Әлеуметтік-Гуманитарлық- факультеті



бет47/138
Дата31.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#22148
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   138
Тест тапсырмалары


  1. Хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар, арыздар қандай құжаттарға жатады?

А) анықтамалық-ақпараттық

В) басқару

С) құрылтай

D) қосымша

Е) негізгі


  1. Есім сөзден жасалған сын есімді табыңыз.

А) қатты

В) дәмді


С) тұщы

D) ашық


Е) жабық
3. Етістіктен жасалған сын есімді табыңыз.

А) ашық


В) сенімді

С) тұрақты

D) қызық

Е) ащы
4. Хабарлама хат өзінің стилі бойынша қандай хаттарға ұқсас?

А) бастама хаттарға

В) жауап хаттарға

С) шақыру хаттарға

D) құттықтау хаттарға

Е) сауал хаттарға
5. Заттың сынын, сипатын, түсін, белгісін, салмағын, дәмін, көлемін білдіретін сөздер

А) зат есімдер

В) сын есімдер

С) есімдіктер

D) үстеулер

Е) сан есімдер


9 сабақ

Актілер


(Акты)
Акт – фактіні, оқиғаны, іс-әрекетті растайтын құжат. Актіні жасауға бірнеше тұлғалар қатысады. Құжаттың бұл түрі әр түрлі жағдайда жасалады және алуан түрлі болады: түгендеу актісі, келісім-шарт бойынша жұмыстарды қабылдау актісі, құжаттарды қабылдау-өткізу актісі, материалдарды есептен шығару актісі, коммерциялық акті, істі жою актісі, материалдық құндылықтарды жою актісі және т.б. Бухгалтерияның қызметкерлері актінің алуан түрін жасайды.

Актіні тұрақты жұмыс істейтін немесе басқару құжатымен басшының нұсқауы бойынша тағайындалған комиссия жасайды. Бухгалтерия қызметкерлері көптеген комиссияларға кіреді, мысалы, түгендеу комиссиясы, есептен шығару, қабылдау, мүлікті өткізу комиссиялары.

Нормативтік құжаттармен белгіленген түрі болмаса, актілер бірыңғай схема бойынша жасалады. Комиссияның мүшелері актіде көрсетілетін мәселелердің мәнін және осы мәселені реттейтін негізгі заңнамалық, нормативтік құжаттарды зерделейді.

Актіде құжатқа қол қоятын тұлғалар белгілеген фактілер ғана көрсетіледі. Актінің жасалған күні мен орны актіленетін оқиғаның күні мен орнына сай болуы тиіс. Актіде «Мәтінге тақырып» деректемесі болуы мүмкін. Мысалы, «Жіберілген тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу туралы акті», «Құжаттарды қабылдау-түгендеу актісі» және т.б.

Актінің мәтіні кіріспе және негізгі бөліктен тұрады. Кіріспе бөлікте оны жасаудың негіздемесі көрсетіледі. Бұл фактіге, оқиғаға, іс-әрекетке сілтеме болуы мүмкін. Актінің бұл бөлігінде жаңа жолдан басталатын «негіздеме» деген сөз болуы тиіс. «Негіздеме» деген сөзден кейін қос нүкте қойылады және басқару құжатының атау септігіндегі аты, оның күні, нөмірі және тақырыбы жазылады.

Содан кейін комиссияның құрамы көрсетіледі: төрағаның аты-жөні, комиссия мүшелерінің аты-жөні алфавиттік тәртіппен көрсетіледі. Қажеттігіне қарай, қатысушылардың да аты-жөні жазылады.

Актінің негізгі бөлігінде актіні құрастырушылар жасаған жұмыстардың мәні, мақсаты, міндеттері және оның нәтижелері көрсетіледі. Акт нәтижелері кесте түрінде де жасалады. Нәтижелерді бағалаудан кейін тұжырымдар жасалады және ұсыныстар беріледі. Акт фактілерді нақтылаумен де бітуі мүмкін.

Актіге комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қояды, бұл ретте аты-жөннің алдында лауазымы көрсетілмейді.

Бірқатар актілер үшін (материалдық, қаржылық және басқа маңызды мәселелер бойынша) кәсіпорын басшысының бекітуі, мөр соғуы міндетті болады, олар содан кейін ғана заңдық күшіне ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет