Әлеуметтік-саяси білімдер модулі


Билікті тармақтарға бөлу идеясын ұсынғандар



бет16/17
Дата04.11.2022
өлшемі4,29 Mb.
#47437
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
download

Саяси билік саясат әлемінің мәнін түсініп, білуге мүмкіндік береді.

Билікті тармақтарға бөлу идеясын ұсынғандар


ДЖОН ЛОКК
ШАРЛЬ ЛУИ МОНТЕСКЬЕ

Мемлекеттік биліктің тармақтары:

  • Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді. Парламенттің жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.
  • Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде қызмет етуі керек. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек).
  • Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады.

Саяси биліктің субъектілері, билікті жүзеге асыру әдістері:
Саяси биліктің субъектілері деп, саяси билікті жүргізетін жекеленген тұлға, әлеуметтік топ, саяси партия, мемлекеттерді айтамыз. Бұл жерде, саяси билікті толық партия, әлеуметтік топ жүргізе алмайды, олардың шағын бөлігіне билікті сеніп тапсыру болады (делигирование власти).
Саяси билікті жүзеге асыруда түрлі құралдар, әдістер қолданылады. Демократия шектелген қоғамдарда, авторитарлық немесе тоталитарлық режимдерде саяси билікті жүргізуде күш қолдану, мәжбүрлеу, жоғарыдан төменге қарай бұйрық беру әдістері қолданылады. Билік күштеу аппараттарына: армия, полиция, сот, прокуратура, түрме, қауіпсіздік органдарын жиі қолданады.
Демократиялық өркениетті қоғамдарда билікті жүзеге асыруда халықтың сеніміне ие болу, жариялылық, халықтың көзін жеткізу, қоғам мүшелерімен келісімге келу, қоғамдық пікірді ескеріп отыру сияқты әдістер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет