Әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық жобалау


Әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалау түрлерінің, оларды қолдану аясының тым көптігі оларды классификциялауды қажет етеді, оны А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде қарастыры



бет2/4
Дата19.05.2023
өлшемі60,78 Kb.
#95393
1   2   3   4
Байланысты:
дәріс. жоба

Әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалау түрлерінің, оларды қолдану аясының тым көптігі оларды классификциялауды қажет етеді, оны А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде қарастырып көрейік.


Жобалау типтері, немесе салалары: техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру, аралас салалар, т.б.
Жобалау кластары немесе жобалау құрамы мен құрылымы, пәндік аясы бойынша: моно – жобалау, мульти –жобалау, мега – жобалау. Олар қолданылуына қарай сипатталды, мысалы, моно – дербес жобалаудың белгілі бір масшабтағы түрліше дара жобалау екені атынан көрініп тұрса, мульти –жобалау бірнеше дербес жобалардан тұратын кешенді жобалау болса, мега –жобалау– белгілі бір экономикалық саланы, не аймақты дамытудың мақсатты бағдарламалары, оның құрамына моно – жобалау да, мульти – жобалау да еніп кетеді.
Жобалау масштабтары: шағын, орташа, ірі және өте ірі деп шартты түрде белгілене алады.
Жобалау ұзақтығы: қысқа мерзімді – 3 жылға дейінгі, орта мерзімді, – 3-5 жылға, ұзақ мерзімді – 5-тен көп жылдарға созылатын жобалау;
Жобалау түрлері: инвестициялық, инновациялық, білім беру, ғылыми –зерттеу, аралас, т.б.
Әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалауға бірнеше анықтамалар берілген, мысалы, Ф.Перегудовтың анықтамасы бойынша, «жобалау – жұмыс нәтижесінің сапасына қойылатын талаптары белгіленген, орындау сипатына сай қажетті құралдар мен кететін шығындар алдын ала есептелген, берілген уақыт ішінде белгілі бір жүйеге мақсатты өзгерістер ендіру». Ол әр жобалау идея пайда болғаннан бастап, толық аяқталғанға дейін өз дамуының бірнеше сатыларынан өтеді дей отырып, даму сатыларының жиынтығы жобаның өмір сүру циклын құрайды, ал ол фазаларға бөлінеді, фазалар – сатыларға, сатылар – кезеңдерге бөлінеді дейді.
А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығын анықтайды, ол жобалауды жобаның бастапқы кезеңіне тән әрекет деп түсіндіреді. Шын мәнінде, кез келген өнімді, немесе инновациялық қызмет нақты мақсат қойылуын, дәлірек айтқанда, жобалауды қажет етеді. Педагогикалық әрекеттер тәжірибесінде білім беру жүйесін жобалау іске асырылады, мысалы, оған сабақ үрдісін жобалау, немесе, мектептің гимназияға өтуін жобалау, немесе бір ел бойынша білім беруді дамытуды жобалау әрекетерін жатқыза аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет