Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті


Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту әдістері



бет3/6
Дата10.03.2023
өлшемі46,27 Kb.
#73181
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
леуметтік-гуманитарлы ылымдар факультеті

2.3Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту әдістері. Дидактикада «оқыту» түсінігінің анықтамасы түрліше қарастырылған. Олардың бірі оқытуды оқушылардың танымдық әрекетіне басшылық жасау деп көрсетілсе, екіншісі былайша беріледі, оқыту – мақсатты түрдегі мұғалімнің арнайы түрдегі білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру негізіндегі тұлғаның дамуына бағытталған процесс. Келесі пікірде, оқыту – білім беру мен тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаны дамытуға бағытталған, мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен әрекет деп беріледі. Берілген анықтамалардың барлығында оқытудың мәні мен мазмұны туралы айтылған. Оқыту оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастырудағы мұғалім әрекеті болса, екінші жағынан оқу материалы бойынша берілген ақпараттарды қабылдаудағы, оны қайта өңдеудегі, білім, іскерлік, дағдыны қалыптастырудағы оқушы әрекеті болып табылатын екі жақты процесс. Осылайша, оқытудың мазмұнын субъект ретінде мұғалімнің әрекеті, біртұтас педагогикалық процестің объектісі ретінде оқушының қарым-қатынасы құрайды. Арнаулы білім беру процесіндегі оқыту ерекшеліктеріне оқытудың мақсатты түрде құрылуы, оқытудың екі жақтылығы, оқытудағы қарама-қайшылықтар, оқытудың жүйелілігі, оқытудың біртұтастығы, оқытудың коррекциялық бағыттар жатады. Процесінің аталған ерекшеліктерін есепке оқытудың динамикасы мен қорытындысын қамтамасыз етеміз. Арнаулы білім беру жүйесіндегі оқытудың негізгі міндеттері:білім, практикалық іскерлік пен дағдыны, дүниетанымдық көзқарасты кеңейтудегі оқушылардың әрекеттерін ұйымдастыру,оқушылардың қабілетін, танымдық әрекеттерін қалыптастыру,оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше жұмыс жасау қабілеттеріне ынталандыру. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру,ғылыми дүниетанымдық көзқарастардың негізін құру,әлеуметтік ортада бейімделуіне қажетті жағдай жасау. Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқу процесі барысындағы танымдық және практикалық міндеттер арасындағы қарама-қайшылықтар болып табылады. Қарама-қайшылықтар ішкі және сыртқы түрге бөлінеді. Сыртқы қарама- қайшылықтардың түрлеріне оқытудың міндеттері мен шешудегі шынайы қалыптасқан жағдайлар, оларды орындау жатады. Қарама-қайшылықтарға тұлғаның білімді деген ынта-жігері оған жетудегі қабілеті арасындағы қарама-қайшылықтар жатады. Арнайы білім беру процесінде аталған қарама-қайшылықтар бала психикасындағы жетіспеушіліктердің әсерінен күшейіп отырады. Кезкелген қарама-қайшылық оқушының танымдық міндеттерді шешуде белсенді әрекетке түсуі арқылы шешіледі. Оқыту процесінің құрылымдары оқытудың мақсаты, оқытудың міндеттері, оқу материалының мазмұны, оқытудың әдістері, оқытудың құралдары, оқытуды ұйымдастыру формалары, оқытудың қорытындысы өзара байланыса отырып, күрделі динамикалық жүйені құрайды. Оқыту процесінің құрылымын басқаша интерпретацияласақ, оқыту процесінің құрылымы мақсатты түрдегі қажеттілік, мотивация, мазмұнды әрекет, эмоциялық-ерік, бақылау және реттілік, бағалау, қорытындылау компоненттерінен тұрады. Көптеген педагогтардың пікірінше, оқыту процесі біртұтас жүйе ретінде оқытудың мақсатын, оқытудағы жаңа ақпараттарды, мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық қарым-қатынас құралдарын, оқытудың құралдарын, оқытудың формаларынан құрылады.Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері мұғалімнің басшылығымен ұйымдастыру идеясын негізге алады. Оқытудың функциялары – кезкелген объектінің ішкі қасиеттеріне қарай анықталатын Коррекциялық процесінің функциялары төртке бөлінді: дамытушылық, білім берушілік, тәрбиелік түзетушілік. Дамытушылық функция оқыту процесіндегі тұлғаның дамуына болжам жасайды. Оқыту мен дамытудың арасындағы өзара қарым-қатынастарды анықтау мәселесі бойынша педагогтар мен психологтардың кейбіреулері (Ж.Пиаже) дамыту оқытуды жетелейді десе, ал Л.С.Выготский оқыту дамытуды деген түрлі көзқарас білдіреді. Л.С.Выготский оқытуда даму деңгейінің аймағын ұсынады. Оның бірі есте сақтау, елестету негізіндегі «актуальды аймағы» болса, екіншісі оқушыда қалыптасқан потенциалды даму анықтаушы белгілер. Зерттеушінің пікірінше, «жақын даму аймағы» «актуальды даму айналады да, мұғалімге оқушының потенциалдық мүмкіндігін есепке алып, «жақын даму аймағын» анықтау міндеті жүктеледі. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов дамыта оқыту тұжырымдамасы негізінде дамыта оқыту тұжырымдамасын ұсынады. Оқытудың білімдік функциясы практикалық іскерлік пен дағдыны, ақпараттық қалыптастырудағы ғылыми білім. Білім ғылыми түсініктермен, теориялармен, заңдылықтармен қоршаған дүниені танудың қорытындысы. Іскерлік игерілген білім негізіндегі әрекет. Іскерліктің жалпы түрдегі қабылданған түрлері: ауызша және жазбаша сөйлеуді игеру, оқулықпен жұмыс, конспект құру, мәнжазба құру болса, арнайы іскерліктердің түрлері: нақты пән бойынша компьютермен жұмыс жасау. Дағды – жеке автоматты түрге айналған әрекет. Білім, іскерлік дағды бір-бірімен диалектикалық тәуелділік жағдайында бола отырып, тығыз байланысады. Мысалы, кітаппен жұмыс жасау іскерлігі барысында жаңа білім қалыптасады. Оқытудың тәрбиелік функциясы оқушылардың жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталған. Оларды адамгершілік, эстетикалық, мәдени, ақыл-ой, отбасылық қатынастарға байланысты анықтаймыз.
Тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың факторлары: білім берудің мазмұны гуманитарлық циклдегі пәндер: әдебиет, музыка, тарих бойынша пәндердің мазмұнына тәрбиелілік міндеттерді орындайды; қосымша дидактикалық жаратылыстану-математикалық циклдегі пәндер: физика, математика, химия тәрбиелеуді компенсациялауға жағдай жасайды; оқыту процесін ұйымдастыру сабақтың құрылысын, мұғалім мен оқушының әрекетін құрудағы реттіліктің сақталуын қадағалайды,оқытудың әдістерін, тәсілдерін, құралдарын рационалды түрде қолдану оқушылардың танымдық әрекетін, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, инициативасын, жеке көзқарасын білдіру қабілетін арттыруға бағыттайды,ұжымдағы психологиялық ахуал қарым-қатынас стилінің демократиялы түрдегі құрылуына негізделеді,оқушыларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету және қолдау,педагог тұлғасының тұлғалық және кәсіби-сапалық қасиеттерге байланысты айқындалуы. Оқыту ерекшеліктерін анықтауда мұғалім-дефектолог, логопед, арнайы психолог кәсіби құзыіреттілікті, жеке тұлғалық қасиеттерді игерген, мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасаудағы қарым-қатынас формаларын сақтайтын маман болуы тиіс. Оқыту процесінің коррекциялық бағыты арнайы әдіс-тәсілдердің көмегімен оқушылардың танымдық қабілеттерін компенсациялау барысында арттырудың мүмкіндіктерін қарастырады. Осы бағытта мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу әрекетін игерудегі қиындықтар мына себептермен түсіндіріледі,кемшіліктің сандық құрылымы кемшіліктің жағын бейнелейді,танымдық әрекеттің әлсіздігі игерген қабылдау, оны қайта есте сақтауға кедергі келтіреді,сөйлеу тіліндегі ккемшілікте,әлеуметтік бейімделудің киындығы. Оқыту әдісі өз алдына бар, біртұтас құрылымдық жүйеден тұратын педагогикалық көмек тәсілі. Әдістемелік тәсіл бұл нақты оқушының жауабын қажет ететін мұғалімнің қарапайым оқыту әдістемесі.Оқытудың мазмұны әдісін анықтаушы педагогикалық технология. «Әдістемелік» «әдіснамалық» түсініктер мағынасына ажыратып алуымыз керек.Әдіснама нақты негізіндегі қағидаларды ұстанатын философиялық категория. Оқытудың позициядан қарастыруда бірнеше классификация белгіленген. Арнайы педагогика Ю.К.Бабанскийдің ұсынған оқытудың біртұтастығын есепке классификациясын қарастырамыз. Аталған классификация топқа бөлінеді,бірінші топ – оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру әдісі. Бірінші топтағы әдістер былайша бөлінеді. Сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (оқу материалын қабылдауына қарай),индуктивті және дедуктивті (интеллектуалды әрекет),репродуктивті және зерттеушілік-ізденіс (ойлаудың дамуы),мұғалімнің көмегімен оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауы, екінші топ – ынталандыру және бақылау әдісі, үшінші топ бақылау және өзін-өзі бақылау. B.А.Онищук ұсынған әдістердің классификациясында мұғалім мен окушы әрекетінің түрлері беріледі. – коммуникативтік; танымдық; жүйелілік; бақылау.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық әрекетінің баяулығына (ойлау мен сөйлеудің, сенсорлық-перцептивтік әрекеттің, зейіннің баяулығы) байланысты аталған әдістердің классификациясы толығымен пайдаланылмайды.Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу-бұл баланың жалпы дамуы үшін, жолдастарымен және үлкендермен тұлға қалыптасуы үшін маңызды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптерімен анықталып, оны қолданудың ерекшелігі кемшіліктің деңгейіне сәйкес белгіленеді.Дамуында ақауы бар баланың тәрбиесі ерекшелігін, жеке қасиеттерін есепке алып, өз-өзіне қызмет ету дағдысын, тәртібін, өмір дайындығын қалыптастыру барысында орындалады. Мүмкіндігі шектеулі баланың тәрбиесі бала бойындағы психикалық дене кемшілікке қоршаған ортаның деликатты қарым-қатынасын керек етеді. Бала бойында оптимизм мен сенімділік, қиындықты жеңудегі қабілеттілік, жағымды сапалық қасиеттерге көңіл бөлу, өз әрекетіне көзқарас көрсетуде маңызды. Оқыту процесін ұйымдастыру, оның мақсаты, принциптері арнайы мекеменің типіне сәйкес кемшіліктің мінездемесі мен күрделілігіне қарай жүзеге асады. Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуы бала дамуына қарағанда оқытумен байланысты қалыптасады. Сондықтан оқытудың уақытында басталмауы немесе болмауы осы бала дамуын тоқтатып, психикалық функциялардың қалыптасуына кедергі жасайды. Көптеген балалардың мектептегі әрекетіне дайындығы төмен, оқуға қызығушылықтары тұрақсыз болады. Бұл жағдайлар процесінде оқуға қызығушылықты арттыратын, танымдық қабілетті, ойлау қабілетін қалыптастыратын тапсырмаларды орындауға бағытталған түрлі әдістерді қолданудың қажеттігін ескертеді. Ойын арқылы оқыту әдістері жоғары сыныптарда көрініс табады, өтілгенді қорытындылау қолданылады. Оқу процесінде оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық әдістері кеңінен қолданылады. Мысалы,уақытта ауқымды материалдарды игере алмайды, сондықтан ол тақырыпты бөлімдерге бөлу керек. Сөздік формада түсіндірілген материал көрнекілік, практикалық әрекетпен бекітілмесе, окушылар материалды еске сақтамайды. Сөздік және көрнекілік арасындағы байланыстарды оқушылар игере алмаса, әдістемелік тәсілдерді қолданудың қажеттігі Мысалы, өтілген жаңа әріпті оқушылардың сақтауы үшін әріптерді бастыру, ол әріптерді сымнан немесе қағаздан қию, бояу сияқты тәсілдерді қолданады. Түрлі әдістердің байланысуы оқу пәнінің мазмұнына, дидактикалық міндеттерге, оқушылардың дайындығына ғана сынып оқушыларының құрамына да байланысты анықталады. Сынып оқушылары құрамының түрлі болуы білімінің талапқа сай болуы үшін әдістердің өзара байланысын талап етеді. Оқу материалының түріне, ерекшелігіне қарай нақты сабаққа қажетті әдістер қолданылады. Олар ақпаратты игерту тәсіліне қарай келесі түрде қарастырылады. Көрнекілік әдістер бақылау және әдістерінен тұрады. Бақылау педагогтың жоспарлауымен арнайы мақсатқа бағытталған объектіні немесе құбылысты қабылдау. Бақылау қысқа уақытқа ұзақ уақытқа созылған, тұрақты немесе түрге жүргізіледі. Демонстрация – затты, құбылысты немесе әрекетті көрсету. Оларды көрнекі заттық құралдар (шынайы немесе көшірме заттар), көрнекі образды құрал (иллюстрация, слайд, фильмдер), шартты-символды белгілер (формулалар, символдар, сызбалар) түрінде қолданады. Сөздік әдістер оқу ақпаратынан тұратын педагогтың монологты сөйлеуін бейнелейтін баяндау әдісі. Мұғалім оқушының диалогынан тұратын әңгіме әдісі. Белгілі себептерді, байланыстарды, қатынастарды қабылдау, олар туралы комментарий жасаудағы түсіндіру әдісі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ақпаратты қабылдау қайта өңдеу қабілеттері төмен болғандықтан сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің түзетуде сөздік әдістерді көрнекілік және практикалық әдістермен сәйкес қолданылуы қажет. Мұғалімнің сөзі оқушыларға білімді жеткізу құралы болып табылады. Арнайы педагогтың сөзі анық, таза, шынайы, сөйлеу мәдениеті болуы керек. Арнайы білім беруде мұғалімнің сөзінен басқа есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуда сөйлеудің басқа түрлері (дактиль тілі сөйлеу) қолданылады. Дактиль тілі қимылының көмегімен әліппені игертумен ерекшеленеді. Соқырсаңырау оқытуда баланың қолы қолына беттестіріліп ыммен қарым-қатынас жасау жүйесі қарым-қатынастың ерекше түрімен ерекшеленеді. Ол ауыз екі сөйлеу және калькуляцияланған түрге бөлінеді. Ыммен сөйлеудің қолданылу аясы ресми емес жеке тұлғалық қарым-қатынас болып табылады. Практикалық әдістер: - жаттығу (ауызша және жазбаша),өнімді әрекет,тәжірибелік-экспериментті әрекет,бағдарламалап оқытудың элементтері. Көрнекілік және практикалық әдістер арнайы білім беру барысында кеңінен қолданылады. Аталған әдістердің түрлері сенсорлық қабілеті бұзылған балалар үшін маңызды. Соңғы жылдары оқу және ғылыми педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» «коррекциялық технология» деген ұғымдар кеңінен қолданылады. Кейбір зерттеулерде әдіс және технология ұғымдары сәйкестендіріледі, керісінше басқа ғалымдар оның айырмашылығын көрсетеді. Біздің ойымызша «технология» ұғымының мәні кеңірек. Дәлелдеп айтсақ арнайы педагогикадағы әдіс дегеніміз баланың кемшіліктерін түзетуге, әлеуметтік тәжірибесін кеңейтуге яғни әлеуметтенуіне бағытталған мүмкіндігі шектеулі бала мен арнайы педагогтың біріккен іс-әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет