Әлеуметтік-саяси білімдер модулі Пәндер: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология Саясаттану Кредит №1


Саяси мәдениет түсінігі, типология



бет8/8
Дата27.12.2022
өлшемі39,29 Kb.
#59967
1   2   3   4   5   6   7   8
8. Саяси мәдениет түсінігі, типология.
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Типология - жалпы лингвистикалық таксономиялық категорияларды шығу тегіне қарамастан тілдерді типтер бойынша топтастыру ұшін негіз ретінде аңықтау; типологиялық топтастырудың тәсілдерін жасайтын және ұстанымын зерттейтін тіл білімінің бөлімі.
9. Мемлекеттік басқару түрлері, қазіргі қоғамдағы ерекшеліктері.
Мемлекеттік басқару түрі дегенімізсаяси билік кімнің, қандай ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым. Мемлекеттік басқарудың екі түрі бар: монархия және республика.
Монархия – ол басқару түрі осыған сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік мемлекет басшысының қызметін көбінесе басқа билік қызметін біріктереді. Олар: заң шығарушы және атқарушы билік бір адамның қолында болады – ол монарх.
Республика – басқару түрі, онда мемлекеттегі жоғарғы билік сақтаушы органға жатады, олар парламентке және президентке. Республиканың бір неше түрі бар. Олар: парламенттік, президенттік және аралас.....

10. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі халықаралық ұйымдар.

Қазiргi халықаралық қатынастардағы негiзгi тенденциялар және халықаралық саясаттың қағидалары. Әлемдік саясат деп мемлекеттердің ж/е басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Сонымен қатар бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан 3 ұғым бар– сырткы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін құрайды. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар ж/е т.б арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар ж/е оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға атысушылардың, оларды іске асырушылардың көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар ж/е т.б мемлекеттік емес ұйымдар қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет