бар, ал Саяси ғылымның американдық ассоциациясының мүшелерінің саны 16 мың адам. Бұл ұйымның мүшелері мемлекеттік билік құрылымдарында, азаматтық қоғам институттарында қызмет атқарады.
Бұл – саяси ғылымның қолданбалы саласының дамығандығын көрсетеді.
Саясаттану ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Саясаттанудың өз алдына академиялық ғылым болып қалыптасу процесі екінші дуниежүзілік соғыстан кейін аяқталды.
Саясаттану - қоғамның саяси жүйесі мен саяси
саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастырып, басқаруды, оның
құрылысы мен сан-алуан қызметтерін зерттейді.
Саясаттану саясат туралы жүйелі де, тұтас білім беретін ғылым. Бұл ғылымның негізін меңгеру – азаматтардың саяси санасы мен демократиялық саяси мәдениеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.
саяси биліктің қалыптасуы, қызметі, билік пен қоғам арасындағы қатынас, жекеленген индивидтердің, әлеуметтік топтардың саяси мүдделері, көзқарастары мен саяси мінез- құлықтары;
Саяси институттардың, қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметтері;
Саяси өмірдегі оқиғалар мен процестер, құбылыстар жатады.
Саясаттану ғылымының ұғымдары мен категориялары
Саясаттану басқа әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдардың категорияларын қолданады. Мәселен, өркениет, қоғам, халық, тұрғындар, бостандық, билік, құқық, мәдениет, прогресс, революция, эволюция, әскер т.б.
саясаттанумен тығыз байланысы бар ұғымдарға:құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, жеке меншік, әлеуметтік топтар мен жіктер, қоғамдық пікір, әскери-өнеркәсіптік кешен, әскери-саяси қақтығыстар және т.б. жатады