Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті


Инклюзивті білім беруде педагогтарды қолдау және коррекциялық технологиялық әдіс



бет4/6
Дата10.03.2023
өлшемі46,27 Kb.
#73181
1   2   3   4   5   6
2.4Инклюзивті білім беруде педагогтарды қолдау және коррекциялық технологиялық әдіс.Технология деген сөз грек тілінен аударғанда techhe (біліктілік, іскерлік) logos (оқу, ғылым) деп аударылады, яғни технология ұғымын іскерлік туралы ғылым десек болады. «Коррекциялық технология» келесі белгілерімен анықталады: кемістікті түзетуге, алдын алуға, жоюға арналған әдіс-тәсілдер жинағы; баланың әлеуметтенуіне, оңалтуына және т.б. әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жоспар бойынша жүзеге асырылатын іс- әрекет. Коррекциялық-педагогикалық технологияны жүзеге асыру мынандай кезеңдерден тұрады,дайындық кезеңі бала және оның отбасы туралы ақпаратты жинақтау, соның негізінде диагностика жүргізу,ұйымдастырушылық кезеңі ақпараттарды жинақтау, баланың мүмкіндіктерін анықтау, жеке оқыту бағдарламасын құрастыру,тәжірибелік бағдарламаны жүзеге асыру. Қазіргі уақыттағы әдістемелік әдебиеттерде коррекциялық технологияның көп түрлері ұсынылған: денсаулық сақтау коррекциялық технологиялар,ақпараттық коррекциялық технологиялар коммуникативтік коррекциялық технологиялар әлеуметтендіру коррекциялық технологиялар т.б. Арнайы педагогикадағы тәрбие күрделі түрде өтеді. Сондықтан білім беру жүйесіндегі қабылданған жалпы міндеттерді ғана шешуді емес, мүмкіндігі шектеулі балалар категориясының жалпы дамуын қамтамасыз етудегі коммуникативті қабілет, тәртіп нормалары, қасиеттерін қамтамасыз етуі керек. Арнайы білім беру жүйесіндегі тәрбие процесі окушының жеке даму ерекшелігін есепке отырып, жеке түрде жүзеге асады. Соңғы уақытта шет мемлекеттерінде тәрбиеге әлеуметтенуіне бағытталған коррекциялық-педагогикалық іс-әрекет «терапия» терминімен аныкталады. Осы мағынадағы «терапия» түсінігі тәрбиеленушінің әлеуметтенуіне бағытталған коррекциялық-педагогикалык әрекеттер жүйесі. Тәрбие әдістерін дәстүрлі түрде топтарға бөледі,ақпараттық әдістерге әңгімелесу, кеңес беру, әдебиет пен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану, коршаған ортадан мысалдар келтіру, экскурссиялар және кездесулер өткізу,практикалық әрекеттік әдістерге үйрету, жаттығу, бағындыру, ойын әрекеті, еңбек іс-әрекеті, бейнелеу әрекеті. Осының ішіне дәстүрден жаңа әдістер де кіреді: арттерапия, иппотерапия, музыкатерапия т.б. Ынталандыру-бағындыру әдістері: педагогикалық талап, мадақтау, мактау, жазалау. Оқыту әдістері сияқты тәрбие әдістерінің қолдануда өз ерекшелігі бар.
Тәрбие әдістерді іріктеу және колдану барысында баланың ерекшелігін, есепке алады. Кейбір кең таралған әдістеріне қысқаша тоқталып өтетін болсақ,жаттығу әдісі тұрақты түрдегі әлеуметтік тәртіп нормаларын, санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық-шаруашылық дағдыларды, іскерлікті қалыптастыруда қолданылады. Бағалау (мадақтау және жазалау) практикалық түрінде, сөздік түрінде баланы мадақтау сөздерімен қолданылады. Жазалау әдістері балаға қарсы тұру, астынан қимылдар жасау арқылы емес, бала әрекетіне болмаушылық көзқарастың өзгерісі, басты шайқау, риза болмаушылық танытумен қолданылады. Өскен сайын балаға жариялау қолданылады. Жеткіншектік шактағы аталған тәрбие әдістері шынайы түрде әңгімелесу, кездесулер ұйымдастыру, беру, өнерге баулу, әдебиеттер сенім білдіру, талқылау түрінде жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім берудегі оқу-танымдық әрекетті қалыптастыру, оның тиімділігін анықтау уақытта емес. Сондықтан мен тәрбие кезінде арнайы әдістерді тиімді. Тәрбие кезіндегі музыкалық құралдар сабақтан тыс уақыттарда қолданылады. Бейнелеу құралдары қоршаған орта туралы білімді шынайы әсемдікпен қабылдауды ғана емес, оқушылардың сезім органдарын, эмоциясын дамытуда маңызды алады. Қол еңбегі декоративті-қолданбалы өнер мүмкіндігі шектеулі балалардың моторикасын, қозғалыс координациясын, еңбек дағдыларын калыптастырып, мәдениетке, халык өнеріне қандай да түрімен айналысуына түрткі болып, сөйлеу тіліне сөздік қорды байытады. Бейнелі-сөйлеу әрекеті мүмкіндігі шектеулі балаларға тіл арқылы әдеби тілде сөйлеуге, рухани баюға, әдебиеттерді оқуға арттыруға түрткі болады. Театрландырылған-ойын әрекеті өнерді (диалог, ойын) танудағы негізгі тіл.Арнаулы білім беру жүйесіндегі педагогикалық процесс барысында баспа өнімдері: оқулық, әдістемелік құралдар, журналдар, жұмыс дәптерлері түрліше қоданылады. Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына арналған оқулықтардың өзіндік ерекшеліктері мазмұны мен құрылымына, дамудағы кемшіліктің дәрежесіне, баланың жас ерекшелігіне, оқу пәнінің сипатына қарай анықталады. Оқытудағы көрнекі құралдар сақталған анализаторлардың жұмысын жүзеге асыруға арналған көрнекі-әрекеттік сипатты қамтамасыз етеді. Қабылданған көрнекі-образдардың белгілері, құбылыстар сөз арқылы бекітіледі. Сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс жасауда сөздік көрнекі құралдар: жазба жұмыстары, сөздіктер, тақта, сызбалар, полотнолар қолданылады. Арнаулы білім беру жүйесінде бала дамудағы кемшілікті коррекциялау мен компенсациялауда түрлі аудиовизуалды құралдар: кинофильмдер, диафильмдер, дыбыс күшейткіш аппараттар, лупалар, көзілдіріктер, компьютерлер қолданылады Соқырларды оқытуда қосымша арнаулы техникамен жабдықталған: әріпті немесе цифрды басуға арналған клавиатура, Брайльдік жүйе бойынша құрылған компьютерлер қолданылады. Компьютерлік құралдар оқу дамыту, математика, шетел тілі, ыммен сөйлеуге оқытуда маңызды орын алады. Компьютер оқушының әрекетіне бақылау жасауға, объективті түрде толық талдау жасауға мүмкіндік береді. Компьютер оқу жылының басында психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық тестілеу жүргізуде қолданылуы мүмкін. Арнаулы білім беру жүйесінде компьютерді қолдану оқу әрекетіне қатысты жетістіктерге жетуге, сонымен қатар, бала дамуындағы жетіспеушіліктерді түзетуге қол жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет