Қайта өрлеу және жаңа замандағы саяси ой- пікірлер мен теориялар.
Бұл кезеңде саяси ойлар бірте-бірте діни және философиялық көзқарастардан айырылып, сана болмыстың негізі ретінде қарастырылып, заңдар оның құралына айналуы керек деген қағида бірінші кезекке қойылды.
Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуіріндегі реформалық үрдістердің нәтижесінде әлеуметтік мәдениеттің жаңаша үлгілері жасалды, олар өз заманындағы дамыған бүкіл өркениеттік құндылықтар қатарына енді.
Бұл заманның ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің рухани мұраларына сүйенеді.
Антикалақ мұралар жаңа мемлекеттің үлгілерін іздестіруге негіз болды.
Өйткені бұл үлгілер қайта өрлеу заманында өмір сүрген адамдарға жаңа мәселелерді шешу үшін қажет болды.
Никколо Макиавелли
(1469-1527 ж.) флоренциялық ойшыл
Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік – саяси
ойының өкілі итальяндық Никколо ди
Бернардо Макиавелли болды.
Ол діни догмаға емес, бақылау
факторларына негізделген саяси ғылымғы жол салды.
Макиавелли бір орталықтан басқаратын
ұлттық мемлекетті жақтады.
Өзінің «Тақсыр» деген басты еңбегінде
өткенді түсіндіретін, осы күнгіні
басқаратын, болашақты бағдарлайтын
саясатты «тәжірибелі ғылым» деп атады.
Ол кезіндегі саяси ғылымғы «мемлекет»
деген термин енгізді.
Мемлекеттің ең озық түрі деп ол
республиканы таңдап алды.
Макиавеллидің идеялары мен ойлары қайта өрлеу және Реформация дәуіріндегі бірқатар ағымдардың саяси доктринасына
айналды.
ағылшын философы
Томас Гоббс (1588-1679 ж.) Томас Гоббс - Жаңа
дәуірдегі саяси ғылымның ірге тасын салушылардың бірі болып есептеледі.
«Азамат туралы»,
«Левиафан» т.б еңбектерінде мемлекет пен саяси
өкіметтің өзара келісімі негізінде, заңға бағынған қоғамның басқару теориясын ұсынды.