Байланысты: леуметтік-гуманитарлы ылымдар факультеті
2.5 Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары .Дамуында кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері 1920 жылдары бекітілді. Л.С. Выготскийдің пікірінше кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қалыпты балалардың даму ерекшеліктеріне сай жан-жақты қалыптастыру керектігі анықталған. Осы уақыттан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелердің негізі әрекеті белгіленген: қоршаған ортаның, табиғаттың көмегімен балаларға коррекциялық көмек көрсету; оқу процесін коррекциялық бағытта ұйымдастыру; мәдени-сауықтыру шараларын ұйымдастыру; отбасылық тәрбиенің дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз ету. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту формаларын келесі топтарға бөлеміз:
1. Жеке оқыту. Дәстүрлі түрде дамуында түрлі кемшілігі бар балалар ересектердің оқытуы жеке түрінде басталған болатын. Өйткені, бастапқы оқыту үй жағдайында, монастырлерде, арнаулы шеберханаларда ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта оқытудың жеке түрін келесі жағдайда қолдануымыз мүмкін: - себептермен бала үй жағдайында алатын болса; - топта, ұжымда білім алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, мысалы, ауыр немесе күрделі кемістігі бар балалар; - жас ерекшелігіне сай, мысалы, ерте жастағы бала жеке оқыту формасын талап етеді; білім беру процесінің ұйымдастырылуына байланысты кейбір балалар қосымша жеке коррекциялық сабақтарды талап етеді: зағип балалар үшін кеңістікке бағдарлау, немесе кемістігі бар балаларға арналған жеке логопедиялық сабақтар т.б.
2. Оқытудың жеке-топтық ұйымдастыру формасы. Педагогикалық процесте жеке оқытудың жалғасы ретінде қолданылады. Коррекциялық-педагогикалық үдерісте арнаулы бала-бақшаларда коррекциялық кабинеттер жағдайында колдану кең таралған.
3. Мектептегі сабақ. Мектептегі оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады. Әрбір сабақ оқушылардың білімін, дағдысын, іскерлігін, сапалық қасиеттерін қалыптастырушы қызмет атқарады. Сабақ өзінің біртұтастығымен, қорытындысымен, міндеттерді орындаушылығымен ерекшеленуі тиіс.
Арнаулы мектептегі әрбір сабақ күрделі дидактикалық жүйелерге ие. Сабақтың бөлімдері: мазмұны мұғалімнің сөзімен, оқулықпен, көрнекі құралдармен, оқытудың әдістерімен, формаларымен анықталады. Әрбір сабақта негізгі дидактикалық міндеттер шешіледі: оқыту, тәрбиелеу, коррекциялау. Сабаққа қойылатын талаптар: өткенмен байланысты болуы және жаңа сабақ арасындағы байланыс; жаңа білімнің ғылымилығы, шындықпен байланысуы; оқушылардың қабілеті мен психофизикалық ерекшеліктеріне қарамастан білімнің жеткіліктілігі; сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық қабілеттерді қалыптастыруы; оқыту процесіндегі саралау принципінің орындалуы; педагогикалық процестің ғылыми түрде ұйымдастырылуы; дидактикалық мақсаттарға сай көрнекі құралдармен жабдықталуы; сабақ құрылымының қойылған мақсаттарға сай болуы. Сабақтың мақсаты мен бағыттарына сай оқушылардың жеке тәжірибелері есепке алған жөн. Себебі, оқушылар игерілетін материалдың өмірмен, табиғатпен, шындықпен байланысты болғанын қалайды. Сабақтың дидактикалық мақсаттарына қарай сабақтың типтері анықталады. Кіріспе сабақ кезінде оқушылардың материалды игеруіне жағдай жасалады. Оқушылардың жаңа материалды игеруге қажетті білімді жүйелеу жұмыстары ұйымдастырылады. Жаңа материалды хабарлау сабағында тақырыпты игертуге арналған жұмыстар жүргізіледі. Қайталау сабағы немесе қорытынды сабақ кезінде игерілген материалдарды жұмыстары ұйымдастырылады. Бақылау оқушылар тексеру, жұмыстарын орындайды. Игерген білімді қорытындылау сабақтары ауызша, жазбаша түрде ұйымдастырылады. Пен дағдыны қалыптастыру сабағы кезінде оқушылар практикалық әрекетке бағытталған жұмыстарды орындайды. Аралас кезіндегі жұмыстар түсіндіру, қорытындылау, тексеру түрінде құрылады. Кәсіптік-еңбекке баулу сабақтары өзге сабақтардан ерекшеленіп мектеп шеберханалары мен мектеп аумағында ұйымдастырылады. Білімді бағалау – оқу процесінің ажырамас бөлігі. Арнаулы мектеп оқушыларының білімін бағалау жалпы білім беретін мектептегі бағалау параметрлер бойынша оқушылардың ерекшеліктерін есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы мектептегі оқушының білімін бағалау ынталандыру факторы ретінде ерекше роль алады. Сондықтан кейбір балалардың білімдерін жоғары бағалаудың қажеттілігі туады, Білімді бағалау кезінде оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін есепке қажет. Мысалы, дәптердегі бояу, шимай үшін бағаны төмендетпеу т.б. Интеллектісі бұзылған баланы жеңіл түрдегі тапсырмаларды орындағаны үшін бағалаймыз. Оқушының білімін, іскерлегін, дағдысын күнделікті бағалау оқушының жеке ерекшеліктерін есепке алуға көмектеседі. Білімді қорытындылау баланың күнделікті берген жауаптарын, үй тапсырмаларын орындаудағы мүмкіндіктерін, өз бетінше орындау кезіндегі әрекеттерін есепке алуда жүзеге асырылады. Сабақтың мақсаты мен міндеттерінен тыс оқушыларға өмірмен, қоршаған ортамен байланыстағы тапсырмаларды түсіндіру, жауап алу жеңілірек. Оқу процесіне бақылау жасау мұғалімге оқу материалының мен мазмұнын анықтауға көмектеседі. Сабақтың құрылымы ретінде сабақтың әр бөлігінің нақты міндеттері анықталады. Сабақтың жалпы элементтеріне тоқталсақ, олар мыналар: сабақтың ұйымдастыру бөліміне 1-2 минут бөлінеді, сабақтың ұйымдастыру арқылы сабақтың келесі бөлімдерінің тиімділігі анықталады; тапсырмасын тексеру бөлімінде оқушылардың орындаған тапсырмалары тексеріледі; жаңа материалды игеруге дайындық оқушылардың жаңа материалды игерудегі дайындықтары тексеріледі; сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау; жаңа материалды хабарлау кезеңі сабақтың негізгі бөлігі болып табылады. Сабақты түсіндіру кез-келген ғылыми тұрғыдан түсіндіруді талап етеді. Ғылыми дәлелдеулердің логикасы ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаға түсінікті болуы сабақты бекіту бөлімінде ауызша сұрақ-жауап, жазбаша жұмыстар, ойын түріндегі тапсырмалар орындалады; сабақты қорытындылау кезеңінде сабақтың негізгі бөлімдеріне шолу жасап, оқушылардың сабақ үстіндегі әрекеттеріне талдау жасайды; үй тапсырмасын бөлімінде үйге берілген тапсырманың орындалу барысын түсіндіреді. Мұғалімнің сабаққа дайындығы педагогикалық жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады. Арнаулы мектептегі сабаққа дайындықтың қорытындысы оқушыға берілетін материалының мазмұнын қамтиды. Сабаққа дайындықтың маңызды бөлігі сабақты дұрыс жоспарлау. Сабақты жоспарлау бірнеше кезеңнен Сабақтың тақырыптық жоспарында тақырып материалдары белгілі сабақ сандарына бөлінеді. Тақырыптық жоспарды құруда сабақтың мақсаты мен міндеттері анықталады. Коррекциялық – педагогикалық үдерісінің құрылымы.Білім беру жүйесінің даму кезеңдері қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты күрделеніп отырады. Бұл бір жағынан білім беру жүйесіндегі парадигмалардың өзгерісін айқындаса, екінші жағынан оқытудың мазмұнын айқындаудағы (саралап оқыту мен даралап оқыту, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқытудың формалары) шынайы механизмдерді етеді.
Қалыптасқан педагогикалық жүйелер жаңару мен даму үстінде. Шетелдік және қазақстандық теоретиктер мен практиктер әрбір баланың беру мекемесінде білім алуының жалпы даму ерекшеліктерімен қатар, спецификалық (жеке-психологиялық) ерекшеліктерін есепке алуды мойындауда. Жалпы ерекшеліктерге қоршаған орта туралы түсініктер мен білім қорының аздығы, жалпы және ұсақ моториканың жетіспеушілігі, сөйлеу тіліндегі кемшіліктер, тәртіптің бұзылуы, коммуникативтік қиындықтар, кеңістік пен уақыт туралы ұғымдардың аздығы, танымдық процестердің төмендігі, өзіне-өзі сенбеушілік, эгоизм, пессимизм, өзін-өзі жоғары немесе төмен бағалаушылықты жатқызады. Бұл кемшіліктер құрылымдық ерекшеліктеріне қарай кемшіліктер түрінде танылып, қиын оқушыларға тән сипатты береді. Осы кемшіліктерді жою үшін білім беру мазмұнындағы пәндерге өзгерістер енгізілген. Мысалы, пропедевтикалық кезеңдерге бөлінген бөлімдер оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктері мен жалпы білім қорын молайтуға арналады. Спецификалық ерекшеліктер орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылу себептерінен пайда болған кемшіліктер түрінде беріледі. Жетіспеушіліктердің мінездемесі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын құруда алынып, бірінші кемшіліктерге көру, есту қабілетіндегі жетіспеушіліктер топтастырылған. Дамудағы бірінші кемшіліктерді жою үшін (көру және естудің, сөйлеудің жүйелі түрдегі бұзылуы, бас миындағы сөйлеу зоналарының зақымдануы) арнаулы білім беру мазмұнына коррекциялық пәндер енгізілмег. Мысалы, соқырларға білім берумазмұнында балалардың кеңістікті бағдарлау мен икемділігін дамыту үшін оқу пәндері қарастырылса, саңырауларға есту қалдығын дамыту сабақтары, пәндік- практикалық әрекетті ұйымдастыру сабақтары, ауызша сөйлеу тілін қалыптастырудағы арнайы пәндер оқытылады. Білім берудегі коррекциялық-педагогикалық процесс өзара бір- бірімен байланысты компоненттерді анықтаушы біртұтас жүйені құрайды. Оның мазмұны жеке тұлғаның жалпы және үйлесімді дамуын анықтаушы міндеттермен анықталса, екінші жағынан білім берудегі ұжымдық, жеке оқытудың мақсат, міндеттерімен анықталады.
Құрылымдық компоненттер коррекциялық-педагогикалық процестің мазмұны әрбір білім беру мекемесіндегі оқу бағдарламасымен анықталып, өздерінің ішкі жүйелік құжаттарын құрайды. Мекемедегі кешенді бағдарламалар мен ішкі құжаттар негізінде педагог кадрлардың жұмысын регламенттейді. Аталған құжаттарда даму ортасы, оқу-тәрбиелік жұмыстардың міндеттері, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстарының мазмұны көрсетілуі тиіс Диагностикалық-кенес беру жұмыстары, сауықтыру, коррекциялық- дамытушылық, тәрбиелік-дамытушылық іс-шаралардың мазмұнын бейнелей отырып, коррекциялық-педагогикалық процесте ерекше орын алады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы (балабақшалар, арнайы мектептер, білім беру ұйымдарындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұымдар, коррекциялық кабинеттер, оңалту орталықтар, инклюзивті оқыту жағдайы) психологиялық-педагогикалық процестің технологиясы мынадай міндеттерді шешуді көздейді,әр баланы жан-жақты зерттеу,ерте балалық шаққа тән оқу бағдарламасының деңгейлеріне сай жеке ерекшеліктерді, танымдық әрекеттегі ерекшеліктерді, эмоциялық-ерік сферасындағы ерекшеліктерді, сөздік қор мен қоршаған орта туралы түсініктерді, түрлі әрекеттерді игерудегі іскерлік пен дағдыларды анықтау,типтік оқу бағдарламалар негізінде әр балаға арналған жеке бағдарламаларды құрастыру, жүзеге асыру,коррекциялық оқыту жағдайлары мен білім беру бағыттарын дамуының динамикасын зерттеу,психологиялық-педагогикалық бақылау танымдық, эмоциялық- ерік сферасындағы әрекеттерді зерттеуде ұқсастықтарды саралау; мектеп бағдарламарын игерудің деңгейін диагностикалауда баланың мектепке оқуға дайындығын анықтаушы параметрлерді белгілеу және оқу бағдарламасын игертудің формаларына таңдау жасау. Сонымен, коррекциялық-педагогикалық процесс баланы оқыту міндеттері мен балаға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің жолдарымен байланысып отырады. Бұл міндеттерді шешу білім беру, білім берудің тиімділігі, оның бағасы туралы мәселелермен байланысты. Мұндай байланыстар барысында диагностикалау-мониторинг жұмысы анықталады.
Дамудағы кемшіліктердің анықталуы мен байқалуы балаларды арнаулы (коррекциялық) мекемелерге, балабақша топтарына орналастыру мен топтастыруда қиындықтар туғызып отырады. Психологиялық- медициналық- педагогикалық кеңес беру үйымдары (ПМПК) мүмкіндігі шектеулі баланы тексеріп және оның ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес білім беру мекемесінде оқытуға ұсыныс қорытынды шығарады. ПМПК мамандарына осындай ұқсастықтарды диагностикалаудың міндетерін шешуде жоғары кәсіби қасиеттер қажет. Осылайша, топтағы оқушылар контингенті әр түрлі болуы мүмкін. Педагогикалық жағынан артта қалушылық балалардың әлеуметік бейімдеуін, білім ортасына үйренісуін киындатады. Арнайы педагогика және психологиядағы мамандар жұмысының жетістіктеріне қарамастан, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды саралауда диагностикалау, жеке психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыстары зерттеулерді талап етеді. Бүл проблема білім беру жүйесіндегі интеграциялау тенденцияларымен байланысты өзектілігін арттыруда. Педагогтардан интеграциялау жағдайында балабақша түлектерімен, мектеп оқушыларымен жұмыс жасаудағы жеке оқыту бағдарламаласын құру талап етіледі. Л.С.Выготскийдің концепциясына сәйкес психикалық дамудың екі деңгейін, яғни дамудың өзектілігі мен «жақын даму аймағы» зерттеу процесінде анықтау керек. Жаңа әрекеттерді орындаудағы балаға ересектердің көмек көрсетуін, әрекеттерді баланың білім алу ерекшелігін анықтауға болады. Оқыту бір жағынан негізгі диагностикалық-саралау негізінде орындалса, жағынан коррекциялық-білім беру жұмыстары оқушы педагог арасындағы жұмыс таңдауға мүмкіндік береді. Басты іс-әрекетін ескеру жас ерекшелік кезеңдеріне жүргізілген диагностикалау жұмыстарын құруда негізге алынады. Бала дамуында бірнеше кезеңнен өтеді: нәрестелік, сәбилік, мектепке дейінгі, бастауыш сәйкес, жасөспірім, жастықшақ. Әр кезеңіне сәйкес баланың басты болып есептеледі. Мысалы: сәбилік кезеңде қимыл-қозғалыс және сөйлеу іс-әрекеті; мектепке дейінгі кезеңде ойын іс- әрекеті Яғни мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеуде заттық және ойын әрекетінің қалыптасу деңгейі, оның негізгі құрылымдық компоненттері ережесін зат пен әрекет байланысын анықтау) анықталуы керек. Жасындағы баланы зерттеуде оқу әрекетіне, дағдыларының игерулі деңгейіне көңіл бөлінеді. Дамудағы кемшілікті ерте диагностикалау балалық шақтағы коррекциялық-дамыту жұмыстарын жүргізуде түрлі функциялардың сензитивтілігін есепке алу, потенциалды мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Диагностика мен коррекциялық жұмысының бірлігі жеке және топтық жұмыстарға арналған коррекциялық-дамыта оқыту бағдарламаларын тексеру жұмысының қорытындыларын нәтижелі түрде қолдануға жағдай жасайды. Баланы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау, диагностикалау әдістемелеріне таңдау жасауда арнайы маман психиканың дамуындағы жалпы заңдылықтарды, тұлға дамуының негізгі кезеңдерін, жоғары психикалық функциялардың қалыптасу логикасын, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психологиялық ерекшеліктерін білуі тиіс. Баланың жеке алуға қажеттіліктерін тексеру анықталған танымдық жеке дамудың көрсеткіштерін есепке алады. Диагностикалау процесін құрудағы мамандардың алдына қойылатын талаптар мен ережелерді сипаттауымызға болады.
Арнайы білім беру мекемесіндегі диагностикалық әрекетті ұйымдастырудың талаптарына тоқталар болсақ ,диагностикалау әрекетін ұйымдастыруда нормативтік-құқықтық құжаттарды, білім мекемесінің қабылдаған ішкі жүйелік құжаттарды негізге алу керек; диагностикалык зерттеу технологиялары ғылыми негізде құрылып, экспертизаға ұсынылатындай болуы керек,диагностикалау процесіне қатысушылар тексеру жұмысы кезінде ата- аналармен танысуда, қарым-қатынасқа түсуде «Ар-намыс кодексі мен ережелерін» сақтауы керек,диагностикалау процесіндегі бағалау жұмыстары кезінде баланың потенциялдық мүмкіндігін, жақын даму зонасын алу керек. Баланың жеткен жетістігінің көрсеткіші дамудың әрбір кезеңінде арнайы педагогтардың жеке жұмыс жүргізу әдістері технологияларын таңдауға мүмкіндік беретінін есте жөн; арнаулы білім беру мекемесіндегі диагностика игерілген білім беру бағдарламасының көлеміне іскерлік, дағды) ғана емес, сол білім көлемін игерудегі қалыптасқан психологиялық механизмдерді де (психологиялық- педагогикалық, сауықтыру, жалпы дамыту ортасының жағдайы) есепке алу керек,диагностикалау әдістемелеріне таңдау баланың жетістігін сандық және сапалық жағынан талдауға беретін бағалау өлшемдеріне әдістемелерге назар аудару.Тексеру жұмысы кезінде кең тараған, тәжірибеден өткен әдістер мен диагностикалау әдістемелерін қолддану керек. Эксперименттік-психологиялық зерттеулер ұзаққа созылған бақылау жұмыстарының өзара бала дамуының көрсеткішін бағалау, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудегі тиімді жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді. Баланы тексеруде психологиялық-педагогикалық кеңес беру орталығының мамандары (ПМПК) жүргізеді. Мамандары балаға арнайы білім мекеменің анықтап, баламен жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Арнаулы балабақша немесе арнайы мектеп жағдайында балаға бірнеше бағытта құрылған жан-жақты диагностикалық тексеру жұмысы жүргізіледі. Психологиялық тексеру бала бойындағы кемшіліктің құрылымын, деңгейін, тәрбиеленушінің психологиялық даму ерекшеліктерін анықтайды. Диагностикалау жұмысының бағыты жыл бойы жүргізілетін коррекциялық- дамыту бағдарламасының мазмұны мен міндеттерін анықтауға көмектеседі. Педагогикалық тексеру қоршаған орта туралы деңгейін, алдағы уақыттағы игерілетін білім көлемі үшін дағды мен іскерліктің жағдайына болжам жасайды. Білім беру барысында бірнеше кезеңнен тұратын диагностикалық мен динамикалық бақылау жұмыстары ұйымдастырылады. І кезең – оқу жылының басында (қыркүйек жүргізілетін тексеру. Бұл кезеңнің мақсаты кемшіліктің деңгейін, сипатын анықтау. Зерттеу қорытындыларының нәтижесіне қарай жеке топпен жүргізілетін коррекциялық жұмыстардың жоспары құрылады. II кезең – оқу жылының ортасында (қаңтар айы) жүргізілетін тексеру. Бұл кезеңнің мақсаты бала дамуының динамикасын, білім беру бағдарламасын игерудегі қиындықтарды, олардың себептерін анықтау. III кезең – оқу жылының аяғына (мамыр айы) жүргізілетін тексеру. Бұл кезеңнің мақсаты бала дамуының динамикасын, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстардың түрлерін анықтау. Балаға жүргізілген жан-жақты тексеру жұмыстарының қорытындысы қажетті құжаттарға тіркеледі. Алынған қорытындылардың нәтижелеріне қарай тәрбиеленушілердің әрбіреуімен жүргізілетін жұмыстардың әдіс-тәсілдері, оқу- тәрбие жұмысының мазмұны анықталады. Баламен жүргізілетін тексеру жұмысына арнайы ПМПК мамандары қатысады. Күрделі кемшілік кезінде бала арнайы консилиумның тексеруіне жолдама алады. Консилиумның қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда ПМПК тексеруіне диагнозды бекіту үшін қайта жібереді. Бақылау және мониторинг психологиялық және педагогикалық мониторинг түрінде жүргізіліп, білім беру процесінің динамикасын анықтау, білім беру процесін ұйымдастыру барысындағы туындаған жағымсыз жағдайлардың алдын алу, оларды түзету, жою жұмыстарын көздейді.Реабилитация дамудағы кемшілікті медициналық құралдардың көмегімен қалыпқа келтіру процесі. Реабилитациялау процесінде аурудың әсерінен болған кемшіліктер компенсацияланады.
Білім беру жүйесіндегі мониторинг коррекциялық-дамыту бағдарламалары мен оқу- тәрбие процесіндегі тиімді технологияларды анықтауға жағдай жасайды. Арнайы білім беру мекемелері оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру барысында білім берумен сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады. Мұндай жағдайлар ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде болуын, шығармашылыққа баулу жұмыстарының кеңінен қолданылуын жүзеге асырады. Мониторинг жүргізу психологиялық-педагогикалық процесті бақылауға алу, диагностикалау жұмыстарының қорытындысын шығару, оларға талдау жасау, арнаулы білім беру жүйесіндегі педагогикалық ұжымның жалпы жұмысын бақылауға алу, оның қорытындысын шығару, интерпретациялар енгізуде тиімді болып табылады. Арнаулы білім беру мекемелеріндегі мониторинг объектілері мыналар: баланың жүйке-психикалық және дене дамуы; баланың психоэмоциялық жағдайы мен бала тұлғасының дамуы; мектепке дейінгі ұйымның жалпы жағдайына бейімділігі, баланың түрлі әрекеттері кезіндегі дамуы (коммуникативтік, заттык, ойын, продуктивті, оқу әрекеті, т.б.) арнаулы мекемедегі жағымды жағдайлардың баланың жалпы дамуына әсері,емдік-сауықтыру жұмыстарының баланың дене дамуына әсері,инновациялық процестердің дамуы, оның білім беру мекеме жұмысының сапасын арттыруға ықпалы,тәрбиешілердің, логопедтердің, арнайы педагогтардың, психологтардың педагогикалық әрекеті, кәсіби деңгейдегі өсу жағдайы,арнаулы мекеме мен отбасының қарым-қатынас жасаудағы түрлі аспектілері,мектеп адаптациясы, үлгерім қорытындылары.
Диагностикалау, бақылау-мониторинг жүргізу жұмыстары арнайы білім беру мекемесіндегі коррекциялық-педагогикалық процесті дұрыс ұйымдастыру, түрлендіру, жұмыстың тиімділігін көрсетуге бағыт береді. Кеңес беру жұмыстары мүмкіндігі шектеулі балалармен арнайы мамандардың ұйымдастыруымен арнайы педагогтар мен ата-аналардың тапсырыстары негізінде жүргізіледі. Қатар, алдағы жүргізілетін жұмыстардың мен міндеттері анықталады. Кеңес жұмыстарын психологтар, логопедтер педагогикалық диагностикалық бағытта жүргізеді. Кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырудың түрлі деңгейлері бар. Оларды жеке түрде қарастырсақ, бірінші деңгейінде беруді ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Екінші деңгейінде білім беру, іскерлік пен дағдыны игертудегі кеңес беру жұмыстары құрылады. Үшінші деңгейде қарым- қатынасқа түсу, шындық құбылыстармен танысудағы ақпараттарды игерту жұмыстары жүргізіледі. Коррекциялық тәрбиелеу жұмысы мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке кемшіліктеріне ықпал ете отырып, кемшіліктің әлеуметтік біртұтастықты тежейтіндігін ескеріп, кешенді педагогикалық ету жүйесін құрайды. Ол баланың танымдық әрекеті мен жеке ерекшеліктерін дамытудағы қарапайым механикалық жаттығуларды жүргізу ғана емес, мекеменің оқу-тәрбие процесіндегі әрекетін қамтиды. Коррекциялық-тәрбиелеу жұмысының міндеттеріне баланың еңбек, білім, іскерлік, дағдасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын кластан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлері кіреді. Мен дамытудың ерте кезеңінде баланың қоршаған орта туралы елестетуі, өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыру, ерікті қозғалысқа түсудегі әрекеттерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Одан әрі қарай коррекциялық-тәрбиелеу жұмысы осы балаларға білім беруге бағытталады. Компенсация (латын тілінен аударғанда compensatio-организмдегі сақталған анализаторлардың көмегімен дамудағы орнын басу процесі) процесі жоғары жүйке әрекетінің резервтік мүмкіндіктеріне сүйенеді.Мүмкіндігі шектеулі балалар дамуындағы компенсация процесі кезінде шартты байланыстар арқылы жаңа динамикалық жүйелер, кемшілікке ұшыраған функциялардың қызметі жүзеге асады. Арнайы оқыту тәрбиелеу кемшілікке ұшыраған функциялардың дамуы мен қалыптасуына мүмкіндік Компенсация процесі кемшілікті толығымен жібере алмайды, дегенмен кемшіліктердің әсерінен пайда болған жалпы қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Сондықтан әлеуметтік компенсация негізіндегі құрылған әдістер арқылы баланы әлеуметтік тәрбиелеудің маңызы зор. Компенсация процесі негізінде түрлі әлеуметтік қатынастарға араласу, белсенді қарым-қатынасқа түсу, қоғамдық әрекетке баулу жұмыстары жүргізіледі. Арнайы педагогикалық әрекет неғұрлым ерте басталса, соғұрлым компенсация процесіндегі жетістіктердің көрсеткіші Дамудың ерте кезеңінде басталған коррекциялық-тәрбиелеу жұмыстары дамудағы екінші кемшіліктің алдын алып, бала дамуына жағымды жағдай туғызады. Реабилитация дамудағы кемшілікті медициналық құралдардың көмегімен қалыпқа келтіру процесі. Реабилитациялау процесінде аурудың әсерінен болған кемшіліктер компенсацияланады.