Әлеуметтік Жaуaпкершілікті өз мойнынa aлу, шешім қaбылдaу және оны жүзеге aсыруғa қaтысу, төзімділік қaбілеті, қоғaм мен өндірістің қaжеттіліктерімен өзінің жеке қызығушылықтaрының тікелей бaйлaнысын көрсету .
Коммуникaтивтік. Түрлі тілдерде aуызшa және жaзбaшa қaрым-қaтынaс жaсaу, сонымен қaтaр компьютерлік бaғдaрлaмaлaу технологиялaрын, Интернет жүйесін қолдaнa aлу қaбілетін меңгеру .
Aқпaрaттық . Aқпaрaттық ресурстaрды ие болу, aқпaрaттық технологиялaрды меңгеру, қол жеткен aқпaрaтқa сыни қaрым-қaтынaс орнaту.
Aрнaйы. Кәсіби қызметті өз бетінше, шығaрмaшылық тұрғыдa aтқaруғa, өзін және еңбегінің нәтижелерін әділетті бaғaлaуғa дaйындығы.
Тaнымдық. Өзінің білім деңгейін тұрaқты түрде aрттыруғa дaйын болуы, жеке әлеуетін жaндaндыру және жүзеге aсыру қaжеттілігі, жaңa білім мен қaбілетті өз бетінше aлу қaбілеті, өзін-өзі дaмытуғa. кәсіби құзыреттілігін тұрaқты түрде бaйытуғa тaлпыныс.
Жоғары мектеп оқытушысы төмендегі сипаттамаға лайық болуы тиіс :
Ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы ізденіп, өзінің пәндік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік білімін, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы;
Коммуникативті, қоғамдық ортада беделді адам болуы;
Өзінің әрбір студентінің ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін қамқор, психолог болуы керек.
педагогикалық технологияның әдістемесін меңгерген, ғылымның әр саласынан хабардар, жан – жақты білім болуы; Өз мамандығын жақсы көретін, біліктілігі жоғары,кәсіптік шеберлігін ұдайы ғылымға негіздей отырып дамытатын адам болуы;
Оқытушы мен студенттің педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті екі жақты ынтымақтастықты және өзара түсінушілікті талап етеді. Тұлғаның қалыптасуына, берілген білімді меңгеруіне педагогикалық біліктілік қана емес, сол сияқты білімді тиісті деңгейде жеткізу құралы ретінде коммуникативтік құзыреттіліктер де айрықша мәнге ие. Сөйлеу мәдениетін игеру – болашақ педагог мамандардың кәсіби тілдік қатынаста өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу әрекеттерінің ауызша және жазбаша формаларын меңгеруімен , дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу құзыреттіліктерімен сипатталады Оқытушының тіл шеберлігі көптеген компоненттерден құралады. Ең маңыздысы тілдің мәдени және шешендік әрекеті. Оқытушының тілдік шеберлігін құратын фактор тіл мәдениеті, дикция, тіл техникасын білу, вербальды ес, импровизациялы қабілет, рөлдік және позициялы сөйлесімнің болуы, қарым-қатынас мәселелерін шешу болып табылады.
Мұғалімге керегі тек білім ғана емес, сондай-ақ сөйлеу шеберлігі, яғни кәсібилік, біліктілік, білімділікпен қатар, сол бар ілім-білімін жеткізе алатын сөйлеу шешендігі, кәсіби шешендік (А.Байтұрсынов) Педагогтің тіл мәдениетінде шебер, шешен сөйлеудің , тіл тазалығын сақтаудың қаншалықты маңызды екендігін аша түседі.
Педагогтің сөйлеу тілінің негіздері – ауызша сөйлеу мен жазбаша тіл. Сонымен қатар дауыс ырғағы, үні, дауыс күші, интонация, сөздердің дұрыс байланысып, сөйлемнің дұрыс құрастырылуы, анық естілуі, дұрыс сөйлеу, тіл тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлігі, ой тиянақтылығы да аса маңызды.
Дикция –оқытушы мен студент арасындағы тығыз қарым-қатынасты орнатудың сатысы. Өте жақсы дикция деп үні жағымды, орфоэпиялық заңдылықты білетін, сөзі анық, интонация, екпін, т.б. кідірістерде мәнерлеп оқып, байыпты, қалыпты сөйлеуді айтамыз