Әрбір бөлімше үшін білім алушылардың икемдері мен дағдылары анықталған. Аталған дағдылар мен икемдерді игеру деңгейі сабақтағы оқу қызметтерін бағалау үшін қарастырылады.
Жедел мақсат қою мұғалімге білім алушының танымдық процесін басқаруға, материалды игертудің қадамдық бақылауын жүзеге асыруға, оқыту процесін жекелендіруге мүмкіндік береді.
Осы Бағдарлама жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-9 сыныптары үшін «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспары негізінде осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып бойынша әр бөлімде қамтылатын оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.
Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.