affl ux [‘æfl əks] n тасу, толысу
afford [ə’fɔ:d] v 1.(əдетте can, could я be able to модальді етістіктермен бірге қолданылады) мүмкіндігі, мұршасы, шамасы болу ♦They walked because they couldn’t ~ (to take) a taxi. – Олар таксиге ақшасы болмағандықтан жаяу жүрді. ♦You can’t ~ £90. – Сен 90 фунт ст. жұмсай алмайсың (яғни, шамаң жоқ не жұмсауға болмайды). ♦I'd love to go on holiday but I can't ~ the time. – Менің демалысқа барғым-ақ келіп тұр, бірақ уақыт жоқ. 2.(əрекет етуге, т.с.с.)
шамасы келу, мүмкіндігі болу ♦I can't ~ to lose my job. – Жұмысымнан айырылар жайым жоқ. 3.~ smth (to smb) (кітаби) беру, қамтамасыз
ету ♦The tree ~ed (us) welcome shade. – Ағаш бізге жанға жайлы сая болды. ♦Television ~s pleasure to many. – Теледидар көпке қызық сыйлайды. afforest [ə’fɒrist; US ə’fɔ:r-] v орман отырғызу,
ағаш отырғызу
afforestation [ə,fɒris’teiʃn; US ə,fɔ:r-] n орман
отырғызу, ағаш отырғызу
48
49
affranchise [ə,frænʧaiz] v еркіне жіберу
affray [ə’frei] n қоғамдық тəртіпті бұзу,
бұзақылық ♦The men were charged with caus- ing an ~. – Ол адамдарға қоғамдық тəртіпті бұзды деген айып тағылды. affreightment [ə,freitmənt] n (теңіз) фрахталау,
кеме жалдау
affricate [‘æfrikit] n (фонетика) аффрикат (дыбыс)
affront [ə’frʌnt] А. n ~ (to smb/smth) тіл тигізу,
шамына тию, даттау ♦His speech was an ~ to all decent members of the community. – Оның сөзі қауымның барлық мүшесіне тіл тигізу болып табылады. В.v1.тіл тигізу, шамына тию,
даттау 2. (қауіпке, т.с.с.) тура қарау, қаймықпау
affronted adj ~ (at/by smth) ренжіген,
шамданған, ширыққан, қорланған ♦He felt deeply ~ at her rudeness. – Оның (əйелдің) дөрекілігі оның (ердің) шымбайына батып кетті. affusion [ə’fju:ʒən] n (су) құю, төгу
Afghan [‘æfgæn] n 1.(a) ауған, ауғандық (b)
ауған тілі 2.afghan ауған тоны (қой терісінен
жасалған)
Afghan hound [,æfgæn ‘haund] n ауған тазысы
afi cionado [ə,fi sjə’nα:dəu; кейде ə,fi ʃі-] п (pl ~s)
(испан) сері, ойын-сауыққа қызыққыш, əуесқой
адам♦an ~ of bullfi ghting – бұқалар соғысының əуесқойы afi eld [ə’fi :ld] adv(idm) *far/farther/further ~ алыста, қашықта, т.с.с. ♦Some villagers have never been further ~ than the neighbouring town. – Ауылдағы кейбіреулер көрші қалашықтан алыс ешқайда ұзамаған. ♦То fi nd the causes of the problem we need look no further ~ than our own department. – Проблеманың себебін табу үшін бізге өз департаментімізден алысқа ұзап керегі жоқ. afi re [ə’faiə] adv от, жалын құшағында, т.с.с.
afl ame [ə’fl eim] adj 1.от, жалын құшағында,
т.с.с. ♦The whole building was soon ~. – Аздан соң ғимарат тұтастай от құшағында қалды. ♦Her cheeks were ~. – Оның беті алаулап тұрды. 2.толқыған, қозған ♦~ with desire – ынтыға толқыған afl at [ə’fl æt] adv көлбеу, жайпақ, жазық, тегіс
afl oat [ə’fl əut] adj 1.(суда, ауада) қалқыған,
толқыған, аққан, т.с.с. ♦The boat stuck on a sandbank but we soon got it ~ again. – Қайық қайраңға отырды, алайда аздан соң біз қайтадан жүзіп бара жаттық. ♦The ship was listing badly but still kept ~. – Кеме бір жағына қатты жантайса да су үстінде тұрды. 2.теңізде; кемеде ♦to enjoy life ~ - теңіздегі өмірге рахаттану 3.қиындықтан, қарыздан
аман ♦The fi rm managed to stay ~ during the re- cession. – Құлдырау кезінде фирма қиындықтан аман қалды. 4.істеп тұрған ♦toget a new busi- ness ~ - жаңа бизнес бастау 5. (өсек, қауесет
ж.) айтылып жүрген, елге тараған ♦There's a story ~ that he’ll resign. – Ол отставкаға кетеді деген өсек бар. afoot [ə’fut] adj дайындық үстінде, əзірленуде;
болып жатыр ♦There's a scheme ~ to put a motor- way through the park. – Парк арқылы асфальт жол салу схемасы əзірленуде. ♦Great changes are ~. – Үлкен өзгерістер болып жатыр. afore- [ə’fɔ:-] pref жоғарыда
aforementioned [ə,fɔ:’menʃənd] (кейде afore- said [ə’fɔ:sed], said) adj (кітаби) (əсіресе расми
құжаттарда) жоғарыда аталған ♦~ persons – жоғарыда аталған адамдар aforethought [ə’fɔ:θɔ:t] adj əдейі, қасақана
aforethought [ə'fɔ:taim] adv бұрын, ескіде,
көнеде
a fortiori [,ei ,fɔ:ti'ɔ:rai] adv (латын) дəл, нақ
осы себепті ♦If he can afford a luxury yacht, then ~ he can afford to pay his debts. – Оның қымбат яхтаға шамасы жетсе, дəл осы себепті де оның өз қарызын өтеуге мұршасы бар. afraid [ə’freid] adj [pred] 1.(a)~ (of smb/ smth); ~ (of doing smth/to do smth) қорыққан,
үріккен ♦Don't be ~. – Қорықпа. ♦There's noth- ing to be ~ of. – Қорқатын дəнеңе жоқ. ♦Are you ~ of snakes? – Жыланнан қорқасың ба? ♦Don't be ~ to ask for help if you need it. – Қажет болса, күмілжімей көмек сұра. (b)~ of doing smth/ ~
that... (бірнəрсеге бола) мазасыздану, қобалжу,
қорқу ♦I was ~ of upsetting him/~ (that) I might upset him. – Мен оны түңілтіп алармын деп мазасыздандым. ♦He's ~ of losing customers/that he might lose customers. – Ол тұтынушыларды үркітіп аламын ба деп қорқады. (с)~ for smth/ smb біреу/бірнəрсе үшін қорқу ♦parents ~ for (the safety of) their children – балалары(-ның саулығы) үшін қорыққан ата-аналар 2.(idm) *be ~ of one’s own shadow өз көлеңкесінен
қорқу
afresh [ə’freʃ] adv тағы да, басынан бастап,
жаңадан ♦Let's start ~. – Басынан бастайық. African [‘æfrikən] adj, n африкалық, африка
African violet [,æfrikən ‘vaiələt] n əдетте үйде
өсетін шығыс африкалық сия түстес, күлгін
немесе ақ гүлдері бар өсімдік
African(d)er [,æfri’kæn(d)ə] = Afrikan(d)er Afrikaans [,æfri‘kα:ns] n африкаанс (голланд
тілінен дамыған Оңт. Африкада сөйленетін
тіл)
Afrikan(d)er [,æfri’kæn(d)ə(r)] n африкан(д)ер
(ақ нəсілді, тегі голланддық Оңт. Африкалық
адам)
Afro [‚æfrəu] adj (шаштың сəні) өте бұйра
əрі қалың (кейбір африкалықтардың шашы
сияқты)
Afro- comb form African «Африка,
африкалық» сөзінің қысқарған түрі ♦Afro- Asian – афроазиялық ♦Afro-American – афроамерикалық (АҚШ қара нəсілді адамы
немесе соларға қатысты ұйым)
aft [α:ft; US æft] adv 1.кеменің кормасында не
сол жаққа қарай 2.ұшақтың құйрық жағында не
сол жаққа қарай 2.(idm) *foreand ~ (қ-з: fore)
after [‘α:ftə(r); US ‘æf-] А. adv 1.кейін, соң
♦The day ~, he apologized. – Келесі күні ол кешірім сұрады. 2.артынан, соңынан ♦She fol- lowed on ~. – Ол соңынан ілесіп отырды. В. prep 1.(a) (бірнəрседен) соң, кейін♦to leave ~ lunch, shortly ~ six – түскі астан соң, алтыдан соң кету ♦the day ~ tomorrow – бүрсігүні (b)
smth ~smth бірінен соң бірі ♦day ~ day/week ~ week/year ~ year – күн өткен сайын, апта артынан апта, жыл өткен сайын ♦He fi red shot ~ shot. – Ол атқан үстіне ата түсті. 2.соңынан, артынан ♦Shut the door ~ you when you go out. – Тысқа шықсаң соңыңнан есік жап. 3.соң, кейін ♦С comes ~ В in the al- phabet. - Əліпбиде «С» «В»-дан кейін келеді. ♦Your name comes ~ mine on the list. – Тізім бойынша сенің есімің менікінен кейін келеді. 4.себепті, болғандықтан, істелгендіктен, кейін
♦After what he did to my family, Ihate him. – Менің жанұяма істеген існен соң мен оны жек көремін. ♦After your conduct last time, did you expect to be invited again? - Өткен кездегі қылығыңнан соң енді шақырады деп ойлап па едің? 5.соңынан, өкшелей, ізін ала
♦We ran ~ the thief. – Біз ұрыны өкшелей қудық. ♦Thepolice are ~ him. – Полиция оның соңында жүр. 6.туралы, жайлы, қатысты
♦They inquired ~ you. – Олар сен жайлы сұрады. 7. қарамастан, не болса да ♦After eve- rything I’ve done for him, he still ignores me. – Не істегеніме қарамастан, ол мені əлі де менсінбейді. 8. (біреудің/бінəрсенің) стилінде,
мəнерінде, еліктей; құрметінде ♦a painting ~ Rubens – Рубенске еліктей салынған сурет ♦to draw up aconstitution ~ the American model – американдық модельге еліктей конституция жобалау ♦We've named the baby ~ you. – Сəбиге сенің құрметіңе сенің атыңды бердік. 9.to take ~ smb біреуге тарту, ұқсау ♦the boy
takes ~ his father – бала əкесіне ұқсаған 10.to look ~ smb біреуге қарау, қамқор болу 11.
(idm) *~ all əрі-беріден соң, ақыр аяғында ♦So you've come ~ all! – Иə, ақыры келдің бе? ♦Af- ter all, what does itmatter? - Əрбірден соң, не қылады дейсің? C.conj сол уақытта, сол кезде
♦I arrived ~ he (had) left. – Мен ол кете сала келдім. ♦We'll arrive ~ you’ve left. – Сен кетіп қалғаннан кейін біз келеміз. D.adj 1. кейінгі
♦in ~ years – кейінгі жылдары 2. кеменің
кормасында (арт жағына) не оған жақын
afterbirth [‘α:ftəbə:θ] n (анат)шу, жолдас
(жаңа туған нəрестенің, төлдің)
afterburning ['α:ftə,bə:niŋ] n (техн) жанармайдың жанып бітуі
aftercare ['α:ftəkeə] n сауығушыны күту
aftercrop ['α:ftəkrɔp] n (ауыл шар.) екінші
өнім, түсім, екінші орым
after-damp ['α:ftədæmp] n (тау-кен) өзара
араласқан улы газдар
after-effect ['α:ftəri,fekt] n зардап, салдар; əсер
after-game ['α:ftəgeim] n 1.есесін қайтаруға
əрекеттенушілік 2.соңынан істелінген амал-
шарғы
afterglow ['α:ftəgləu] n 1.кешкі шапақ
2.алынған, қалған жайлы əсер
after-image ['α:ftər,imidʒ] n есте қалған бейне,
кескін
afterlife ['α:ftərlaif] n 1.о дүниедегі өмір
2.өмірінің кейінгі жартысы, кейінгі жылдары
afterlight ['α:ftəlait] n өткеннің жаңғырығы,
естеліктері
aftermath ['α:ftəmæθ] n 1.= aftergrass 2.зардап, залал ♦the ~ of the earthquake – жер сілкінісінің зардаптары after-most [‘α:ftəməust] adj кеменің артқы
жағына таяу
50
51
afternoon [,α:ftə'nu:n; US ,æf-] n түстен кейін,
түс қайта ♦in/during the ~ - түстен кейін, түс қайта ♦this ~ - бүгін түс қайта, күндіз ♦good ~! – қайырлы күн! afternoons [,α:ftə'nu:nz; US ,æf-] adv (əдетте, күн
сайын) түстен кейін ♦A~, he works at home. – Түстен кейінгі уақытта ол үйде жұмыс істейді afters ['α:ftəz; US 'æf-] n (Брит. ауызекі) десерт, негізгі астан кейін берілетін жеңіл
тағамдар ♦What's for ~? – Десертке не бар екен? ♦We had fruit salad for ~. – Десерт орнына жеміс-жидек салатын жедік. aftershock [‘α:ftəʃɔk] n (геол) негізгі жер
сілкінісінен кейінгі дүмпу
aftershave [‘α:ftəʃeiv] n қырынғаннан кейін
қолданылатын лосьон
after-taste [‘α:ftəteist] n 1.жеген не ішкеннен
кейін қалған ауыздағы дəм ♦wine which leaves an unpleasant ~ – ауызда жағымсыз дəм қалдыратын шарап 2. (ауыспалы мағ.) ойда
қалған сезім не əсер
afterthought [‘α:ftəθɔ:t] n кеш, артынан
ойланған нəрсе; кеш, артынан қосылған
нəрсе ♦Just as an ~ – why not ask Jim? – Неғып Джимді өтінбеске – осы ой қалай? ♦The fi lm was made fi rst and the music was add- ed as an ~. – Алдымен фильм жасалды, сосын оған қосымша ретінде музыка қосылды. ♦Mary was a bit of an ~ –her brothers and sis- ters are all much older than her. – Мəри кеш туылған бала – оның ағалары мен əпкелері одан əлдеқайда үлкен. afterwards [‘α:ftəwədz; US ‘æf-] (US кейде afterward) adv кейіннен, артынан,
соңынан, содан соң ♦Let's go to the theatre fi rst and eat ~. – Алдымен театрға барайық, сосын тамақтанайық. again [ə’gen, ə’gein] adv 1.тағы да, тағы бір
рет, жаңадан, қайтадан ♦Try ~. – Тағы бір рет көр (талпын). ♦Say that ~, please. – Қайтадан айтыңызшы. ♦Here comes Joe, drunk ~. – Міне Джо келеді, тағы да мас. ♦Don't do that ~. – Бұны ендігəрі қайталама. о This must never happen again. 2.бұрынғыдай, қайта, қайта
айнала♦He was glad to be home ~. – Ол айналып үйге келгеніне қуанды. ♦Back ~ already? – Қайта оралып қойғансың ба? ♦You'll soon be well ~. – Аздан соң бұрынғыдай болып сауығып кетесің. ♦I'm glad he's himself/his old self ~. – Оның бұрынғы қалпына келгеніне қуаныштымын. 3.(a) сонда да, тағы да, дегенмен ♦Again, we have to consider the legalimplications. – Дегенмен, құқықтық салдардың қандай болатыны жөнінде ойлануымыз керек. (b) бір жағынан, т.с.с.♦Imight, and(there/then) ~ I might not. – Солай етуім де мүмкін, болмаса олай етпеуім де мүмкін. 4.(idm) *~ and ~ қайта-қайта, үсті-үстіне, бастырмалата *now and ~ кейде, ара-тұра *time and ~ бірнеше
дүркін, жиі *as much ~ тағы осынша *half as high ~ as smb, half ~ smb’s height біреуден бір
жарым есе ұзын, жарты бел биік *half ~ his size одан анағұрлым ірі against [ə’genst, ə’geinst] prep 1.қарсы, қайшы
♦to row ~ the current –ағысқа қарсы есу ♦That is ~ law. –Ол заңға қайшы. ♦His age is ~ him. -Өз жасы өзіне кедергі. 2.-ға, -ге, -қа, -ке
♦Put the piano there, with its back ~ the wall. – Пианиноны ана тұсқа, арт жағын қабырғаға жақындата қой. ♦He was leaning ~ a tree. – Ол ағашқа сүйеніп тұрған. ♦The rain beat ~ the car windscreen. – Жауын машинаның маңдайын төпеледі. 3.қарама-қайшы, кереғар, сиыспайтын
♦The skier's red clothes stood out clearly ~ the snow. – Шаңғышының алқызыл киімі ақ қардың үстінде көзге оттай басылды. 4.(бірдеңеден
сақтана, бірнəрсе күте, бірнəрсеге дайындала
деген мағ.) ♦to protect plants ~ frost – көшеттерді үсіктен сақтау ♦to take precautions ~ fi re – отқа қарсы қамдану ♦an injection ~ ra- bies – құтырмаға қарсы егу 5.сəйкес, тиісті ♦al- lowances to be set ~ income – жалақы кіріске сай белгіленеді 6. қатысты, сай, шаққанда ♦What's the rate of exchange ~ the dollar? – Долларға шаққандағы айырбас курсы қандай? ♦Tickets are issued only ~ payment of the full fee. – Құны толық төленгеннен кейін ғана билеттер беріледі. 7.(idm) *to be up ~ мəселеге бетпе бет
келу, бірд. істеуге тиісті болу *to tell a story ~ smb біреудің сыртынан сөз айту *as ~ smth:
♦We had twelve hours sunshine yesterday, as ~ a forecast of continuous rain. – Кеше күні бойы күн жарқырап тұрды, үздіксіз жауын болады деген болжам бекер болды. agamic [ə’gæmik] n (биол) жыныссыз
agape [ə’geip] adj ~ (with smth) аузы аңқиған
♦He watched with mouth ~. – Ол аузы аңқиа қарады. agaric [‘ægərik] n (бот) қатпарлы
саңырауқұлақ
agate [‘ægət] n (мин) агат, жұзақ (кварц текті
қатты асыл тас)
agave [ə’geiv] n (бот) агава (гүлді зейнет
өсімдігі)
agaze [ə’geiz] adj predic таңырқай, аң-таң
age [eiʤ] А.n 1.өмір жасы, жас ♦What ~ is he? – Оның жасы қаншада? ♦We have a son your ~. – Біздің сенімен жасты ұлымыз бар. ♦I left school at the ~ of 18. – 18 жаста мектепті тастадым. 2.кəрілік, қартайған кез ♦His face was wrinkled with ~. – Оның бетін кəрілік əжімдеген. 3.дəуір,
заман, кезең, ғасыр ♦the Elizabethan Age – Елизавета дəуірі (Королева І Елизавета билеп тұрған кезең) ♦modern ~, the nuclear ~, the Mid- dle Ages – қазіргі заман, атом ғасыры, орта ғасырлар 4. (əдетте pl)(ауызекі)тым ұзақ,
көп уақыт ♦Iwaited (for) ages/an ~. – Мен тым ұзақ күттім. ♦It took (us) ages to fi nda place to park. – Көлікті қоятын жер тапқанша талай уақыт өтті. 5.(idm) *the ~/years of discre- tion ер жеткен шақ *at a tender ~/of tender~ жасөспірім шақ, жеткіншек шақ *the awkward ~ өтпелі кезең, балалықтан ер жеткен шаққа
өтетін кезең *to be/come of ~ кəмелетке толу
*be your ~ (ауызекі көбінесе бұйрықты рай)
жасыңа қара, яғни жасыңа қылығың сай болсын
дегенді білдіреді *to feel one’s ~ жасы келгенін,
қартайғанын сезу *in this day and ~ қазіргі
кезде, бүгіндері *to look one’s ~ жасына сай
көріну ♦She doesn 't look her ~ at all. – Ол мүлде жасына сай көрінбейді. *(to be) of an ~ шағы,
кезі келу ♦He's of an ~ when he ought to settle down. – Ол орнығатын шаққа келді.*of an ~ with smb жасты, құрдас *over ~ жасы тым үлкен *under ~ кəмелетке толмаған, жасы толмаған ♦under-age teenagers – кəмелетке толмаған жасөспірімдерВ. v (pres p ageing or aging, pp aged) 1.қартаю ♦He's (he has) ~d a lot recently. – Соңғы кездері ол едəуір қартайып қалды. ♦Worry ~d him rapidly. – Қобалжу оны тез қартайтты. 2. жетілу, толысу ♦toallow wine to ~ - шараптың жетілуіне мұрсат беру aged adj 1. [eiʤd] белгілі бір жастағы ♦The boy was ~ ten. – Бала он жаста болатын. 2.[‘eiʤid] кəрі, қарт, егде, қартайған♦an ~ man – жасы келген адам 3. theaged [‘eiʤid] n қарттар, кəрілер, кемпір-шал
age-group [‘eiʤ,gru:p] (кейде age-bracket [‘eidʒ,brækit]) n құрдастар (тобы), белгілі
бір жастағы адамдар тобы ♦Only people in the ~ 20-30 need apply. – Тек 20 мен 30-дың арасындағылар ғана өтініш бере алады. ageless [‘eiʤlis] adj қартаймайтын,
көнермейтін; мəңгі
agelong [‘eiʤlɔŋ] adj өте ұзақ, мəңгі
ageing (кейде aging) [‘eiʤiŋ] n 1.қартаю
2.толу, жетілу, т.с.с.
-age suff (зат есімдер мен етістіктерге
жалғанып зат есімдер құрайтын жұрнақ) ♦bondage – байланыс, туыстық ♦baggage – жүк, багаж ♦breakage - сынық ♦wastage – күл- қоқыс ♦postage – поштамен жіберу құны ♦por- terage – жүк тасу құны ♦anchorage – якорь тастайтын жер ♦orphanage – жетімдер үйі ♦mileage – спидометр көрсеткіші ♦dosage – доза, дəрі-дəрмек мөлшері ageism (also agism) [‘eiʤizəm] n (жақтырмай) адамды жасына қарай бөлу, кемсіту, эйджизм
agency [‘eiʤənsi] n 1.(a) агенттік, мекеме,
фирма, т.с.с. ♦an employment, a travel, an advertising ~ –жұмыспен қамту, туризм, жарнама агенттігі (b) (əсіресе АҚШ-та) (үкімет) агенттігі, басқармасы ♦Central Intel- ligence Agency – Орталық Барлау Басқармасы (орысша ЦРУ) 2.(idm) *by/through the ~ of smth/smb (кітаби) бірнəрсенің/біреудің
əрекетінің нəтижесінде♦rocks worn smooth through the ~ of water – судың əсерінен тегістелген жартастар ♦He obtained his posi- tion by/through the ~ of friends. – Ол лауазымына достарының арқасында жетті. agenda [ə’ʤendə] n күн тəртібі (жиналыстағы,
т.с.с.)♦The ~ for the meeting is as follows... . – Жиналыстың күн тəртібі келесідей... . agent [‘eiʤənt] n 1.агент, өкіл, сенімді адам,
т.с.с. ♦an insurance ~ – сақтандыру агенті ♦a travel ~ – туристік фирма өкілі ♦our ~s in the Middle East – Таяу Шығыстағы біздің өкілдеріміз 2.(a) бірнəрсеге себепкер, себепті
адам ♦the ~ of his own ruin – өзін-өзі қорлыққа душар еткен (b) химиялық, т.с.с. агент ♦chemi- cal ~ –химиялық агент, реактив ♦cleaning ~s –тазартқыш заттар 3. = secret agent шпион, жау агенті, жансыз, тыңшы.