Аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау Жаңа жұмыс орындарын ашу және жалақының мөлшерін көбейту арқылы кедейліктің азаюына қол жеткізіледі. Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек азаматтарға ақшалай, заттай, институционалдық нысандарға, сондай-ақ нақты мұқтаждық өлшемдері негізінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстар беру түрінде көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек беру тәсілін де, табыс деңгейін бағалау әдістемесін де жетілдіру жалғастырылады. Заттай және институционалдық нысандағы әлеуметтік көмек еңбек етуге қабілетсіз азаматтарға: балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге ғана беріледі. Бұдан басқа, еңбек етуге қабілетті халыққа әлеуметтік көмек қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру, қайта оқыту бағдарламалары мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы да көрсетіледі. Нысаналы қоғамдық жұмыстар азаматтарды әлеуметтік қолдаудың уақытша шарасы болмақ. Қоғамдық жұмыстардағы еңбекақы деңгейі азаматтардың бұған ұзақ уақыт қатысуын ынталандырмай, тұрақты жұмысты белсенді іздеуге итермелейтін болады.
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру Білім алуға, мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге көмек көрсету пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектің негізгі бағыты болып табылады. Медициналық көмек мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсеткен кезде жергілікті атқарушы органдар мынадай іс-шараларды жүзеге асырады: 1) жұмыссыздарды өкілетті органның/халықты жұмыспен қамту орталығының бос орындар базасында бар бос жұмыс орындарына жіберу; 2) жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу; 3) жұмыссыздарды олардың келісімі бойынша қоғамдық жұмыстарға жіберу; 4) жұмыссыздарды кейіннен жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін көтеруге жіберу; 5) жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналастыру.