Саяси өмір түрлі әлеуметтік таптар мен топтар, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қызметіндегі мүдделерді біріктіреді.
Бұл өте күрделі, жан-жақты, қарқынды және өзгермелі құбылыс ретінде әлеуметтік кеңістікте дамиды және саясат әлеміндегі
саяси қатынастар, институттар, үдерістер мен адам санасын қамтиды.
Әлеуметтік кеңістікте түрлі саяси күштер, топтар, ұйымдар,
уақытша және тұрақты одақтар қызмет атқарады.
Әлеуметтік мәселелерді шешудегі осы барлық күштердің өзара байланысы саяси өмірдің мазмұны мен түрлерін анықтайды.
Адам баласы саяси өмірді күнделікті өмірдегі түсінікпен қатар,
теориялық және ғылыми деңгейде ұғынуы керек.
1. «Саясат» ұғымының түсінігі мен мазмұны, анықтамасы. «Politike», біздің тілімізде «саясат» ұғымын ғылыми айналымға енгізген ежелгі грек
философы Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.).
Оның пікірінше, саясат – «ортақ игілік» пен
«бақытты өмірге» қол жеткізуді көздейтін
адамдар қауымдастығының өркениетті
формасы. Бұндай формаға ол антикалық полисті жатқызды.
«Саясат» ұғымының түсінігі мен мазмұны, анықтамасы.
Итальяндық қоғам қайраткері, ойшыл Никколо Макиавелли (1469-1527) саясат -билікті қолға алу мен оны тиімді пайдалануға қажетті амал мен құралдардың жиынтығы деп пайымдайды.
«Саясат» ұғымының түсінігі мен мазмұны, анықтамасы.
Көрнекті неміс ғалымы М.Вебер: «Саясат мемлекет ішілік немесе мемлекет аралық билікті үлестіруге ықпал ету немесе билікке қатысуға ұмтылысты білдіреді» дей келе, «саясат» ұғымы әртүрлі мағынада қолданылатындығын айтқан еді. Мәселен, банктың валюта саясаты,