Легитимдік (legitimus) – латын сөзі, заңды деген ұғымды білдіреді. Қазіргі заманда бұл ұғым өркениетті биліктің сапалық сипаттамасы. Легитимдік деген ұғым ХІХ ғасырдың басында Францияда қолданыс тапқан. Бұл кезде Францияда императорлық таққа Наполеон Бонапарт келген. Осы кезде Францияда қоғамдық- қозғалыс пайда болады. Ол қозғалыс Наполеонды узурпатор (билікті заңсыз жолмен, күшпен тартып алған деп айыптайды және бурбондар династиясының қалпына келтіруді көздейді, ал Наполеон бұл династиядан емес еді.) Билік легитимді болу үшін мынадай шартар орындалуы қажет: 1-шарт: өмір сүріп тұрған билік пен қоғамның арасында өзара келісім орнауы керек, оған саяси билікті қоғам мүшелерінің басым көпшілігі тануы, мойындауы, қолдауы қажет. Қоғам тарапынан қолдау, тану, мойындау абсолютті түрде болмайды, өйткені біріншіден, әрбір қоғамда заң бұзушылар, көлеңкелі экономиканың өкілдері, оппозиция болады. Бұлар билікті жақтамайды.
-шарт: өмір сүріп тұрған биліктің мемлекеттердің халықаралық қауымдастығы тарапынан танылуы қажет.
Вебер биліктің легитимдігінің тарихи 3 типін атап көрсетті:
Харизмалық, бұл тип жеке тұлғалардың ерекше қасиеттеріне негізделген (ерлік, тапқырлық, идея болуы мүмкін). Вебер харизманың үлгісіне Перикл, Соломон патша, Исус Христос, Давид, Мұхаммед пайғамбар, Напалеон, Македонский, Шыңғыс хан т.б. жатқызады. Дәстүрлік легитимдік билік: а) геронтократия (ру көсемдерінің, ақсақалдардың т.б. билігі) б) патриомониалдық (монархия) Легитимдіктің бұл типінде саяси билік қоғамда қалыптасқан салт-дәстүрлерге байланысты, халықтың санасында орын алуына байланысты легитимді болып табылады. Халықтың өзі сайлап қойған демократиялық әділ сайлаудың нәтижесінде қаланған билік жария легитимдігі немесе либерал демократиялық. Бұл 3 тип қоғамда араласып келеді, бірақ біреуі басым келеді.
қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды);
әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау;
саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық қоғамды құру,
қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау – дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.