«елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының ережесі. І. Жалпы ережелері


ІІ кезең – республикалық қорытынды, 17 қараша 2023 жыл



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі28,24 Kb.
#117924
1   2   3   4
ІІ кезеңреспубликалық қорытынды, 17 қараша 2023 жыл Астана қаласы Оқушылар сарайында өтеді.


  1. Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:

  • Ақындар мүшәйрасы

  • Көркемсөз өнері

  • Аспаптық өнер (қазақтың ұлттық аспаптары)

  • Дәстүрлі ән



  1. Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында финалға келген барлық қатысушылар 250 сөзден тұратын эссе жазады. Қатысушылар - тақырыптың ашылу тереңдігі, мазмұны, сауаттылығы, әдеби мәліметтерді орнымен пайдалануы бағаланады. Қорытынды есепте ұпай санына қосылады.

  2. Байқаудың өткізу барысын қадағалау және ұйымдастыру жұмысының дайындығын іске асыру үшін республикалық ұйымдастыру комитеті құрылады.

  3. Ұйымдастыру комитеті Байқаудың қорытынды кезеңінің өткізілу орнын белгілеп, дайындық жұмыстарын жүргізуде тікелей басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын, байқаудың өткізу бағдарламасын, қатысушылардың тізімін бекітіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.

  4. Қазылар алқасының құрамына Қоғам қайраткерлері, ғалымдар, филологтар және білім беру ұйымдарының мамандары, қаламгерлер кіреді.

  5. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін, шеберлігін, тапқырлығын бағалайды. Байқау тапсырмаларын әзірлейді. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сараптап, ұйымдастыру комитетіне тізімін ұсынады.

  6. Қазылар алқасы құрамында 5 адамнан кем болмау қажет.

  7. Финалдық байқау қатысушыларының жол шығындары жіберуші тараптан қамтамасыз етілуі тиіс. Ұйымдастырушылар тарапынан: жатын орын және таңғы, түскі ас қарастырылған.

  8. Байқауға қатысушылар арнайы жиынтықпен (көкірекше «орысша-жилетка», жеңсіз көйлек «орысша-футболка», қойындәптер, қалам) қамтамасыз етіледі.

  9. Қорытынды кезеңнің жеңімпаздарына әр номинация бойынша келесідей қаржылай сыйлықтар қарастырылған:

1-орын: 500.000 тг
2-орын: 300.000 тг
3-орын: 200.000 тг


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет