1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық неден басталады? Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта қандай сөздер болуы тиіс? Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық неше қызметкерге жасалуы мүмкін? Бірден бірнеше қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар қандай тармақтардан тұрады? Бұйрықта қандай белгілер көрсетіледі? Бұйрықтың жобасына бұрыштаманы кімдер қояды? Бұйрыққа кім қол қояды? Егер жұмысқа мамандар мен басшылар қабылданатын болса, онда кімнің нұсқауы беріледі? Бұл нұсқау нені қамтамасыз ету үшін беріледі? Бұйрықтардың көшірмесі не үшін хабарландыру тақтасына ілінеді?