Әлеуметтік-саяси білімдер модулі Пәндер: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология Саясаттану Кредит №1



бет4/8
Дата27.12.2022
өлшемі39,29 Kb.
#59967
1   2   3   4   5   6   7   8
Саяси жүйе кызметтері:
1.Белгілі бір əлеуметтік топтың немесе көпшілік халыктың саяси билігін
камтамасыз ету. Ол биліктің тəртіпке келтірілген, ережелерде, калыптарда
бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға
негізделген жалпыға міндетті зандар шығарады. Сол арқылы қоғамда тəртіп
орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.
2.Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген əлеуметтік топтар
немесе көпшілік халықтың максат-мүддесіне сəйкес адамдардың тіршілік
əрекетінін əр түрлі салаларын басқарады. Ол əлеуметтік институттар
қызметінің мақсаггарын айкындайды, солардың негізінде оларды орындаудың
саяси жобаларын жасайды.
3. Саяси жүйе қоғамда жинактаушылык, топтастырушылық кызметті атқарады. Ол
ортақ əлеуметтік-саяси мақсаттар мен кұндылыктардынң айналасында барлық
əлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз
етеді.
4.Экономиканың калыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай
жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс кұралдарына меншік түрлерін күқыктық
тұрғыдан бекітеді, каржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді.
5. Коғамды, оның мүшелерін ішкі жəне сырткы бүліндіргіш əрекеттерден
корғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сырткы агрессиядан (əскери.
экономикалык, информациялык) жəне т.с.с

3. Мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арасында билік қалай бөлінеді?
Демократиялық қоғамдарда билікті тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье болды. Билік заңшығарушы, атқарушы және сот билігі болып үш тармаққа бөлінеді.

1. Заңшығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджеті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар бақылау жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет