cortege [kɔ:teiʒ] n кортеж (көбiнесе жерлеуге
бара жатқан адамдар мен көлiктер шеруi, легi)
cortex [‘kɔ:teks] n (pl cortices [‘kɔ:tisiz])
1.(медиц) мидың я басқа органның қабығы
2.қабық
cortical [‘kɔ:tikl] adj қабық, -тың,-тық, -қа
қатысты т.с.с. [қ-з cortex]
cortices [‘kɔ:tisiz] pl of cortex
cortisone [‘kɔ:tizəun] n кортизон (шорбуын ar-
thritis ауруын, кейбiр аллергияларды емдеуге
пайдаланылатын гормонь)
corundum [kə’rʌndəm] n корундум (кетiру
үшiн, ұнтақ күйiнде жалтырату үшiн
қолданылатын қатты кристалды минерал)
coruscate [‘kɒrəskeit; US ‘kɔ:r-] v (кiтаби)
жарқ ету, жарқылдау
coruscation [,kɒrə’skeiʃn; US ,kɔ:r-] n (кiтаби)
жарқ ету, жарқылдау
corvette [kɔ:’vet] n 1.корвет, сауда кемелерiн
күзететiн шағын, жүрдек соғыс кемесi
2.(бұрынғы уақыттарда) желкендi соғыс
кемесi
cos I [kɒs] n (кейде cos lettuce) салат ромэн,
кос (жапырақтары ұзын бақша өсiмдiгi)
cos II [kɒs] abbr of cosine
cos III [kɒz] (кейде ‘cos) conj (кiтаби) because
(қысқарған түрi)
cosec [‘kəusek] abbr of cosecant
cosecant [,kəu’si:kənt] n (abbr cosec) (матем)
косеканс
coset [‘kəuset] n (матем)
cosh [kɒʃ] A.n (əсiресе Brit) таяқ (iшiне темiр
құйылған, соғуға арналған таяқ) B.v (əсiресе
Brit) таяқпен ұру, таяқтау
co-signatory [,kəu’signətəri; US -tɔ:ri] n ~ (of/to
smth) (шартқа т.с.с.) бiрге қол қоюшы
cosine [‘kəusain] n (abbr cos) (матем) косинус
cosmetic [kɒz’metik] A.n косметика B.adj
1.косметикалық 2.(əдетте жақтырм) сырт
пiшiнiн өзгертуге ғана талпынған, жасамық,
косметикалық
cosmetically [kɒz’metikli] adv [қ-з: cosme-
tic]
cosmetician [,kɒzme’tiʃn] n косметолог,
косметика сатушы я ол жөнiнде кеңес берушi
cosmetic surgery косметикалық операция,
бiреудiң сырт пiшiнiн жақсарту үшiн
iстелiнетiн хирургиялық операция
cosmic [‘kɒzmik] adj космос, ғарыш, ғалам
-тық, -тың т.с.с. ♦Physics is governed by ~
laws. - Физика космос заңдарына бағынады.
♦(ауысп. мағ.) a disaster of ~ proportions -
ғаламдық масштабтағы апат
cosmic dust космос шаңы, космос тозаңы
cosmic rays космос сəулелерi (космостан
жерге келiп жететiн радиация)
cosmogony [kɒz’mɒgəni] n (кейде cosmology)
космогония, əлемнiң пайда болуы жəне дамуы
жөнiндегi iлiм, теория
cosmology [kɒz’mɒləʤi] n 1.космология,
əлемдi, оның пайда болуы мен дамуын
ғылыми зерттеу 2.cosmogony
cosmologist [kɒz’mɒləʤist] n космолог
cosmonaut [‘kɒzmənɔ:t] n косманавт,
ғарышкер
cosmopolitan [,kɒzmə’pɒlitən] A.adj 1.(a)
космополит, шартараптан, əр жақтан адамдар
жиған ♦the ~ gatherings at the United Na-
tions Assembly - БҰҰ Ассамблеясындағы
түрлi елдер өкiлдерi қатысатын жиындар
(b)(биол) көп кездесетiн, кең тараған 2. (оң
мағ.) ұлттық тар түсiнiктерден, нанымдардан
ада, кең көзқарастағы, космополит B.n
космополит, ұлттық тар түсiнiктерден ада, кең
көзқарастағы адам
cosmos [‘kɒzmɒs] n the ~ космос, ғарыш,
ғалам, əлем
cosset [‘kɒsit] v (жақтырм) тым қорғаштау
♦industry ~ed by tariffs on foreign imports -
444
445
шетелдiк импорттарға деген тарифтермен
қорғашталған өнеркəсiп
cost [kɒst; US kɔ:st] A.v (pt, pp cost) 1.бағасы,
құны болу, белгiлi бiр сомаға тұру ♦ How
much/what does it ~? - Мынау (мына зат)
қанша тұрады?/Мынаның құны қанша?
♦The meal cost us $30. - Тамақтану үшiн бiз
$30 төледiк. 2. (ауысп. мағ.) (a)нəтижесiнде
жоғалту, зиян шегу т.с.с. ♦Dangerous driving
could ~ you your life. - Машинаның қатты
жүргiзсең, өмiрiңнен айырылуың мүмкiн.
♦The scandal cost her her career. - Жанжалдың
нəтижесiнде ол қызметiнен айырылды. (b)
белгiлi бiр күш-жiгердi, талпынысты қажет
ету ♦Her irresponsible behaviour cost her
father many sleepless nights. - Оның ессiз
қылықтарының салдарынан əкесiне түн
ұйқысын төрт бөлуге тура келдi. ♦Compiling
a dictionary ~s much time and patience. - Сөздiк
құрастыру үшiн көп уақыт əрi шыдам керек.
3.(pt, pp ~ed) (коммерц) белгiлi бiр нəрсеге
кететiн шығынды есептеп шығару ♦Has this
project been ~ed? - Мына жобаның шығыны
есептелiп шығарылды ма? 4.(ауызекi) бiреу
үшiн қымбат болу ♦You can have the de luxe
model if you like, but it’ll ~ you. - Алғың келсе
ала бер де люкс моделiн, бiрақ бұл сен үшiн
өте қымбат болады. 5.(idm) *to charge/ ~
/ pay smb the earth earth *to ~ smb dear
бiреуге залал, шығын т.б. əкелу, ауыр нəрсеге
ұрындыру ♦That mistake cost him dear: he lost
the game because of it. - Жiберген қатесi ол
үшiн ауыр соққы болды: осының кесiрiнен ол
ойында ұтылды. 6.(phr v) *~ smth out құнын
есептеп шығару ♦I thought I could afford it,
then I ~ed it out properly and found it was too ex-
pensive. - Менiң оған ақшам жететiн шығар
деп ойлағанмын, сосын есептеп шығарғанда
оның тым қымбат екенiне көзiм жеттi. B.n
1.құн, баға ♦She built the house without regard
to ~. - Ол үйiн құнына қарамастан салды.
♦the ~ of living/living ~s - өмiр сүруге кететiн
шығындар, өмiр сүру құны 2.бiрнəрсеге
қол жеткiзу үшiн қажет нəрсе, күш-жiгер,
құрбандық, құн ♦The battle was won at (a)
great ~ in human lives. - Ұрыста жеңiске жету
үшiн көп адам құрбан болды. 3.~s (заң) сот
шығыны, сотта бiрнəрсенi шешуге я реттеуге
жұмсалатын шығын ♦to pay a $50 fi ne and
$25 ~s - $50 айыппұл (штраф) жəне $25 сот
шығынын төлеу 4.(idm) *at all ~s не болса
да, қайтсе де ♦You must avoid a scandal at all
~s. - Не болса да, жанжалдан аулақ жүр.
*at the ~ of smth бiрнəрсенi құрбан ете ♦She
saved him from drowning, but only at the ~ of
her own life. - Ол оны суға батып кетуден өз
жанын құрбан етiп қана құтқара алды. *to
count the ~ count *to one’s ~ өзi кезiнде
жапа шеккендiктен бiлетiн деген мағ. ♦Wasp
stings are serious, as I know to my ~. - Сонаның
шаққандары ауыр болады, мен өзiм басымнан
өткергем.
cost accountant, clerk есепшi, бухгалтер
co-star [‘kəu stα:(r)] A.v (-rr-) (кинода я ТВ-де)
1.~ (with smb) фильмде я пьесада өзi сияқты
басқа да кино я театр жұлдыздарымен түсу,
жұмыс iстеу ♦Laurence Oliver is in the fi lm, and
Maggie Smith ~s with him. - фильмде Лоуренс
Оливер бар, жəне Мəгги Смит онымен бiрге
ойнайды. 2.фильмде бiрнеше жұлдыз (атақты
актер) болу ♦The fi lm ~red Robert Redford and
Paul Newman. - Фильмде Роберт Редфорд
пен Пол Ньюмəн бiрге жарқырайды. B.n ко-
стар, фильмге түсетiн я пьесада ойнайтын көп
жұлдыздардың (əйгiлi актерлардың) бiрi ♦His
~ in the fi lm was Maggie Smith. - Ол фильмге
Мəгги Смитпен бiрге түстi.
cost benefi t (экономикада) бiр заттың құны
мен одан түсетiн пайданың арақатынасы
cost-effective adj пайдалы ♦It isn’t ~ to build
cars in such small quantities. - Машиналарды
осындай аз мөлшерде шығару пайдалы
емес.
cost-effectiveness n пайдалылық, тиiмдiлiк
costermonger [‘kɒstəmʌηgə(r)] n (көне қолд
Brit) арбамен жүрiп жемiс-жидек, көкөнiс
саушы
costing [‘kɒstiη] n бiрнəрсенiң бағасын, құнын
есептеп шығару, есептеу
costly [‘kɒstli; US ‘kɔ:st-] adj (-ier, -iest)
қымбат ♦a ~ mistake - ауыр қате
costliness [‘kɒstlinis; US ‘kɔ:st-] n қымбаттық,
құнының көптiгi
cost price (коммерц) 1.тауардың өзiндiк құны
2.көтерме саудадағы құны
costume [‘kɒstju:m; US -tu:m] n киiм, костюм
costumier [kɒ’stju:miə(r); US -’stu:-] n костюмер,
костюм тiгушi, сатушы я жалға берушi
costume jewellery жасанды тастардан iстелген
арзанқол асыл бұйымдар
cosily adv [қ-з: cosy]
cosiness n [қ-з: cosy]
cosy [‘kəuzi] A.adj (US cozy) (-ier, -iest) (оң
мағ.) 1.жайлы, жақсы 2.ақжарқын, жылы
B.n (шəйнекrt, пiскен жұмыртқаға арналған)
құндақ, қап, тыс
cot [kɒt] n 1.(Brit) (US crib) сəби төсегi 2.(US)
қарапайым жiңiшке төсек
cotangent [kəu’tænʒənt] n (abbr cot) (матем)
котангенс
cot-death n ұйқыдағы сəбидiң түсiнiксiз
жағдайда шетiнеп кетуi
cote [kəut] n (құрама сөздерде) үй
жануарларына, құстарға арналған қора, пана,
ұя не үйшiк ♦a dove-~ - көгершiн ұясы ♦a
sheep-~ - қой қора
co-tenant [,kəu’tenənt] n (үйде т.с.с.) бiрге тұрушы
coterie [‘kəutəri] n (көбiнесе жақтырм)
үйiрме, мүдделестер тобы ♦a literary ~ - əдеби
үйiрме
coterminous [,kəu’tз:minəs] adj ~ (with smth)
(кiтаби) шекаралас
cottage [‘kɒtiʤ] n коттедж, ауылды жердегi
шағын үй
cottage cheese коттедж сыры, iрiмшiгi
(iрiмшiктiң түрi ақ бiр түрi)
cottage hospital n (Brit) коттедж госпиталь,
ауылды аймықтағы шағын аурухана
cottage industry n коттедж өнеркəсiбi, үй
шаруашылығы м:тоқу, ыдыс-аяқ жасау т.б.
cottager [‘kɒtiʤə(r)] n 1.коттедж тұрғыны
2.(Brit slang) əжетханада т.б. жерлерде өзiне
гомосексулист партнер iздеушi
cottage pie = shepherd’s pie
cottaging [‘kɒtiʤiη] n (Brit slang) əжетханада
т.б. жерлерде өзiне гомосексулист партнер iздеу
cotter pin [‘kɒtə pin] n (инженерияда) сына;
жабдықтың бөлiктерiн ұстап тұратын шпонка
cotton [‘kɒtn] A.n 1.(a) мақта (b)мақта өсiмдiгi,
мақта 2.(a)жiп, мақтадан иiрiлгiн жiп (b)
мақтадан тоқылған мата, тiгiлген киiм B.v (phr
v) 1. ~ on (to smth) (Brit ауызекi) бiрнəрсенi
түсiну, көзi жету ♦At last she’s ~ed on to what
they mean. - Ақырында ол олардың ненi меңзеп
тұрғанын түсiндi. 2.~ to smb (US ауызекi)
бiреудi жақсы көре бастау
cotton candy = candy fl oss
cotton seed oil n мақта (дəнi) майы
cottontail n мақтақұйрық (кiшкентай солт.
америкалық қоян)
cotton wool n мақта, вата
cotyledon [,kɒti’li:dn] n (бот) дəн жарнағы,
тұқымнан шыққан алғашқы өскiн
couch [‘kauʧ] A.n коуч, диван B.v 1.~ smth
(in smth) (кiтаби) ойды, т.с.с. хатпен бiлдiру
2.(архаизм) (аңдар ж.) көсiле жату
couchant [‘kauʧənt] adj (геральдикада)
(эмблемадағы аң бейнесi ж.) артқы аяқтарын
астына жiберiп, алдыңғы екi аяғын алға соза,
басын көтере жатқан
couchette [ku:’ʃet] n (Fr) кушет, вагондағы
ұйқтайтын төсек
couch-grass, couch [‘kauʧ grα:s, ‘ku: ʧ-;
US -’græs] n шырмауық бидайық (тамыры
шырмауықша ұзын өсiмдiк)
cougar [‘ku:gə(r)] n пума, кугуар, тау барысы
(Солт. Американың батысындағы жəне Оң.
Америкада тауларда мекендейтiн мысық
тұқымдас аң)
cough [kɒf; US kɔ:f] A.v 1.жөтелу, жөткiрiну
♦She was ~ing (away) all night. - Ол түнi
бойы жөтелiп шықты. ♦(ауысп. мағ.) The
engine ~ed and spluttered into life. - Мотор
қақалып-шашалып барып оталды. 2.~ smth
(up) жөтелгенде өңешiнен я өкпесiнен
бiрнəрсе шығу ♦He’d been ~ing up blood. - Ол
жөтелгенде қан шығып жүрдi. 3.(phr v) ~
(smth) up (Brit ауызекi) ерiксiз айту, беру,
көрсету ♦He owes us money, but he won’t ~
(it) up. - Ол бiзге ақша қарыз, бiрақ бергiсi
келмей жүр. ♦Come on, ~ up: who did it? - Ал,
айт қанеки: кiм iстедi бұны? B.n 1.жөтел,
жөтелу 2.жөтел, өкпеге суық тиiп т.б. ауырып
қалғандық
could I [kəd; күшейтпелi түрi kud] modal v
(болымсыз түрi could not, қысқартылған түрi
couldn’t [‘kudnt]) 1.(рұхсат сұрауды бiлдiредi)
♦C~ I use your phone? - Телефоныңызды
қолдана ала ма екенмiн? ♦C~ borrow your
bycicle? - Велосипедiңiздi бере тұрасыз ба?
2.(өтiнiштi бiлдiредi) ♦C~ you baby-sit for us
on Friday? - Жұма күнi бiз үшiн баламызға
қарай алмас па екенсiз? ♦C~ you type one more
letter before you go? - Кетерден бұрын тағы
бiр хат басып жiбересiз бе? 3. (нəтиженi
бiлдiредi) ♦I’m so unhappy I ~ weep. –
446
447
Соншама қапалымын, тiптi, жылағым келiп
отыр. 4.(мүмкiндiктi, болжамды бiлдiредi)
♦ You ~ be right, I suppose. - Сiздiкi дұрыс та
шығар деп ойлаймын. ♦ Somebody must have
opened the cage - the lion couldn’t have es-
caped on its own. - Бiреу есiктi ашқан болар
- əйтпесе арыстанның өздiгiнен қашып
кетуi мүмкiн емес. ♦ You ~ at least have sent a
card. - Құттықтау кардын жiберуiңе болар
едi ғой. 5.(ақыл-кеңестi бiлiредi) ♦ We ~ write
a letter to the director. - Бiздiң директорға
хат жазуымызға болады. ♦ You ~ always try
his home number. - Сен ылғи да оның үйiне
телефон шала аласың.
could II [kəd; күшейтпелi түрi kud] pt of can
coulter [‘kəultə(r)] n ( US colter) соқа тiсi,
соқа(ның өткiр) жүзi
council [‘kaunsl] n 1.кеңес, басқару кеңесi
♦ a city/county ~ - қалалық/аудандық кеңес
2.(сайланған я тағайындалған топ) кеңес,
басқарма т.с.с. ♦ A ~ of elders governs the tribe.
- Қариялар кеңесi тайпаны басқарады. ♦ a ~
of war - соғыс кеңесi (қайраткерлердiң, əскери
қолбасшылардың мəжiлiсi)
council chamber кеңес кеңсесi
council estate ( Brit) қала, аудан салған тұрғын
үй кешенi
council fl at/house ( Brit) қала, аудан салған я
берген пəтер/үй
councillor [‘kaunsələ(r)] n ( US кейде councilor)
кеңес мүшесi
counsel [‘kaunsl] A. n 1.( кiтаби) кеңес,
ақыл ♦ Listen to the ~ of your elders. -
Үлкендерiңнiң ақыл-кеңесiн тыңда. ♦ wise
~ - данышпандықпен айтылған ақыл 2.( pl
өзгермейдi) адвокат ♦ ~ for defence/prosecu-
tion - ақтаушы/айыптаушы адвокат ♦ The
court heard ~ for both sides. - Сот екi жақтың
да адвокаттарын тыңдады. 3.(idm) * a ~ of
perfection орындауға өте қиын тамаша кеңес
* to hold/take ~ with smb ( кiтаби) бiреумен
кеңесу * to keep one’s own ~ ойын, жоспарын
iшiне бүгiп жүру, құпия ұстау * to ~ together
( кiтаби) бiр бiрiмен кеңесу B. v ( -ll-; US кейде
-l-) 1.кəсiби кеңес беру, ақыл айту ♦ a psychia-
trist who ~s alcoholics - маскүнемдерге кеңес
беретiн психиатр 2.кеңес беру, ақыл айту ♦ I
would ~ caution in such a case. - Мұндай кезде
сақтануға кеңес беремiн. ♦ He ~led them to give
up the plan. - Ол оларға бұл жоспардан бас
тартуға кеңес бердi.
counselling [‘kaunsəliη] n ақыл, кеңес,
консультация
counsellor ( US кейде counselor) [‘kaunsələ(r)] n
1.кеңесшi 2.( US, Irl) адвокат, заңгер
count I [kaunt] A. v 1. ~ (from smth)(to smth)
санау ♦ I can ~ (up) to 100. - Мен 100-ге дейiн
санай аламын. 2. ~ smth up санау, санап шығу
♦ Have the votes been ~ed up yet? - Дауыстар
саналып болды ма? 3.(a) ~ (for smth) маңызды,
құнды болу, еленерлiктей болу ♦ Her opinion ~s
because of her experience. - Оның тəжiрибесi
бар болғандықтан, пiкiрi маңызды. ♦ Knowl-
edge without common sense ~s for little. - Ақыл-
ойсыз жалаң бiлiмнiң берерi шамалы. ♦ We’ve
only a few bullets left, so make each one ~. -
Бiзде небəрi бiраз ғана оқ қалды, сондықтан
əр оқты дұрыстап ат. (b) ~ (as smth)
жарамды болу, лайықты болу, болып саналу ♦ A
few lines of rhyming doggerel don’t ~ as poetry.
- Бiрнеше жол шатпақ - поэзия емес. 4. ~ smb/
smth (as) smb/smth бiреу/бiрнəрсе ретiнде
көру, есептеу, ұғыну ♦ I ~ myself lucky to have a
job. - Мен өзiмдi жұмысым бар болғандықтан
бақыттымын деп есептеймiн. ♦ We ~ her as
one of our oldest friends. - Бiз оны өзiмiздiң ескi
достарымыздың бiрi деп санаймыз. 5.(idm)
* to ~ one’s blessings барға разы болу, барға
қанағат ету ♦ Don’t complain! C~ your bless-
ings! - Шағымданба! Барға разы бол! * to ~
one’s chickens (before they are hatched) (сөзбе
сөз: балапандарын (шықпастан бұрын) санау)
бiрнəрсенiң табысты болатынына тым сенiмдi
болу * to ~ the cost (of smth) (сөзбе сөз:
бiрнəрсенiң құнын санау) немқұрайдылық,
топастықтың салдарынан жапа шегу ♦ The
town is now ~ing the cost of its failure to pro-
vide adequate fl ood protection. - Қала ендi су
тасқынынан қорғануды қамтамасыз ете
алмағандықтың зардабын шегiп жатыр.
6.(phr v) *~ against smb; ~ smth against smb
осал я кемшiн жерi, тұсы болып саналу, өзiне
қарсы болып шығу ♦ Your criminal record
could ~ against you in fi nding a job. - Сiздiң
бұрынғы қылмыстық iстерiңiз жұмыс табар
кезде өзiңiзге кесiрiн тигiзуi мүмкiн. ♦ He is
young and inexperienced, but please do not ~
that against him. - Ол жас əрi тəжiрибесiз,
бiрақ сондықтан да ол лайықсыз демеңiз. *~
among smb/smth; ~ smb/smth among smb/
smth белгiлi бiр топқа т.с.с. жатады деп
есептеу ♦ She ~s among the most gifted of the
current generation of composers. - Ол қазiргi
буынның тамаша композиторларының бiрi
болып есептелiнедi. ♦ I no longer ~ him among
my friends. - Мен оны достарымның ьiрi деп
санамаймын. *~ down артқа қарай санау,
терiс санау (яғни, 10, 9, 8, 7… … деп санау
арқылы бiрнəрсенiң жақындап келе жатқанын
бiлдiредi) *~ smb/smth in қосып санау, енгiзу
т.с.с. ♦ See how many plates we have, but don’t
~ in the cracked ones. - Бiзде қанша тарелка
бар екенiн көршi, бiрақ та шытынағандарын
санама. ♦ If you’re all going to the party, you can
~ me in. - Егер барлығың да жиынтойға бара
жатсаңдар, менi де қосып алуларыңа болады.
*~ on smb/smth бiреуге/ бiрнəрсеге арқа сүйеу,
үмiт арту ♦ to ~ on smb’s help/on smb to help -
бiреу көмектеседi деп үмiттену ♦ Don’t ~ on a
salary increase this year. - Бұл жылы жалақы
өседi деп үмiттенбей-ақ қой. *~ smb/smth
out (a)бiр бiрлеп санап шығу ♦ The old lady
~ed out thirty pence and gave it to the shop as-
sistant. - Қарт əйел отыз пенстi санап алды
да сатушы көмекшiсiне бердi. (b)нокдаунға
түскен боксердiң онға дейiн санағанда тұра
алмай жеңiлгендiгiн бiлдiредi ♦ The referee ~ed
him out in the fi rst round. - Ол бiрiншi раунда-ақ
құлап, рефери (төрешi) онға дейiн санағанда
тұра алмады. (c)( ауызекi) бiреудi есептемеу,
енгiзбеу, тыс қалдыру *~ up to smth қосылып,
ұлғайып барып бiрнəрсеге тең болу ♦ These
small contributions soon ~ up to sizeable amount.
- Мына шағын жарналар бiрiгiп бiраздан соң
қомақты сомаға тең болады. B. n 1.санау,
санақ ♦ a second ~ of the votes in an election
- сайлаудағы дауыстарды екiншi қайтара
санау ♦ I want to start on a ~ of 5 - Мен 5-ке
дейiн санағаннан кейiн бастағым келедi (яғни
1-ден бастап санап 5-ке жеткенде). ♦ by my
~ - менiң санауым бойынша 2.жалпы саны
3. (the ~) бокста нокдаунаға түскен боксшының
тұруын күтiп санау 4.(a)( заң) айыпталуышыға
тағылған кiнə бабы ♦ two ~s of forgery and one
of fraud - құжаттарды боямалағаны бойынша
екi айыптау бабы жəне жымысқылығы үшiн
бiр баб ♦ She was found guilty on all ~s. - Ол
барлық баб бойынша кiнəлi болып табылды.
(b)кез келген айтыс я пiкiрталас бабы,
тақырыбы, мəселесi ♦ I disagree with you on
both ~s. - Мен сiзбен осы екi мəселе бойынша
да келiспеймiн. 5.(idm) * keep/lose ~ (of smth)
бiрнəрсенiң санынан хабардар болу/болмау
♦ So many arrived at once that I lost ~ (of them).
- Бiрден соншама көп келгендiктен (олардың)
қанша екенiн де бiлмей қалдым.
count II [kaunt] n граф (Франция, Италияда
т.б. елдердегi аты, Англияда earl)
countable adj санауға болатын, саналарлық
countdown n ~ (to smth) (a)артқа қарай санаy,
керi санау (яғни, ракета т.с.с. ұшырылар
кезде керi 0-ге дейiн санау) (b) ( ауысп. мағ.)
маңызды оқиға болар алдындағы кезең, қарсаң
♦ the ~ to the local election - жергiлiктi сайлау
алдындағы кезең басталды
Достарыңызбен бөлісу: |