Дауыссыз дыбыстар
Consonants
Ескерту: ағылшын дауыссыздарының бəрі де екпінмен əрі қатаң айтылады
[p]
pen [pen], soup [su:p]
[ ]
[b]
bad [bæd], web [web]
[ ]
[t] dot
[d t], tea [ti:]
[ ] (
)
[d]
did [did], stand [stænd]
[ ] (
)
[k]
cat [kæt], desk [desk]
[ ]
[g]
bag [bæg], got [g t] [ ]
[ ] chin
[ in], match [mæ ] [ ]
[ ] June
[ u:n], page [pei ]
[ ] [
]
[f] fall
[f :l], safe [seif]
[ ]
[v] voice
[v is], wave [weiv]
[ ]
[ ] bath
[b : ], thin [ in]
[ ]
[ð]
bathe [beið], then [ðen]
[ ]
[s]
rice [rais], so [s u] [ ]
[z] rose
[r uz], zip [zip]
[ ]
[ ] she
[ i:], wash [w ] [ ]
[ ] measure
['me (r)], vision ['vi n] [ ]
[h]
how [hau], who [hu:]
[ ]
[m]
man [mæn], some [s m] [ ]
[n] no
[n u], mutton ['m tn] [ ] (
)
[ ] singer
['si (r)], tongue [t ] [ ]
[l]
leg [leg], metal [metl]
[ ] (
)
[r]
red [red], train [trein]
,
[ ]
[j]
menu [menju:], yes [jes]
[ ]
[w]
wet [wet], why [wai]
[
]
16
17
Пайдаланылған еңбектер:
Reference materials:
1. Oxford Advanced Learner’s Dictionary of Current English by A S Hornby. Fourth Edition, Chief
Editor A P Cowie (1993);
2. Longman Dictionary of Contemporary English. Third Edition 1995;
3. Webster’s Encyclopedic Unabridged Dictionary of the English Language;
4. Большой англо-русский словарь. В.К. Мюллер;
5. Русско-казахский словарь. I – II тома под редакцией Г.Г. Мусабаева, Н.Т. Сауранбаева
(1978 – 1981);
6. Казахско-русский сельскохозяйственный словарь, Тлемисов Х., Рамазанов Е., Алматы,
Кайнар, 1994;
7. Қазақша-орысша сөздік, русско-казахский словарь под редакцией Р.Г. Сыздыковой
и К.Ш. Хусаина, Алматы 2008;
8. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, жалпы ред-н басқарған Т. Жанұзақов, Алматы 2008;
9. English-Urdu, Urdu-English Dictionary ……..;
10. ABBYY Lingvo 12 (e-resource);
11. www.sozdik.kz (internet resource – Russian-Kazakh-Russian dictionary).
СӨЗ ОТАУДЫҢ ТҮЗІЛІМІ
FORMATION OF DICTIONARY ENTRIES
Əр сөз отауы (таныстырылатын сөз бен оған қоса берілген түсніктемелер, мысалдар) таныс-
тырма сөзден, фонетикалық транскрипциядан, граматтикалық сипаттаудан жəне олардың қазақша
баламасынан құралған. Көптеген сөз отауларында қазақшаға аудару мысалдары, идиомалар мен
фразалық етістіктердің баламалары, тағы басқа да қосымша ақпарат берілген.
– таныстырма сөз толық əріптермен дараланады
agelong [‘eiʤlɔŋ] adj өте ұзақ, мəңгі
– лексикалық омонимдер рим цифрларымен белгіленген
bow I [bəu] A.n 1.садақ
bow II [bau] A.v ... тəжім, тағзым ету
– фонетикалық транскрипция шаршы (квадрат) жақшаға алынған
bowling [‘bəuliŋ] n 1.боулиң
– сөз таптарының ара жігі ағылшынның A, B, C, D т.с.с. əріптерімен белгіленген, сөз
мағыналары, идиомалар мен фразалық етістіктер араб сандарымен (1, 2, 3 т.с.с.) белгіленген,
əр сөз мағынасының ішінде сөз реңдері тізілген. Таныстырма сөз мысалдарда ~ (тильда)
белгісімен көрсетілген, ал мысалдардың алдында (ромб) белгісі бар.
braid [breid] A.n 1. (a) өрме бау, өрме тоқыма (бірнеше жіпті айқастыра өрген жіп не таспа) (b) оқа
(алтын оқа, күміс оқа) The general’s uniform was trimmed with gold ~. – Генералдың униформасы
алтын оқамен əдіптелген еді. 2. (US) өрім, бұрым (шаштың) = plait She wears her hair in ~s. –
Ол шашын өріп жүреді. B.v 1. (a)өру, тоқу (b)өрме баумен, оқамен əдіптеу, көмкеру, жиектеу 2.
(US) өру = plait She ~s her hair every morning. – Ол таңертеңгісін ылғи да шашын өреді.
breadth [‘bredθ; ‘bretθ] n 1.ен, кеңдік a garden, room ten metres of ~ - ені он метр бақша, бөлме
2.кеңдік, ауқымдылық (білімнің, тəжірибенің, ойдың) Her ~ of experience makes her ideal for the
job. – Тəжірибесінің көптігі оны бұл жұмысқа өте лайықты етеді. to show ~ of mind, opinions
– ойдың, пікірдің кеңдігін, ауқымдылығын көрсету 3.(idm) *by a hair/a hair’s ~ hair *the length
and ~ of smth length
– қосымша грамматикалық ақпарат транскрипциядан кейін беріледі
aircraft [‘eə(r)krα:ft] n (pl өзгермейді) 1.ұшақ 2.авиация (яғни, аталмыш сөз жекеше де, көпше
түрде де өзгермейді)
colossi [kə’lɒsai] pl of colossus
colossus [kə’lɒsəs] n (pl -lossi [-’lɒsai] не colossuses [-’lɒsəsis]) ...
come [kʌm] A.v (pt came [keim], pp come) ...
big I [big] A.adj (-gger, -ggest) 1.(a) үлкен, дəу, ірі ...
18
19
A, a
A, a I [ei] n (pl A's, a's [eiz]) 1. ағылшын
алфавитінің бірінші əрпі ♦ 'Ann' begins with
(an) 'A’. – «Əнн» (Энн, Анна) жазылғанда ‘A’-
дан басталады. ♦ from A to B - бір жерден
екінші жерге ♦ from A to Z - басынан аяғына
дейін, толығымен, түк қалдырмай 2. (муз)
алтыншы нота – ля 3. (оқудағы) жоғары баға
♦ to get (an) A/’A’ in biology - биологиядан ‘A’
алу 4.(заттың, т.с.с. алғашқы екендігін немесе
бірінші, жоғары дəрежелілігін көрсету үшін
қолданылады) 5. (idm) *A 1 [,ei ‘wʌn] (ауызекі)
керемет ғажап, тамаша, бірінші дəрежелі ♦an
,A1' dinner тамаша ас a II [ə; ei] (кейде an
[ən; æn] нақсыз артикль (бұл артикль аталған
заттың, нəрсенің əңгіме болған уақытқа дейін
мəлім я нақты болмағандығын, көптің бірі
екендігін көрсетеді. Сөз дауыссыз дыбыстан
басталса артикль «a» түрінде, ал дауысты
дыбыстан басталса «an» түрінде жəне ылғи да
сөздің алдынан қойылады) 1.(бір, біреу деген
мағынада) ♦ a man, hotel, girl, committee, unit,
U-turn ♦an egg, aunt, uncle, hour, X-ray, MP,
L-plate 2. (өзінен кейінгі сөзбен немесе сөз
тіркесімен шектелген абстракты зат есімнің
алдына қойылады) ♦There was still an abun-
dance of food when we arrived – Біз келгенде
ол жерде ішіп-жем əлі де мол болатын. ♦ We
need someone with a good knowledge of German.
– Бізге неміс тілін жақсы білетін біреу керек.
3. (əр, əрбір, кез-келген деген мағынада) ♦A
horse is a quadruped. – Жылқы – төртаяқты
(жануар). ♦An owl can see in the dark. – Үкі
түнде көре алады. (бұл жерде ойша «жылқы»
мен «үкі» сөздерінің алдына «əрбір», кез-
келген» сөздерін қоюға болады) 4. (ештеңе,
бірнəрсе деген мағ.) ♦He didn’t tell us a thing
of his holiday. – Ол өзінің демалысы жайлы
бізге лəм демеді. ♦ She is not going to tell a word
about this. – Ол бұл туралы тіс жармақ емес.
5. ♦a friend of mine – менің (бір) досым ♦a
habit of Sally’s – Сəллидің (бір) əдеті 6. (қатар
келген екі зат есімнің алдына қойылады) ♦a
cup and saucer ♦a fork and knife 7. (мөлшерді,
мерзімді т.с.с. білдіреді) ♦£2 a kg – килограмы
2 фунт стерлинг ♦800 words a day – күніне
800 сөз 8.(көбінесе дөрекі, біреуге теңегенде
қолданылады) ♦My boss is a little Napoleon.
– Менің бастығым - кішкене Наполеон.
9.(қызметті, кəсіпті не дəрежені көрсеткенде
қолданылады) ♦My mother is a solicitor. –
Менің шешем – адвокат. ♦My brother is a club
supporter. – Бауырым – клуб жақтасы. 10.
(біреудің еңбегі, туындысы деген мағ.) ♦This
painting is a Picasso. – Бұл сурет Пикассоныкі.
♦This is a Qasteev. – Бұл Қастеевтің суреті.
11.(little, few, good сын есімдерінің жəне
санды зат есімдердің алдына келеді) ♦a little
(time, happiness) water ♦a dozen (он екі), a score
(жиырма), a few (books) days (бірнеше кітап,
күн) 12.(all of, many of т.с.с. сөз тіркестерінен
кейін келеді) ♦all of a size – бəрінің де размері
(көлемі) бірдей, шамалас 13.біреу ♦a Mr. Bruce
Morgan – Брюс Морган мырза деген біреу
a-, ab- І pref (префикс) бей-, -сыз, емес м.:
atypical (əдеттегідей емес, оғаш), asexual
(жыныссыз), abnormal (оғаш, қалыптан тыс)
a-, a ІІ [ə-] pref (префикс) (бастапқыдағы on
префиксінің өзгерген түрі) 1.предикативті сын
есімдерде жəне үстеулерде м.: abed, asleep,
afoot, ashore (төсекте, ұйқыда, жаяу, жағада
(судың)) 2.(келесі өз тіркестерінде) м.: to go a
begging (қайыршылыққа түсу), м.: to go a hunt-
ing (аңға шығу)
aardvark [‘ɑ:dvɑ:k] n (зоол) тропикалық
құмырсқа жегіш аң
aardwolf [‘ɑ:dwulf] n (зоол) жер қасқыры
abaca [‘æbəkə] n абака, манила кендірі (кендір
жібі)
aback [ə’bæk] 1. adv артқа, арт жақтан, арт
жағымен ♦to stand ~ – қашық, шетте тұру,
жалтару 2.(phr v) to take sb ~ – аңырту,
састыру, есеңгірету, таң қалдыру
abacus [‘æbəkəs] n (pl -cuses [-kasiz]) n шот,
есеп-шот (есептеу үшін қолданылатын
құрал, құрылымы: төрт бұрышты рама, ішкі
жағында темір желілер, ал оларға арлы-берлі
қозғалатын дөңгелекшелер кигізілген)
Abaddon [ə’bædən] n 1.(інжіл) Авадон
(тұңғиық періштесі) 2.(кітаби) тозақ
abaft [ə’bɑ:ft; US ə’bæft] 1. adv (теңіз.)
кеменің арт жағында (кормада), кеменің арт
жағына қарай (кормаға қарай) 2. prep. (теңіз.)
кеменің арт жағына (кормаға) жақындау тұста;
соңында, артында ♦~ the mainmast – грот-
мачтаның артында
abandon [ə’bændən] A.v 1.тастау, тастап кету,
бас тарту, қаңырап қалу ♦a baby ~ed by its
parents - əке-шешесі бас тартқан сəби ♦an
~ed car, dwelling, village, fort – тасталған,
қаңырап қалған көлік, тұрақ, ауыл, қамал
♦They ~ed their lands and property to the invad-
ing forces. – Олар өз жерлері мен мүліктерін
жаулаушыларға қалдырып кетті. 2.бас тарту,
доғару, тастау, күдер үзу ♦to ~ a project, plan,
scheme – жобадан, схемадан бас тарту ♦to ~ the
habit – əдетті тастау, доғару ♦ Не ~ed all hope
– Ол үміттен күдер үзді. 3. ~ oneself to smth
қайғыға, сезімге берілу, бой алдыру ♦He aban-
doned himself to despair.- Ол үмітсіздікке бой
алдырды. В.n шектен тыс еркіндік, əдепсіздік,
жүгенсіздік ♦He signed cheques with careless ~. –
Ол чектерге бас-көзі жоқ қол қоя берді.
abandoned [ə’bændənd] adj 1. тасталған,
қаңырап қалған, қараусыз қалған ♦an ~ car –
иесіз қалған көлік 2. əдепсіз, дөрекі, арсыз
abandonment [ə’bændənmənt] n 1. тастау(-
шылық), тастап кету(-шілік), бас тарту(-
шылық) 2.қаңырап қалу(-шылық)
abase [ə’beis] v 1.қорлау, кемсіту, намысына
тию 2.(шенін) төмендету
abasement [ə’beismənt] n 1.қорлық,
кемсітушілік, намысына тию 2.(шенін)
төмендету
abash [ə’bæ∫] v ұялту, қызарту, ыңғайсыз
жағдайға түсіру
abashed [ə’bæ∫t] adj ~ (at/by smth) ұялған,
абыржыған, қызарған embarrassed ♦His boss’s
criticism left him feeling rather ~. – Бастығының
сыны оны абыржытып тастады.
abashment [ə’bæ∫mənt] n ұял(т)у, абырж (ыт)у,
қызару, т.с.с.
abate [ə’beit] v 1.(жел, шу, ауру, т.б.ж.)
əлсіре(т)у, азай(т)у, бəсеңде(т)у, саябырс(ыт)
у ♦People are campaigning to ~ the noise in
our cities. – Жұрт қалалардағы шуды азайту
жөнінде науқанға қатысуда. 2.(салық, баға
ж.) төменде(т)у, түсіру 3.(заң) бұзу, болдырмау
abatement n
abattoir [‘æbətwɑ:(r)] n қасапхана = slaughter-
house (slaughter)
abbacy [‘æbəsi] n (діни) 1.аббаттық, аббатство
(католик монастры) 2.аббат атағы
abbess [‘æbes] n аббатиса (əйел) (католицизмдегі
əйелдер монастрының бастығы)
abbey [‘æbi] n (діни) 1.аббаттық, аббатство,
монастрь 2.аббаттық қауымы, ұжымы 3.бұрын
аббаттық болған шіркеу не ғимарат ♦the West-
minster Abbey – Уэстминстер аббаттығы
(Лондонда)
abbot [‘æbət] n аббат (монастырь немесе
аббаттық бастығы)
abbr (кейде abbrev) (қысқарған деген
мағынаны білдіреді) abbreviated
(аббревиатура), abbreviation сөздерінің
қысқарған түрі
abbreviate [ ə’bri:vieit] v сөзді, сөз тіркесін
қысқарту, аббревиациялау * ~ smth (to smth)
м.: Doctor = Dr.
abbreviation [ə,bri:vi’ei∫ən] n 1.қысқарту,
аббревиация 2.қысқарма, аббревиатура, сөздің
қысқарған түрі м.: September = Sept, Great Brit-
ain = GB
ABC [,ei bi: ‘si:] n 1.əліпби, алфавит 2.негізгі,
бастама ♦~ of gardening – бағбандық негізі,
əліпбиі 3. (idm) * easy as ~ қарапайым, жеңіл
abdicate [‘æbdikeit] v 1.(тақтан) бас тарту,
безу, таю ♦King Edward VIII ~d in 1936 –
Король Эдуард VIII тақтан 1936 ж. безді
2.(лауазымнан, биліктен) бас тарту, таю, безу
abdication [,æbdi’kei∫n] n
abdomen [‘æbdəmən] n (анат., зоол.) іш,
құрсақ, ішек-қарын
abdominal [æb’dɒminl] adj іш, құрсақ, ішек-
қарын ♦~ pains – құрсақ аурулары
abdominally [æb’dɒminəli] adv.
abduct [əb’dʌkt, æb-] v ұрлау, ұрлап əкету
abduction [əb’dʌk∫n, æb-] n 1.ұрлық, ұрлап
əкету 2.абдукция (белгілі бір бағытқа денені
бұрып өзгерту)
abductor [əb’dʌktə(r)] n 1.ұры, ұрлықшы,
ұрлаушы 2.(анат.) абдуктор (бұлшық еттерді
қозғалтушы)
abeam [ə’bi:m] adv (теңіз) траверсте (кеменің
жүрісіне перепендикуляр, көлденең бағытта)
abed [ə’bed] adv төсекте
Abel [‘eibəl] n (інжіл) Авель
aberdevine [,æbəd’vain] n шымшық (құс)
aberrance, cy [æ’berəns, -si] n ауытқу, қалыпты
жолдан таю
aberrant [‘æberənt] adj адасқан, ауытқыған,
қалыптағыдан тайған ♦~ behaviour – оғаш мінез
20
21
aberration [,æbə’rei∫n] n 1.адасу; ауытқу
2.ақылдан алжасу; естен тану, есті жоғалту
3.ақау, кемшілік, дефект, мүкістік ♦ an ~ in the
computer – компьютердегі ақау
abet [‘əbet] v ( -tt-) арандату, (жаман іске)
итермелеу,
үстулеу
, дем беру * ~ smb (in smth)
♦ He was ~ted in this crime by his wife. – Бұл
қылмысқа оны өз əйелі итермеледі.
abetment [ə’betmənt] n əзəзілдік,
арандатушылық
abetter, abettor [ə’betə(r)] n əзəзіл,
арандатушы, сыбайлас
abeyance [ə’beiəns
[
n (idm) * be in ~; fall/go
into ~ (мəселе, заң, хақ ж.) уақытша күшін
тоқтату, белгілі бір уақытқа тоқтап тұру т.с.с.
♦ The question is in ~. - Бұл сұрақ тұйыққа
тірелді. ♦ This law falls into ~ when the coun-
try’s security is threatened.- Елдің хауіпсіздігіне
қатер төнгенде бұл заңға тоқтау салынады.
abhor [əb’hɔ:(r)] v (-rr-) жек көрі , жиіркену
abhorrence [əb’hɒrəns] n жеккөрініш, жек
көрушілік, жиіркенушілік ♦ to have an ~ of war
– соғысқа деген жеккөрініші болу
abhorrent [əb’hɒrənt] adj ~ (to sb)
жеккөрінішті, жиіркенішті ♦ Violence is ~ to
this gentle nature. – Зұлымдық бұл нəзік жанға
жиіркенішті.
abidance [ə’bɑidəns] n (бірнəрсеге) беріктік,
бағынушылық ♦ ~ by rules – ережелерге
бағынушылық, адалдық
abide [ə’bɑid] v ( pp abided, осындағы 3-ші
мағынада pt, pp abode) 1.(теріс мағынада)
шыдау, төзу, сабыр сақтау ♦ I can’t ~ that man. –
Мен ол адамға шыдай алмаймын. ♦ How could
you ~ such conditions? – Мынадай жағдайға
қалай төзесің(із)? 2. ~ by smth адал болу,
орындау, бағыну ♦ to ~ by a promise – уəдеге
берік болу ♦ to ~ by an agreement, ruling –
келісімге, заңға берік (адал) болу, сақтау
3 .(архаизм) қалу, жалғастыру ♦ to ~ at a place –
бір жерде қала беру ♦ to ~ with smb - біреумен
тұруын жалғастыра беру
abiding [ə’bɑidiŋ] adj тұрақты, ұзақ, берік ♦ ~
friendship, hatred, mistrust – берік достық,
ұзаққа созылған жеккөрініш, сенімсіздік
ability [ə’biliti] n 1.қабілет, алғырлық, ептілік
♦ a person of great ~ - қабілеті зор кісі 2.
талант, дарын ♦ to have great musical ~ -
музыкаға деген керемет дарыны болу 3.(idm)
* to the best of one’s ~ бар қабілетін сарқа,
қолдана
-ability, -ibility [ə’biliti; i’biliti] suff -лылық,
-лілік, -дылық, -ділік, -тылық, -тілік
♦ profi tability (пайдалылық), reversibility
(қайтқыштық)
abject [‘æbʤekt] adj 1.аянышты; жеккөрінішті,
сұрықсыз, бейшара ♦ living in ~ poverty/mis-
ery – жан түршігерлік кедейлікте/қорлықта
өмір сүру 2.бейшара, ұсқынсыз, сүреңсіз
♦ an ~ apology – бейшаралана кешірім сұрау
3.опасыз, ұждансыз ♦ an ~ coward – опасыз
қорқақ
abjection [æb’ʤek∫ən] n 1.опасыздық,
ұждансыздық 2.мойын ұсынушылық, бас ұру,
қорлану
abjectly [æb’ʤektli] adv 1.бейшаралана,
қорлана, бас ұра 2.опасыздықпен
abjure [əb’ʤuə(r)] v 1.бас тарту, айну 2.безу,
тану, қайту
abjuration [,əbʤu’reiʃn] n 1.бас тарту, айну
2.безу, тану, қайту
ablactation [,æblək’teiʃn] n баланы емшектен
шығару
ablation [æb’leiʃən] n (геол) тау, кен
жыныстарының бұзылуы, шайылуы;
мұздықтардың еруі
ablative [‘æblətiv] n (грам) аблятив, көмектес
септік
ablaut [‘æblaut] (лингв) абляут (сөздің
грамматикалық формасының өзгеруіне сəйкес
ондағы дауыстылардың өзгеру жүйесі, əсіресе
үндіевропа тілдерінде, м.: write-wrote-written)
ablaze [ə’bleiz] adj 1.жануда, жалын
құшағында ♦ to set smth ~ - бірнəрсеге от қою
♦ The building was soon ~. – Ғимарат біраздан
кейін жалынға оранды. 2. ~ (with smth)
жарқыраған, алаулаған, ұшқындаған ♦ The
place was ~ with lights. – Шамдар ол жерді
жарқыратып тұрды. 3.ашу кернеген, ызаға
бөккен ♦ His face was ~ with anger. – Оның беті
ашудан жалын шарпып тұрды.
able I [‘eibl] adj істей алатын, қолынан келетін
♦ to be ~ to do smth – бірнəрсені істей алу,
шамасы жету ♦ The child is not yet ~ to write. –
Кішкентайдың əлі жазуға шамасы келмейді.
♦ Will you be ~ to come? – Келе аласың (-ыз,
-дар, -ыздар) ба? ♦ You are better ~ to do it than
I. – Бұған менен гөрі сенің шамаң жетеді.
able IІ [‘eibl] adj ( -r, -st [‘eiblist]) білікті,
білімді, қабілетті, алғыр, икемді ♦ an ~ worker –
білікті жұмысшы ♦ the ablest/most able student
in the class – кластағы өте алғыр оқушы
-able, -ible [-əbl] suff 1.(зат есімнен сын есім
құрайды) –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті м.: fashion-
able (сəнді), comfortable (қолайлы, ыңғайлы)
2.(етістіктен сын есім құрайды) м.: eatable
(жеуге жарамды), reducible (кішірейетін),
changeable (өзгеретін, өзгере алатын), perish-
able (тез бұзылатын, ғайып болатын
abloom [ə’blu:m] adj гүлге, реңге толы
ablush [ə’blʌʃ] adj ұялған, қызарған
ablution [ə’bluʃn] n 1.дəрет алу ♦ to perform
one’s ~s – дəрет алу 2.( тех) жуу, шаю
ably [’eibli] adv білікті (түрде), біліктілікпен,
ептілікпен, тиянақты ♦They have done their work
very ~. – Олар өз ісін өте тиянақты орындаған.
-ably, -ibly suff (үстеу құрайды) ♦ notice-
ably (айтарлықтай, байқарлықтай, едəуір,
кəдімгідей, əжептəуір), incredibly (керемет,
тамаша) ♦ The country has noticeably been
changed. – Ел айтарлықтай өзгеріпті.
abnegate [‘æbnigeit] v (ойды, идеяны)
қабылдамау, теріске шығару, мойындамау
abnegation[,æbni’geiʃn] n (кітаби) 1.(ойды,
идеяны) қабылдамаушылық, теріске шығару,
мойындамау 2.(кейде self-abnegation) өзін-өзі
құрбан ету
abnormal [,æb’nɔ:ml] adj 1.оғаш, қалыптан
тыс ♦ ~ weather, behaviour – бір қалыпты емес
ауа райы, оғаш жүріс-тұрыс 2.есерсоқ
abnormality [,æbnɔ:’mæləti] n 1.оғаштық,
қалыпсыздық 2.кемтарлық, ауытқушылық
3.аномалия
abnormity [æb’nɔ:miti] = abnormality
aboard [ə’bɔ:d] adv, prep кемеде (-ге), ұшақта
(-қа), поезда (-ға) ♦ He was already ~ the ship. – Ол
біраздан бері кемеде болатын ♦ We went/climbed
~. – Біз кемеге (т.с.с) міну үшін жүрдік.
abode
I [ə’bəud] n 1 .(кітаби) мекен, тұрақ,
жай, үй 2.(idm) no fi xed ~/address тұрақты
мекені жоқ
abode II pt, pp of abide 3
abolish [ə’bɒliʃ] v жою, құрту ♦ Should the death
penalty be ~ed? – Өлім жазасын жою керек пе?
abolition [,æbə’liʃn] n жою, жойылу, құрт(ыл)
у ♦ the ~ of slavery – құл иеленушіліктің
жойылуы
Достарыңызбен бөлісу: |