Әлеуметтік педагогтың сөздік-анықтамасы



бет6/7
Дата04.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#71482
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
био 5-дәріс ЖМП АБА

Оқытушының кемшіліктері :
  • Мұғалімнің шектеулілігі;
  • Заман талабына бейімделе алмауы;
  • Теория көп, тәжірибе аз;
  • Стереотиптік ойлар.

Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған, имидж жайында алғашқы отандық өңдеулер Р.Ф.Ромашкина, Е.И.Манякина, Е.В.Гришунина, П.С.Гуревич, Ф.А.Кузин және т.б. еңбектерінде жарық көрді. Педагог имиджі – мұғалім, оқытушы бейнесінің тәрбиеленушілер, әріптестер және әлеуметтік жұртшылық санасында, бұқаралық санада қабылданудың стереотипі. Педагог имиджінің қалыптасуында нақты сапалар тығыз байланыста болады, бұл оқушының, студенттің, ата-аналардың, жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі. Өз имиджін жасауға талпынған педагог, жақсы көрініп қана қоймай, өзін жақсы сезінеді, өзіне көбірек сенімді, нәтижесінде ол жақсы жетістікпен нәтижелі жұмыс атқарады!

  • Оқытушының имиджі

Мұғалімнің қарым-қатынас әдебі бойынша М.Тален ұсынған мұғалімнің кәсіби шеберлігін көрсететін мынадай топтама бар:
«Сократ» моделі. Мұғалім сабақта оқушыны ойландыратын сұрақтар арқылы құптаушысы пікірталас пен пікірсайыстар тудырушы ретінде көрсетеді. Оның сабақ беру әдісінде нақты бір жүйе жоқтың қасы , өйткені ол әрқашан шәкірттерін сөйлетіп, проблема тудыратын жаядаяттық сұрақтарды көп қолданады. Оның оқушылары өз позицияларын қорғай біледі.
« Топтық пікірталастың жетекшісі » моделі. Бұл моделге жақын мұғалім оқытудың басты мақсаты үйренушілер арасындағы келісім мен ынтымақтастыққа жету деп есептейді. Ол пікірталас нәтижелерінен гөрі, демократиялық ымыра мен білімгершілікті маңызды деп түсінеді.
«Шебер» моделі. Мұндай мұғалім өз шәкірттеріне үлгі болуды қалайды. Оның ойынша, оқушылар оның талаптарын тек оқу процесіне ғана емес, барлық жағдайда, сонымен бірге жалпы өмірге деген тұрғыдан да бұлжытпай орындауы керек.
Генерал» моделі. Мұндай мұғалім өзінің сөзін әрқашан дұрыс деп бағалайды. Ол үнемі қатаң талап қойып, қалайда болмасын өзінің айтқанын орындатуға ұмтылады, Оның ойынша, оқушы солдат тәрізді тек бұйрықтарға ғана бағынуы керек. Н.Таленнің айтуы бойынша мұғалімдердің бұл типі педагогикалық практикада басқаларға қарағанда анағұрлым жиі кездеседі.
«Менеджер» моделі. Педагог әрбір оқушымен оның шешіп отырған проблема мағынасын талқылауға, оларға әділ баға беруге үнемі дайын Мұндай мұғалімға оқушы мен мұғалімнің тиімді бірлескен әрекеті, жұмыстың нақты нәтижесі маңызды.Ол оқушыны ынталандырып, өз тарапынан барынша қуаттап отырады.
«Жаттықтырушы » моделі.
Сабақтағы қарым-қатынаста мұғалім мен оқушы бір-біріне жақын екендігін біледі. Оқушылар өздерін бір команда ойыншылары ретінде сезінеді. Мұнда жеке авторитарлық нұсқау жоқ, олар бірлесіп, тең құқылы әрекет етеді. Педагог мұнда ұжымдық ұмтылыстардың ұйытқысы рөлін орындайды. Ол үшін ең басты мәселе түпкі нәтиже, табыс және жеңіс болып саналады.
«Жол сілтеуші» немесе «Гид» моделі. Мұндай мұғалім өте байсалды, әрі дәл сөйлейді. Барлық сұрақтарға ол жауап бере алады, тіпті оған қандай сұрақтардың да қойылатындығын да біледі. Оның міні жоқ сияқты, сол себепті де ол көп жағдайда оқушыларға қызықсыз көрінеді

Орташа мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет