* * *
Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мəнім:
Емес қой жастықпенен салған əнім.
Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?
Аларсың көп ғибрат, байқағаның.
Қыз, қызық, батыр жазар кезім емес,
Жастарды қызықтырған сөзім емес.
Ертегі емес, ертеде болған бір іс,
Ойдан жалған шығарған сөзім емес.
Əншейін əңгіме деп құлақ салма,
Құр ғана қызығы мен қызын алма.
Ғаділ, залым, шафқатлі, мейірімсіз,
Соларды айыра алмай қапы қалма!
А, Құдай, күнəмді өшір, сауапқа жаз,
Таусылмайды рахматың, не болмайды аз.
Жан кетіп, ағайын, мал қалған кезде,
Өлмес, өшпес дəулетім – осы қағаз.
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |