Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті


Инклюзивті білім берудегі мамандардың даярлығы



бет2/6
Дата10.03.2023
өлшемі46,27 Kb.
#73181
1   2   3   4   5   6
2.2Инклюзивті білім берудегі мамандардың даярлығы.
Арнайы педагогиканың қағидалары жалпы педагогикалық және арнайы қағидаларға бөлінеді. Арнайы білім беру жүйесіндегі жалпы педагогикалық қағидаларды жүзеге асыру сапалық сипатты бейнелейді. Арнайы қағидалар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің концептуалды жағдайларын қарастырады. Жалпы дидактикалық қағидалар: Ғылымилық қағидасы игерілетін білімнің ғылымилық сипатын анықтауда, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білімді игерудегі әлеуметтік бейімделу, танымдық мүмкіндіктеріне болжам жасайды.Теория мен практиканың өзара байланысы қоршаған орта ақпараттарды бала заттық-практикалық әрекет негізінде игереді. Осының қорытындысына сүйене отырып, арнайы педагог заттар мен шындық құбылыстар туралы жаңа ақпараттармен таныстырады. Оқытудағы белсенділік пен саналылық қағидасы оқыту тәрбие екі жақты процесс. Оқыту мен тәрбие процесі кезінде объект ретінде оқыту мен тәрбиенің ықпалын субъект ретінде өзінің белсенділігін танытады. Субъективті белсенділіктің төмендеуі, танымдық қызығушылықтың әлсіздігі, оқуға деген мотивтің төмендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың бағдарлама материалын толықтай кедергі жасайды. Беру жүйесіндегі педагог-мамандар аталған ерекшеліктерді есепке ала отырып, оқыту мен тәрбие процесінде оқушының субъективті белсенділігін арттыратын әдістер мен тәсілдерді орынды қолдануы тиіс. Жеткіліктілік қағидасы баланың жас, психикалық және дене ерекшеліктерін есепке арқылы баланың потенциалдық даму мүмкіндіктерін анықтауды қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытудағы проблемалық оқыту «жақын даму аймағы» түсінігі негізінде құрылуы керек.Реттілік жүйелілік қағидасы арнайы білім берудегі баланың білім, іскерлік, дағдысын анықтаушы біртұтас жүйені құруды қамтамасыз етеді. Игерілген білімінің беріктілік игерген жаңа біліммен байланыстыруға баулуды көздейді. Жаңа материалды игерудегі беріктілікті жүзеге асыру өткен материалды еске түсіру, оның мазмұнына сүйену керек. Көрнекілік қағидасы білім беру процесіндегі сезім органдарының іске қосылуын қамтамасыз етуде көрнекі құралдарды пайдалану қажет. Аталған қағида дамудағы кемшілікті компенсациялау арқылы қалыпқа келтіруге болжам жасайды. Оқыту процесі кезінде заттық көрнекіліктер (муляждар, макет, ойыншықтар), бейнелі құралдар (иллюстрациялар, слайдтар, картиналар, фильмдер), шартты-символдық белгілер (сызбалар, символдар, формулалар, графикалар) түріндегі түрлі көрнекі құралдар қолданылады. Көрнекі құралдарғатаңдау жасау баланың жас ерекшелігіне, дамудағы кемшіліктің түріне, оқу бағдарламасының мазмұнына байланысты жүргізіледі. Оқыту мен тәрбиелеудегі жеке көмек көрсету қагидасы арнайы білім беру мекемелеріндегі сыныптар толымындағы ерекшеліктер, топтық және жеке оқыту формаларын ұйымдастыруды қажет етеді. Оқыту мен тәрбиелеудегі саралау принципі баланың жеке даму ерекшеліктеріне қарай (жоғары жүйке жүйесі әрекетінің дамуы, темперамент, ойлау операцияларының жылдамдығы, еңбек етудегі, білімді игерудегі қабілеті, эмоциялық-ерік сферасы) балалар катеогриясын типологиялық ерекшеліктерге бөлуді ұсынады. Оқытудың ұжымдық сипаты оқушының әлеуметтік ортаға бейімделуі, қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктерін арттырады.
Дамудағы кемшіліктерді диагностикалау мен коррекциялаудағы педагогтың рөлі жайлы айтып өтелік.Жүйеліліктілігі мен біртұтастығы коррекциялық жұмыс түрлерін құруда кемшіліктің құрылымын білуді етеді. Дамудағы кемшіліктің кез-келген түрінің түрдегі сипаттамасы болады. Мысалы, алалия кезінде сөйлеу тілінің барлық жүйесі бұзылады (фонемаларды қабылдау процесі, сөйлеудің лексикалық-грамматикалық жағы, байланыстырып сөйлеу). Осының әсерінен алалик-баланың жоғары психикалық функцияларының дамуы әлсірейді. Сонымен қатар арнайы мамандардың (дәрігер, психолог, мұғалім-дефектолог, логопед) бірлесе отырып дамудағы кемшілікті зерттеу, диагностикалау қорытындысын шығарады. Кешенді түрдегі психологиялық-педагогикалық диагностикалау жұмысының қорытындысы бала дамуындағы кемшіліктің түрі мен деңгейін анықтауға жағдай жасайды. Диагностикалау жұмысының қорытындысын негізге ала отырып арнайы педагогтар жұмыстарды жүзеге асыра алады. Арнайы білім берудің коррекциялық-компенсациялық багыты берудегі білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік, түзетушілік шешуге болжам жасап, арнайы білім жүйесіндегі интеграция мәселесін қарастырады. Компесациялық мүмкіндіктеріне, анализаторлардың жұмысына сүйене отырып (соқырлардың саусақ ұштарының көмегімен оқуы, саңыраулардың ерін қимылынан оқуы т.б.) коррекциялық- педагогикалық жұмыстарын ұйымдастыруға. Және кешенді ықпал принципі мүмкіндігі шектеулі балалар мен отбасына педагогикалық, психологиялық және медициналық көмектесуді қамтамасыздандыратын, диагностикасы мен коррекциясының бірлігін, ғылыми-практикалық қызметтерінің бірегей біріктірілген жүйесін құруды білдіреді. Кешенді көмек өзара мәнділігі бірдей үш бағыттан тұрады: медициналық бағыттың мақсаты болып балалардың денсаулығын, емдерінің уақтылы және сапалы алынуын бақылау, коррекция кабинетінің материалдық-техникалық жабдықталуы аясында медициналық көмектің қажетті түрлерін көрсету болып табылады; әлеуметтік-психологиялық бағыттың мақсаты болып мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасына әлеуметтік-психологиялық түзету көмегін көрсету, оның әлеуметтік, медициналық және білім беру қажеттілігінің көлемін анықтау және оларды қанағаттандыру тиімділігін бақылау; білім беру бағытының мақсаты болып дамуында ақауы бар балаларға коррекциялық-дамыту көмегін көрсету және үй жағдайында бағалау мен бақылау, дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға кеңестер беру. V. Онтогенез дамуының заңдылықтарын басшылыққа алу коррекциялық-дамыту жұмыстарын жүйелі құруға негізделеді. Мысалы, логопедиялық көмек көрсету жұмыстары дыбыстардың онтогенездегі ерте даму кезеңінен бастап, саусақ моторикасының дамуымен қатар жүргізіледі. Бір сыныпта немесе топта білім алатын балалар сөйлеудің, сенсорлық қабілеттің, ойлау операцияларының дамуындағы түрлі кезеңдерімен ерекшеленеді. Осы кездегі әр оқушымен жүргізілетін жеке жұмыстар дамудың ерекшеліктерін, олардың көрсеткіштерін анықтайды.
Оқыту мен тәрбиелеудегі баланың жетекші әрекетке бағыну баланың жас ерекшелік кезеңдеріндегі дамудағы жетекші әрекеттерді басшылыққа алу арқылы дамытуды көздейді. Мысалы, өмірдің алғашқы жылында жетекші әрекет баланың жақындарымен тікелей эмоциялық қарым- қатынасқа болғандықтан жетекші әрекеттің түрі мен анасының қарым-қатынасы. Бір жастан бастап жасқа дейінгі аралықта жетекші әрекет заттық әрекет, үш жастан жеті жасқа дейін ойын әрекеті жетекші болғандықтан, жеті жастан кейін оқу әрекеті, жасөспірімдік шақта эмоциялық-тұлғалық қатынастарды анықтаушы қарым-қатынас құралына айналады. Оқыту мен тәрбиелеудегі жетекші әрекетке бағыну арқылы оқытуды ұйымдастыруда әрбір жетекші әрекетті коррекциялық түзету жұмыстары арқылы дамыту көзделеді. Педагогикалық оптимизм қағидасы «баланың барлығын да даму мүмкіндігі бар» деген ұстанымға бағынады. Қағида негізінде баланың деген қабілетін арттыру, қиындықты жеңуге үйрету, баланың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, өмір сүрудегі құзіреттілігін қалыптастыру жұмыстары орындалады. Арнайы педагогиканың қағидалары өзектілігі жағынан маңызды болып табылатын кемшілігі бар, ауыр ақауға ұшыраған, ерте жастағы аутизмге шалдыққан балаларды оқытудағы реабилитациялау жұмыстарын кеңейтуді көздейді. Білім берудегі әлеуметтік-бейімдеу бағыттылығы арнайы білім беру жүйесіндегі коррекциялау мен компенсациялау процестерінің өзіндік мақсат емес, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік сүруге дайындау, тәуелсіздік жағдайын қамтамасыз етудің құралына айналуын қадағалайды.Педагогикалық көмекті қатаң өлшеу қағидасыда маңызды. Мүмкіндігі шектеулі балалар ерте жастан бастап сегізге дейін, кейбіреуі өмір бойы коррекциялық қолдауды талап етеді. Коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыстарын ерте кезден ұйымдастыру, бала дамуындағы кемшіліктерді ерте диагностикалау, медициналық-психологиялық- педагогикалық көмек көрсету жұмыстарын өмірдің алғашқы жылынан бастап, жүйелі жүргізудің тиімділігі зор. Бірақ, сонымен қатар берілетін көмек бала ештеңемен айналыспайтындай шексіз болмауы қажет, сондай-ақ көмек баланың белгілі бір нәтижеге жеткізе алатынындай деңгейде берілуі тиіс.Арнайы педагогикалық жетекшіліктің қажеттілігі қандай кемшілік болмасын оқу-танымдық әрекет қалыпты баланың оқу-танымдық әрекетінен ерекшеленіп отырады. Себебі, мүмкіндігі шектеулі баланың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру үшін ерекше мазмұндағы жұмыс түрлері жүргізілуі тиіс. Арнайы педагогтар мүмкіндігі шектеулі баланың оқу-танымдық әрекетін қалыптастырса, екінші жағынан коррекциялық-компенсациялау жұмыстарының мазмұнын анықтайды. Күрделі кемшіліктер кезінде оқу-танымдық белсенділікті арттыру жұмыстарының нәтижесін шығару кей кездерде мүмкін болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет