері жердің тартылыс күшіне бейімделеді. Салмаксыздық 

жағдайындағы адам әдепкі кезде кеңістікті бағдарлай алмайды, бүл сезім мүшелерінің — 

тепе-теңдік,   көру,   сипап   сезу,   бүлшықет   сезімталдығының   калыптаскан   қызметінің 

бүзылуына байланысты болады. Сонда адам қүлап кеткендей немесе басымен төмен түсіп 

келе жатқандай сезінеді. Бұлар-мен катар космостағы организмнің каны да жердің тартылыс 

күші   әсерін   сезінбейді,   яғни   ол   да   салмақсыздық   күйінде   болады.  Осының   нәтижесінде 

айналып   жүрген   қан   мөлшері   кайта   бөлініп   таралады   —   ол   дененің   төменгі   бөлігінен 

жоғары   карай   шаігішиды;   ал   нерв   жүйесі   айналып   жүрген   канның   көлемі   мен   кысым 

өзгерісі туралы сигналды апатқа үшыраған жағдай ре-тінде қабылдайды. Сөйтіп, айналып 

жүрген   қан   көлемінің   азаюын  реттейтін   механизмдер   іске   қосылады.   Бүйрек   суды   көп 

мөлшерде  бөліп   шығарады.   Мүнымен   шөліркеу   сезімі   кемиді.Сүйек   пен   бүлшықеттер 

салмак   күшінен   айрылғандықтан,   космоста   қимыл   белсенділігі   жаңа   ерекшеліктерге   ие 

болады:   адам   кадамдап   жүрмей,   космос   кораблінде   қалықтап   жүзеді,   бүлшықеттердің 

жиырылуы, сондай-ақ қимылдардың үйле-еімділігі өзгереді.Егер космосқа үшпастан бүрын 

адам арнаулы жаттығудан өтпесе, онда бірнеше аптадан кейін жүрек-тамыр және бұлшыкет 

жүйелері жаттықпаған күйге түседі. Сондыктан космонавтардың бәрі де арнаулы жаттығу 

комплексінен өтеді.

Космоста   үзақ   ұшу   сапарларынан   жинақталған   тәжірибе   адамның   ұзак   уакыт 

салмақсыздықтың   әсеріне   канағаттанарлық   дәрежеде   адаптациялана   алатынын   көрсетті. 

Алайда космоста жұмыс істейтін адам организмі үшін тағы бір ауырсын — Жерге кайтадан 

оралу қажеттігі. Мұндайда адамның жеке мүшелері мен мүшелер жүйесі  жердің тартылыс 

күшінің әсеріне кайта калыптасуы тиіс. Орбитада болған адамдар  Жерге кайтып оралғаннан 

кейін едәуір киыншылықтарға тап болады. Сондықтан экологиялык физиология космоста 

ұшу жағдайларын күні бұрын біліп,  оларды қамтамасыз ету міндетін, яғни ұшу сапарында 

адам   организмі   тек   салмаксыздыкка   ғана   бірыңғай   бейімделіп   коймай,   сонымен   қатар 

жердің   тартылыс   күші   тигізетін   әсерге   дағдылы   бейімділікте   болуын   максат   тұтады. 

Осыған   байланысты   космос-ка   ұшатын   экипажды   таңдап   алып,   оларды   арнаулы 

дайындықтан   өткізуден,   олардың   денсаулык   күйін   бакылаудан   баска,   космонавтардың 

денсаулығы мен жұмысқа кабілеттілігін корғай-тын сақтық шаралары комплексінің: ұшкыш 

аппараттарды   жабдыктау,   космонавтардың   еңбек   және   тынығу   режимін   белгілеудің 

ұйымдастырылуына ерекше назар аударылады.

                                 ПАРИН ВАСИЛИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ

                                                                       (1903—1971)


042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 25 беті

Совет физиологы, академик, СССР меди-иина ғылым академиясынын вице-президенті. 

Оның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты канайналым физиологиясымен байланысты 

болды. Ол — терең ойлы зерттеуші, белгілі ғылыми ұйымдастырушы. В. В. Парин 

космостык биология мен медицинаның және» медицина кибернетикасының негізін салушы

Еңбек — адамга өзінің түтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл затгар жиынтыгын 

жасайтын адам орекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оньщ 

сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. 

Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дорежесі, оның 

дагдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше 

маңызды. Еңбектің олеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде 

адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, 

қоғамдағы олеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар 

ерекшелігіне байланысты. Адам 

экологиясы

 үшін еңбек әрекетіне талдау жасау және 

орқилы табигат және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрлерінің 

ерекшеліктерін білудің тұрғындардың өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені 

еңбек демалыс және түрмыспен катар адамның өмір сүруіндегі негізгі элемент болып 

есептеледі

Бірінші тізерлеп, етпетпен жүру, еңкейіп бой тасалай бұғып жүру, ауыспалы түрі жорғалау, 

өрмелеу, тырмысу. Екінші, біз қабылдап үйренген, еңбек ету, әрекеттену деген мағынаны 

береді. Әдетте жас сәбиге құмартып, құшып-сүйіп, қолға алғысы келген адамдарға «абайла, 

әлі еңбегі қатпаған» деп ескертіп жатады. Иә, «еңбегі қатпаған» өмірге енді келіп, жарық 

дүниеге, тіршілікке әлі қалыптаса қоймаған сәби туралы әңгіме. Өмірге құмартып, 

тіршіліктің дәмін алған нәресте енді біраздан соң еңбектей бастайды. Еңбектеу барысында 

бас сүйегі қатайып, адам санатына кіруге талпынады. Бәлкім, іңгәлап жарық дүниенің есігін 

ашқан сәбидің ең алғашқы еңбегі де осы еңбектеуден басталатынға ұқсайды. Тізерлеп, 

етпеттеп жүру, кейін бой тасалай, бұғып, жүру мағынасына ұласатын еңбектеу ұғымының 

антонимі - бой жазу. Жасыратыны жоқ, біз осы күнге дейін «адамды адам еткен еңбек» 

деген қағидатты ұстандық. Қағида дұрыс болғанымен, түбі шикі еді, бұл қағидатты 

тудырған Чарльз Дарвин одан Маркстік-Лениндік философия бойынша адамның арғы тегі 

маймыл, оны адамға айналдырған еңбек делінед

Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің 

еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. 

К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек 

тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы 

тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.

К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге 

және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам 

қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-

ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге 

тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға 

тәрбиелеуді ұсынды.

Тақырып -9

Экологиялық кризис. Экологиялық кризис  себептері және  оның алдын алу 

мүмкіндіктері.

Экологиялық кризис. Экологиялық кризис  себептері және  оның алдын алу мүмкіндіктері.

Табиғи және антроногендік әсерлердің ерекшеліктері әркеткілікті. Антроногендік әсердің 

шектеуші  көрсеткіш бодын  Экологиялық шектеулі   рауалы жүктсмс  саналады (ЭШРЖ), 

былайша айтқанда, бұл экожүйснің түрақтылығы шегінсн  аспайтын адамның шаруашылық 


042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 26 беті

қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйснің түрақтылыгының бұзылуына және ыдырауына 

апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфсраның 

шаруашылық   сыйымдылығы   шегінен   асып   кеткенде   ғана   қауіпті   ахуал,   экологиялық 

дағдарыс   басталып,   ол   бүкіл   биосфераның   азуына,   қоршаған   ортанның   адамның 

денсаулығы мен оның шаруашылығының  тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай 

болып өзгеруіне апарып соғады. К,азіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп 

пайымдауга   барлық   негіз   бар,   ягни   жергілікті   экологиялық   шекгеулі   жүктемелердің 

жиынтыгы   ғаламдык   экологиялық   шектеулі   жүкметелерден   асып   кетті.Табиғи 

факторлардың әссрінсн биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте   бастапқы 

жағдайынана   оралып   отырады.   Мысалы,   ауа   мен   топырақтың   тсмпературасының, 

қысымының, ылгалдығының  өзгеруі кейбір тұрақты орташа шама шегінде өтеді. Не болса 

да дағдыдағыдай табиғи процестердің әсерінен  аумақгы экожүйелер баяу түрде  өзгереді.. 

Себебі қоршаған ортаныөзгертетін  сыртқы әсеррді жоюға багытталган экожүйенің өзіне тән 

түрақтылық   кабілеті   бар.   Ғаламдық   экожүйс   қоршаған   ортанын   тұрақтылығын 

антропогендік   бере   алатын   жағдайға   дейін,   яғни   тұрақтылық   шыкпағанға   дсйін   сақтай 

алады. Биота мен қоршаған   орта өздерінің тұрақтылығын жылдар бойы өзгеріссіз сақтап 

отырды.


Ғаламдық. аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялык мәселелер 

кешені.  Зор геосаяси  проблеманың  экологиялық  кауіптілігінің    мынадай  көріністері  бар: 

табиғи экожүйенін бүлінуі, озон кабатының     жүқаруы,     атмосфераның,      дүниежүзілік 

мұхиттың ластануы, т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысында БҰҰ-ның Басқаруымен 

иеленушілігі   мүмкін.   Экологиялық   проблемалардың   ғаламдық   оны   шешу   үшін   барлық 

елдердің   жігерін   айқын   жұмылдыру  қажеттігін       тудырып       отыр;       қарудың       барлық 

түрлерін       азайтпай  экологиялық   дағдарыстан  арылудың  мүмкін   еместігі;    биосфераның 

жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс емес,  жай соғысты –жүргізудің мәнсіздігі; 

қазіргі өркениеттің технологиялык күрылымын радикалдық қайта кұру, өмір негізі болатын 

табиғатпен   өзара   іс-әрекеттің   жаңа   сапалы   әдістері   мен   кұралдарын   жасау;     қоршаған 

ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және 

оларға төтенше өкілетгік беру.

Еліміздің  экологиялық ахуалын шешу үшін ғылыми жетістіктерін  қолданумен  бірге 

өркениетті   елдердегі   экологиялық   білім   беру   жүйесіндегі   жаңалықтардың,   жаңа 

технологиялық   бағдарламалардың   тиімді   жақтарын   пайдалану   қажет.

Қазіргі заманда негізгі ғаламдық экологиялық мәселелерге мыналар жатады:

-

климаттың өзгеруі;



-

тұщы судың тапшылығы және оның ластануы;

-

озон қабатының тозуы;



-

жылулық эффект;

-

қышқыл жауын-шашындар;



-

биологиялық алуантүрліліктің азаюы.

Осы мәселелердің кешені еліміздің және планетамыздың экологиясына өз нұқсанын 

келтіреді. Қазақстанның экологиялық мәселелері келесі:

-

Су ресурстарын тиімсіз пайдалану және ластау;



-

Арал мен Каспий теңіздерінің, Балхаш көлінің мәселелері;

-

Ауаның ластануы;



-

Қазба байлықтарды рационалды емес пайдалану;

-

Жер ресурстарының мәселері;



-

Семей   ядролық   сынақ   полигоны   мен   Байқоңыр   космодромының   әрекеттерінің 

салдары;

-

Флора мен фаунаның тозуы.



Бүгінгі таңда осындай экологиялық жағдайға душар болып отырмыз. Халық аралық 

тәжірибеге   сүйене   отырып   еліміздің   экологиялық   қауіпсіздігін   қамтамасыз   ету   үшін 



042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 27 беті

Қазақстан   Республикасының   экологиялық   заңнамасы   және   қоршаған   ортаны   қорғауға 

арналған әрекет етудің Ұлттық жоспары бағытталған. Экологиялық приориттерді сақтамай 

Қазақстанның алға басуы, және дамуы мүмкін емес.



Тақырып -10

Адамның қазіргі және  өткен өмір  сүру ортасы қатынасына  көзқарас қоғамдық 

компонент қатынасына  және  адам өмір  сүру табиғи компоненттеріне  қоғамның 

қатынасы арасындағы биалектикалық байланыс бірлігі.

Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ 

адам   баласының   үстемділігі   ақыл-ойының   жүйріктігі   оны   табиғаттың   басқа   тірі 

организмдерінен   әлде   қайда   жоғары   дәрежеде   көтерді.   Үстіне   аң   терісін,   өсімдіктердің 

жапырағы  мен қабығын жамылып күнелткен  алғашқы  адамдардың өзіде  керекті  қажетін 

биосферадан   алып   отырған,   От   жағуды   білмегеннің   өзінде   адам   баласы   жабайы 

жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей 

жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам 

басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой 

ғасырлар   өткен   сайын   үлкен   эволюциялық   даму   кезеңдерінен   өтіп   жоғары   мәдениет 

сатысына көтеріле берді.

Адам   —   ардақты   ат,   оны   қазақ   халқы   ежелден   құрмет   тұтып,   басқа   тіршілік   иелерінен 

ерекше   «кім»   деп   сұрады.   Адамға   тән   қасиеттерді   жануарларға   ешқашан   теліген   емес. 

Алайда   адамның   жоғары   сатыдағы   омыртңалы   жануарларға,   оның   ішінде   сүтқоректі 

жануарларға өте ұқсас екені сырттай қарағанда бірден көзге түседі. Сүтқоректілер сияқты, 

адам-ның   да   денесі   бар.   Ол   тұлғаға   және   аяқ-қолдарға   бөлінеді.   Адамның   денесін   тері 

жапқан. Теріде сирек (сақал-мұрт, шаш-тан басқа), қысқа түктер өседі. Мысалы, жануартану 

пәнінен  оқыған сүтқоректі  жануарлардың:  ит,  қоян, қой,  жылқы  және  т. б.  денесін  еске 

түсіріп көріңдер.  Сондай-ақ адам денесінің жамылғы тері астында тер және май бездері 

болады. Ңұлақ қалқаны, тұяққа ұқсас тырнағының болуы және адам ұры-ғының анасының 

жатырында   дамуы,   жас   нәрестені   сүтімен   асырауы   —   адамның   сүтқоректілер   класына 

жататындығының  айғағы.   Адам  мен  сүтқоректі   жануарлардың  ұқсастығын  олардың  ішкі 

мүшелерін салыстыру арқылы дәлелдеуге бо-лады. Адам мен жануарлардың кеуде қуысын 

құрсақ   қуысы-нан   көкет   бөліп   тұрады.  Кеуде   қуысында  жүрек,   ірі  қан  тамырлары  және 

тынысалу мүшелері — кеңірдек пен өкпе орналасады. Кеңірдектің астыңғы жағында өңеш 

бар, ол көкет-тен өтіп, құрсаққа ұласады. Адамның құрсақ бөлімінде қарын, ұлтабар, аш 

ішек  және тоқ ішек,  бауыр  және  (оның иілген  жерінде  ұйқыбез бен көкбауыр)  омыртқа 

жотасының екі жа-ғында қантамырлары және бұршақ пішінді екі бүйрек бо-лады. Бүйректен 

шыңқан жіңішке түтікшелер — несепағарлар құрсақ қуысының төменгі жағындағы қуықпен 

жалғасады. Дененің бөліктері, құрылысы және мүшелер мен мүшелер жүйесі. Адамның 

денесі екі бөліктен — кеуде және құрсақтан тұрады. Кеуде қуысында тынысалу мен қан 

айналымының ортақ мүшелері (өкпе, жүрек) орналасқан, ал құрсақ бөлі-гінде — асқорыту, 

зәршығару,   көбею   мүшелері   бар.   Бұлар-дан   басқа   адам   ағзасында   әр   түрлі   қызмет 

атқаратын: көз, құлақ, ауыз, бауыр, көкбауыр және т. б. мүшелер болады.

Адамның   денесіндегі   әрбір   мүше   белгілі   бір   қызмет   атқарады.   Бір   мүше   денені 

зақымданудан сақтаса, екінші біреуі оны қимылға келтіреді, келесі біреуінде ас қорытылып, 

ағ-заны   құрайтын   қажетті   затқа   айналады,   төртіншісі   бүкіл   денеге   қанды,   онымен   бірге 

қоректік   заттарды   жеткізеді.   Де-ненің   сыртын   қаптайтын   тері,   сондай-ақ   көптеген 

мүшелерді, мысалы, ауыздың, кеңсіріктің (мұрын), асқорыту, тынысалу.

Адамның көптеген үрпақтары табигатпен тыгыз карым-катынаста өмір сүріп, еңбек етті. 

Ғылым мен техниканың дамуы адамныц шаруашылык және өндірістік іс-әрекеттерінің 

өрісін кеңейтіп, олардыц өміршеңдігін ұзартты, космостық кецістікті, дүниежүзілік мұхитты, 

полярлык аймак-тарды, сусыз шөлді игеру мәселесі канатын кең жайды. Адамның іс-әрекеті 

мен өміріндегі осындай жаңа өріс ортасындағы катац жагдайлар организмнің тұкым 



042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 28 беті

куалайтын және өмір бойында ие болған касиеттеріне сәйкес келмей калды. Адам 

табиғаттың жаца жағдайларында өзініц жалпы күйіне, көціл күйіне,жүмыска кабілеттілігіне 

әсер ететін қоршаган ортаныц ерекше факторларын басынан кешіреді. Осындай 

жағдайларда болу көбінесе косымша энергия жұмсауды кажет етеді. Осыған байланысты 

организм-нің коршаған ортаның жаца жағдайларына бейімделуін зерттеу кажеттігі пайда 

болды. Экологиялық физиология осы заманғы адамныц коршаған ортаның әртүрлі табиғи 

факторларына (Қиыр Солтүстік пен оңтүстік, сусыз шөл және биік таулы аймак 

жағдайларына) бейімделуін зерттейді. Экологиялык фи-зиологияның екінші бөлімі 

коршаған ортаның шапшаңдык, сал-максыздык, шу, дірілдеу, шайкалу, магнит өрісі, 

иондану туғызатын радиациялар сияқты ерекше факторларының адам организміне тигізетін 

әсерін зерттейді



Қоғамдық  компонент қатынасына  және  адам өмір  сүру табиғи компоненттеріне 

қоғамның қатынасы арасындағы биалектикалық байланыс бірлігі.

  Адам ең алдымен биоллгиялық жан, сондықтан оның қалыптасуының алғышарттары  да 

биологиялық алғы шарттарболып саналады. Адам, адамның ақыл –парасаты мен қоғам –

Жердің және биосфераның табиғи дамуының шыңы, яғни адам –табиғаттың дердің перзенті.

Адам- Қоғам- Табиғат бір –бірімен өте тығыз байланысқан,. Үшеуін, үш бөлек қарастыру 

мүмкін   емес.   Адамның   еңбекетуі,   ойлауы,   сөйлеуі,   қоғамдық   өмір   жағдайында   ғана 

қалыптасады.   Туғаннан   бастап   қоғам   өмірінен   тыс   қылған   адамда   бұл   қасиеттер 

қалыптасады.   Бұрын   естімеген   тағы   бір   мәселе   ол   адам   денсаулығының   экологиясы. 

Ауаның, судың, топырақтың ластануы адам ауруларының өсуіне және түрлердің өзгеруіне 

әкеп соғады. (аллергия, сәуле және улану ауруларының жаңа түрлері шықты. Организмде 

генетикалық ауытқулар пайда болды. Ірі өнеркәсіп орталықтарында тыныс алу мүшелерінің 

аурулары   көбейді.   Жүрек-   қан   тамырлары   аурулуры   мен   жүйке   психикалық   аурулар   да 

жиілеп кетті. Аурулардың шамамен 85 пайызы судан болады. –дейді дәрігерлер. Ауруларды 

тудыратын   ең   алдымен   ауыр   металдарды   түрліше   улы   қоспалары   бар   және   зиянды 

органикалық қоспалар мен бактериялар бар сапасы төмен ауыз сулар.

Суда  неғұрлым тұздар  көп болса, соғұрлым: атеросклероз,  инсульт,  инфаркт  деген  және 

басқа аурулар туғызады екен. Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек ауыз судың 80 пайызы ғана 

жуығы адам денсаулығы үшін қауіпті екен.

Адамның   табиғат   пен   қарым-қатынасқа   түсуі   «күтпеген»   уақиғаны   тудырады.   Адам 

қоршаған   ортаны   бұза   бастайды,яғни   экологиялық   проблемеларды   уақытында   байқамай 

және   мән   бермей   шиеленістіріп   асқындырып   алуда.   Міне   сондықтан   да   қазіргі   заманда 

экологиялық   проблемалар   бүкіл   дүние   жүзін   мәні   бар   бірінші   кезектегі   проблемелерға 

айналды.   Бұл   проблемены   енді   жөндеуге   келмейтін   шиеленіс   деңгейіне   жеткізбей   дер 

кезінде шешу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет. 

Қоғам бірігіп еңбек ететін жеке адамның жиынтығы және олардың арсындағы екі жақта 

қатынасты айтамыз.

Қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды ол сол жеке адамның өзара қатынасын көрсетеді. 

Жеке   адам-қоғамға   ұжым   арқылы   енеді.   Демек   қоғам   ұжымдарының   ұжымы,бірлігі. 

Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, ұлтқа бөлінеді. 

                                  Қоғам

 Саяси аясы                                Мәдени аясы

Саяси аясы-мемлекетті басқару органдарын қамту. 

Мәдени аясы- қоғамдық сана, мәдени, рухани байлығымыз

Қоғамның негізгі қызметі 

1.әлеуметтік ,техникалық

2. Еңбек


3Қоғамның мүшелерін материалдық қызметпен қамтамасыз ету.

4. Қоғамның рухани жалғасынан қамтамасыз ету.

Жалпы қоғам екіге бөлінеді:


042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 29 беті

1 Ашық қоғам

2. Жабық қоғам

Ашық қоғам- сыртқы ортадығы сыншыл рухжайлаған, үнемі өзгеріп, жаңарып отыратын, 

демократиялық қоғам. Ашық қоғамға адам еркіндігі, жариялылық әділ сайлаулар, дүниені 

рационалды көру, сыншылдық және индивидуализмге тән. 

Жабық   қоғам-   дамудың   жоғарырақ   сатысында   тұратын   өзге   қоғамдармен     қатынасы 

мейлінше   шектеулі,   догматикалық   идеялар   ұстанған,   авторлық   қоғам.   Қорыта   келгенде 

қоғам дегеніміз- материалдық дүниенің бір бөлшегі ретінде адамдардың табиғатпен және 

бір –бірімен өзара байланыста бола отырып, бірлесі формасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет