Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


Астрология және жұлдыз жорамал



Pdf көрінісі
бет76/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   86
7.4. Астрология және жұлдыз жорамал
Көп
жағдайда
адамдардың
басым
көпшілігі
астрономияны астрологиямен шатастырады. Ең қызығы,
екі  термин  де  жұлдыздармен  байланысты.  Және  де
ежелгі  грек  тіліндегі    Астер  (ἀστήρ)  –  «жұлдыз»,    номос 
(νόμος) - «әдет-ғұрып, заң», логос (λόγος )- «ілім». Алайда,
егер  астрономия  –    бұл  аспан  денелерін  және  олардың
жүйелерінің  орналасауын  зерттейтін  ғылым  болса,
астрология  –  бұл  тек  қана  аспан  денелерін  зерттейтін
ілім емес, аспан денелерінің іс-әрекетінің адам тағдырына
қатысын  зерттейтін  былайша  айтқанда,  псевдо-ғылым 
болып  табылады.  Егерде  астрономдар  –  ғалымдар  болса,
ал,  көптеген    астрологтар  көбінесе  балгерлер,  әртүрлі
дүниелерді, болашақты қоса болжаушылар категориясына
жатады.
Ал,  жұлдыз  жорамал  қалай  пайда  болды?  Ежелгі
астрологтар  жыл  бойы  Күннің  айналып  жүретін  аспан
әлемінің  үлкен  шеңберін    эклиптика  деп  атаған.  Басқаша
айтқанда,  эклиптика  —  Күннің  айналасында  Жердің
айналу  жазықтығы.  Эклиптика-  топ  жұлдыздар  бойынша
12  бөлікке  бөлінеді.  Астрологтар    адам  туылған  кездегі
эклиптиканың  жоғары  көтерілу  нүктесі  оның  өміріне
әсерін  тигізеді  деп  сендіреді.  Бұл  нүкте  жұлдыз  жорамал
деп  аталады.    Астрологтар  адамдардың  болашағы  мен
тағдыры  жайлы  болжам  жасау  үшін  «жұлдыз  жорамал
құрастырады».
17  ғасырдың  өзінде  атақты  неміс  астрономы    Иоганн


184
Кеплер  бұл  екі  терминнің  қарама  қайшылығы  жайлы
төмендегідей түсіндіріп берді:
«Астрология  —  ақымақ  қыз.  Бірақ,  оның  аса  ақылды 
анасы  астрономия,  егерде  ақымақ  қызы  астрология 
болмаса не істей алар еді.  Жарықтың өзі ғана жеткіліксіз. 
Ал,  кәрі  ақылды  анасынан  пайда  болу  үшін,  ақымақ  қызы 
өтірік  шындыны  араластырып  сөйлей  беруі  қажет.  
Математиктердің шағымдануы ештеңе емес, егерде қызы 
ештеңе таппаса анасы аш қалатын еді ғой…»
Орта ғасырлық астрономдар үшін өзін және жанұясын
асырау үшін астрологияны қатар алып жүру қажет болды.
Кеплердің өзіне де жұлдыз жорамалдар құрастыруға тура
келген.  17  ғасырдағы  сияқты  қазірде  астрология  табысы
мол бизнес болып саналады. Алайда, бүгінде астрологиямен
қоса  айналысатын  астроном-ғалымдарды  жиі  кездестіру
мүмкін  емес.  Астрологиямен  көбінесе  болжаушылар
айналысады.    Жыл  сайын    өз  жұмыстарында,  күнделікті
тіршілікте,  романтикалық  сәттерінде  және  басқа  да
қатынастарында «жұлдыздар жорамал жасап жатыр» деген
сенімдегі көптеген адамдар астрологтарға барып, қомақты
қаржыларын  жұмсайды.  Басқа  да  балгерлер  сияқты
астрологтар  да  құрастырылған  астрологиялық  жұлдыз
жорамалдың негізінде көптеген келушілердің әңгімелерін
қолдана отырып, тиімді жорамалдар жасайды.
Неліктен
миллиондаған
адамдар
астрологтар
жасаған  жұлдыз  жорамалдарға  сеніп  келеді?  Біріншіден,
адамдардың  көпшілігі  астрологияны  қолдамайтын,  оның
псевдо-ғылым  сипатында  екендігін  дәлелдейтін  ғылыми
зерттеулермен таныс емес. Екіншіден, «бір аптаға арналған
жұлдыз жорамал» (газеттерде, телеарналарда, радиоларда)
сияқты  қысқа  бағдарламалар  сенімділік  туғызатын  тілді
қолданып, адамдар тез сеніп қалады. Үшіншіден, адам өте


185
қызықтағыш болып келеді. Сондықтан да жұлдыз жорамал
белгісіз, құпия дүниелерді ашады дегенге қалай болғанда
да сенгісі келіп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет