Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


-секция нұсқасы бойынша сұрақтар



Pdf көрінісі
бет36/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
2-секция нұсқасы бойынша сұрақтар
Бұл секция бойынша оқушылар төрт сұрақтың біреуіне 
жазбаша түрде жауап беруі қажет. Сұрақтардың әрқайсысы 
Сізге аргументтерді таңдау және белгілі бір пікіріңізді 
тиімді қорғай алатындығыңызды көрсетуге мүмкіндік 
береді. Жазбас бұрын не жайлы және қалай жазатыныңыз 
жайлы ойланып алу қажет. 
1. Банктер бізге не үшін қажет? 
2. Ғылымдағы алға басушылықты қалай бағалауымыз 
қажет? 
3. Егерде Сіз өзіңіздің іс-әрекетіңізді ақтай алатын 
болсаңыз, Сіздің іс-әрекетіңіз рационалды дегенді 
білдіреді ме? 
4. Орташа өмір сүру жасының ұзақтығы қоғамда қандай 
өзгерістер алып келеді? 
Осы сұрақтардың біріне 30 минут ішінде өз 
жауабыңызды (600 - 1200 сөз) жазыңыз. Достарыңыздан, 
ата-анаңыздан да осы сұрақ бойынша жауап жазуларын 
өтініп және өзіңіздің жауабыңызды салыстырыңыз.
4.3. АҚШ-тағы критикалық ойлау бойынша емтихандар
АҚШ-та жылына жеті рет (Қазақстанда жылына алты 
рет) SAT Reasoning Test деп аталатын «американдық 
ҰБТ» жүргізіліп отырады. Емтиханның мүмкін болатын 
нәтижелері әрқайсысы сәйкестікте 200–ден 800 ұпайға дейін 
бере алатын үш тестінің бағасын құрайтын (математика, 
мәтінді талдау және жазбаша бөлім) 600-ден 2400 ұпайға 


104
дейінгі аралықта орналасады. Мәтінді талдау мен жазбаша 
бөлім бойынша тесті құрылымын қарастырайық. 
Мәтінді талдау (Critical Reading)
Мәтінді талдау — үш бөлімнен тұратын SAT бөлімі: 
с
өйлемді аяқтау (sentence completion),
үлкен оқылымдарға 
(long passages)
және 
кішкентай мәтіндерге (short passag-
es)
қатысты сұрақтарды қамтитын сұрақтардың әртүрлі 
нұсқалары бар екі 25-минуттық және бір 20-минуттық 
бөлім. Әрбір бөлім сөйлемді аяқтауға арналған 5—8 
сұрақтардан тұрады. Ал, қалған сұрақтар оқылған мәтінді 
талдауға бағытталған. 
Сөйлемді аяқтауға арналған сұрақтар оқушының сөздік 
қоры мен сөйлемдердің әртүрлі құрылымы жайлы түсінігін 
бағалайды. Олардың ішінен сөйлемге логикалық мағына 
беру үшін бір немесе екі сөзді қою керек. Мұндағы сөздік қор 
айтарлықтай күрделі және айтарлықтай мықты мектепті 
сонымен қатар, оқушының өзіндік дайындығын қажет 
етеді. Классикалық ағылшын тілін және американдық 
әдебиеттерді оқуды сонымен қатар, әртүрлі бағыттағы 
мерзімді басылымдардың түпнұсқасын оқуды ұсынады. 
Мәтінді талдау кезінде емтихан тапсырушы қандай 
да бір үзіндіні (ғылыми кітаптан, журналдан, романнан 
және т. б.) оқығаннан кейін сұрақтарға жауап беруі керек.
Өзара байланыста болатын мәтіндерді 
(paired passages) 
салыстыруға арналған тапсырмалар да кездеседі. Негізгі 
басымдылық әрбір жолды оқып, негізгі ойды түсініп 
және мәтінді ұйымдастыру құрылымын анықтайтын 
контекстегі сөздерді түсінуге жасалынады. Әрбір мәтінге 
арналған сұрақтар саны мәтіннің көлеміне сәйкес келеді. 


105
Грамматика (Writing)
SAT-тың жазбаша секциясы тесті мен эсседен 
тұрады. Тесті қателерді іздеу, сөйлемді дұрыстау және 
параграфтармен жұмыс жасаудан тұрады. Қателерді іздеу 
мен сөйлемдерді дұрыстау оқушының сауаттылығы мен 
грамматикалық тұрғыдан қате сөйлемдерді таба білу 
қасиетін көрсетеді. Параграфтармен жұмыс жасау мәтіннің 
логикалық 
ұйымдастырушылығындағы 
оқушының 
түсінігін бейнелейді. 
Эссе жазу 25 минутқа созылады. Барлық эссе негізінен 
белгілі бір философиялық сұраққа арналған көрсетілген 
тақырыптарға жазылады. Эссе құрылымы қатаң 
бақыланбайды. Оқылған кітаптардан, зерттеулерден, 
тәжірибе немесе оқушының өзіндік бақылауынан алынған 
мысалдар келтіруге болады. Эссе тақырыптарына арналған 
мысалдар қарастырайық:
1. Біз үшін адамдарды олардың әлеуетіне немесе 
жетістіктері мен тәжірибелеріне қарап баға беру қажет 
пе?
2. Лидерлердің өз сенімдері бойынша ма әлде қоғамдық 
пікірге сүйене отырып басшылық еткені дұрыс па? 
3. Адамдар жаңа дүниелерге өте көп көңіл бөледі деп 
санайсыз ба?
4. Біз өзіміздің артық дербестігіміздің кесірінен қоғамның 
бір бөлшегі болудың не екендігін түсінуден қалдық деп 
санайсыз ба?
5. Қоғам әркімге қатысты бірдей әділ бола алады ма?
Егерде сіз өзіңіздің ата-анаңызды, атаңызды, әжеңізді 
тыңдайтын болсаңыз, олардың балалық шағында 


106
кітаптың қаншалықты маңызды болғандығына және 
кітапхана олардың өмірінде қаншалықты маңызды рөл 
ойнағандығына көз жеткізген боларсыз. Ал қазіргі кезде 
сіздің компьютеріңіз немес
е
планшетіңізге мың
,
тіпті 
миллион кітап сыйып кетеді. Критикалық ойлай алу 
қабілетін дамыту үшін жаңашыл түрде және түпнұсқадан 
көбірек қызықты кітаптар оқыңыз. Солай жасайтын 
болсаңыз сізді критикалық ойлауға арналған ешқандай 
емтихан, диктант немесе тесті қорқыта алмайды. Бұл кітап 
Сіздің досыңыз, кеңесшіңіз болып, жәрдемін тигізеді деп 
үміттенеміз.


107


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет