Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу. Арнайы пәндер оқытушысы: Әжібай А. Н



бет3/6
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#112969
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

туберкулез

  • Туберкулез (құрт ауруы) – (лат. тілінде Tuberkulum - төмпешік) – ауа тамшылары арқылы жұғатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру. Адам ағзасының тырнақ пен шашты қосқанда, барлық органдары мен тіндерін зақымдайтын туберкулездің өкпеден тыс түрлері де дамуы мүмкін. Туберкулез қоздырғышы – туберкулез таяқшасы,

Туберкулездің негізгі белгілері:

1. салмағын жоғалту; 2. тершеңдік; 3. кеуде тұсының ауыруы; 4. жөтелу,қан түкіру; 5. жалпы әлсіздік және тез шаршау; 6. дене қызуының ұзақ уақыт көтеріңкі болуы

Туберкулез қалай тарайды?

Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болып қала отырып, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін.

Статистика

  • Бүгінгі таңда әлем халқының үштен бір бөлігі микобактерия туберкулезімен ауырады (бұл микроорганизм туберкулездің қоздырғышы болып табылады).
  • Жыл сайын шамамен 8,4 миллион туберкулездің жаңа жағдайы тіркеледі және
  • шамамен 2 миллион адам аурудан көз жұмады. 
  • 2020ж Қазақстанда жаңадан анықталғандар саны – 5832.
  • Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезден өлім көрсеткіші 5,6 есеге азайған.

Сұрақ:

  • Туберкулездің профилактикасы жайлы не білесіздер?

Қант диабеті:

  • ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
  • Қант диабеті инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелсіз болып 2 түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет