Әлеуметтік топтардың, таптардың мүдделерін қанағаттандыру арқылы қоғамның тұтастығын сақтау, қақтығыстарды шешу. Қоғамды басқару қызметі. Саясатқа өнер деп қарау Қоғамның болашақтағы даму бағыттары мен моделін айқындау Мемлекет істеріне қатысу, әр түрлі саяси күштерге ықпал ету (партиялар, ықпалды топтар)
Саясаттың құрылымдық элементтері:
Мемлекеттік билік: Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі Саясат субъектілері: индивидтер, әлеуметтік топтар мен жіктер, билікті жүзеге асыруға қатысатын ұйымдар мен мекемелер Саяси ұйымдар: саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, қысым топтары Саясатты құрайтын элементтер Саяси сана : саяси психология мен саяси идеология, саяси процестерге қатысуға ықпал ететін уәждер Саяси мәдениет: саяси құбылыстарға, саяси билікке байланысты пікірлер мен көзқарастар, іс-әрекеттер Саяси қатынастар: саяса субъектілерінің арасындағы қатынас формалары: өзара келісімге келу, әріптестік, қақтығыстық т.б. 3. «Билік» ұғымының түсінігі, мазмұны, анықтамалары. Биліктің түрлері. Саяси билік және оның ерекшеліктері, типтері, субъектілері мен ресурстары, функциялары.
1. «Билік» ұғымының түсінігі, мазмұны, анықтамалары. Биліктің түрлері және оларға тән ортақ сипатты белгілер
Билік – көпқырлы, күрделі ұғым. Бұл ұғымның мәнін ашу үшін биліктің табиғатын, генезисін (шығу тегін) білгеніміз жөн.
Билік – философия, әлеуметтану, саясаттану, психология, юриспруденция сияқты ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Билік - әлеуметтік құбылыс ретінде, адамзат қоғамы пайда болған кезден бастап өмір сүріп келеді. Яғни, биліксіз қоғам болуы мүмкін емес, сондықтан, ол қоғамның өмір сүруінің басты шарты десек те болады.