Әлеуметтік-саяси білімдер модулі Пәндер: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология Саясаттану Кредит №1


Элиталардың классикалық теориясы. ( Г.Моска, В.Парето, Р.Михелс)



бет6/8
Дата27.12.2022
өлшемі39,29 Kb.
#59967
1   2   3   4   5   6   7   8
5. Элиталардың классикалық теориясы. ( Г.Моска, В.Парето, Р.Михелс).
Элита” термині фр. сөзі сұрыпталған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырда бұл терминмен жоғары сапалы тауарларды атаса, ал ХХ ғасырдан бастап саясаттануда білімі, билігі, беделі, байлығы жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдірді.
Элитаның классикалық теориялары:
Гаэтано Моска (1854 -1941) элита теориясын “ Саяси ғылым негіздері” еңбегінде негіздеді. Оның ойынша адамға элита қатарына кіруге әскери ерлік, байлық, діни дәреже мүмкіндік береді.
Вальфрэдо Парето (1848-1923) элита терминін ғылыми айналымға енгізген. Еңбегі: “Жалпыға бірдей социология (1916). трактаты” Оның “элиталардың айналу теориясы” бойынша, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды дамытып отырады. Алмасудың негізі алдыңғы қатарлы идея.
Роберт Михельс (1876-1936). Еңбегі: “Саяси партиялар, демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк” (1911) Оның “олигархияның темірдей заңы “ теориясы бойынша бұқара халықтың өзін-өзі басқаруға қабілеті жетпейді, билік ат төбеліндей байлардың қолдарында болады. Басқару аппараты дайындалған кәсіби адамдарға тиесілі,-деді.
2.
6. Саяси көшбасшылық түсінігі. Саяси көшбасшылықты жіктеу жүйесі.
Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:
1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;
2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет