Әліппе оқыту әдістемесі
Әліппе қмж
244
сабақ
245
246
сабақ
|
Бөлім: Әліппе кезеңі |
|
| |||
Педагогтің аты-жөні: |
Күні: |
| |||
Сынып: 1 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы |
Бекіту (Не үйрендім? Не білдім?) | ||||
Оқу бағдарла- |
Білімділік: сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айтады; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрайды; | ||||
масына |
жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен | ||||
сәйкес |
байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады. | ||||
күтілетін |
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды. | ||||
нәтижелер |
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың кезеңі/уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар | |
Сабақтың басы (1–7 мин) |
Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал – Бүгін сен ата-анаңнан, сыныптастарыңнан қандай жылы сөздер естідің? Саған ол сөздер қалай әсер етті?
|
Оқушылар ата-анасынан, сыныптастарынан естіген жылы сөздерін, алған әсерлерін айтып бөліседі. |
|
| |
Сабақтың ортасы (26 мин) |
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін ұйқас сөздерді табу, сөйлемдерді толықтыру туралы білімдеріңді бекітесіңдер. Көркем жазу, оқулықтан дәптерге өздіктеріңнен көшіріп жазу дағдыларыңды тексересіңдер.
|
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды. |
Қолдау
|
Оқулық | |
|
|
|
|
Сурет | |
|
(МК, Ұ, Ө) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. Оқылым. 1. Суретке сәйкес келетін ұйқас сөздерді тауып, айтылуы мен жазылуын салыстыру. |
1. Ұйқас сөздерді сәйкестендіреді: етік – үтік; ішік – күшік.
|
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. |
|
|
2. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. ішік – күшік үтік – етік (МК, Ө) Жазылым. 1. Сурет бойынша сызбадағы сөйлемдерді толықтырып, дәптерге көшіріп жазу. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру. Берілген сөздердің ішінен қатесін тауып, түзетіп жазу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу. | Үтік, күшік сөздерін үндестік заңына сәйкес айтады: үтүк, күшүк. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сурет бойынша сөйлемді толықтырып, дәптерге көшіріп жазады: Ол – әнші. Олар – әншілер. Жазу дәптерінде берілген тапсырманы орындайды. |
Қолпаштау Мақтау
Қолдау көрсету |
Суреттер, оқулық Оқулық Сызба Жазу дәптері
|
Сабақтың соңы (7 мин) |
Бекіту және саралау Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру: деңгей: Өлеңге сәйкес суреттерді сәйкестендір. деңгей: Өлеңді ұйқас сөздерін орнына қоя отырып, мәнерлеп оқы. деңгей: Бұлбұл, жолбарыс сөздерімен сөйлем құра. |
Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды. 1-деңгейдегі оқушылар суреттерді сәйкестендіреді: бұлбұл, жолбарыс. 2-деңгейдегі оқушылар мәнерлеп оқиды. 3-деңгейдегі оқушылар сөйлем құрайды. |
Қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыт беру. |
Саралау тапсырмалары |
Рефлексия |
Сабақтан алған әсерлерін жазып жібереді. |
Өзін-өзі бағалайды. |
Кері байланыс тақтасы |
|
|
|
|
|
Бөлім: Әліппе кезеңі |
|
| |||
Педагогтің аты- жөні: |
Күні: |
| |||
Сынып: 1 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы |
Ө дыбысы және әрпі | ||||
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер |
Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады. Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды. Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың кезеңі/уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар | |
Сабақтың басы (1–7 мин) |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал орнату. «Дауысынан тап» жаттығуы. Төрт түліктің дауысын ести отырып, атауын табады. |
Атауларын табады. |
Қолдау
|
https://www. youtube.com/watch?v |
Сабақтың ортасы (26 мин) |
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ө» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар. «Ө ө» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар. «Ө ө» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы. Сурет бойынша әңгіме құрау. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау. Өтілетін жаңа дыбысы бар «өрнек» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау. «Ө» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру. «Ө» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру. Жіптен «ө» әрпін жасау. |
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Әсем қағазға өрнек салды. Өрнегі өте көркем болып шықты. Апасы оны мақтады». Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (3). Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді ( Әсем қағазға өрнек салды) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 4 сөз бар. Өтілетін жаңа дыбысы бар «өрнек» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «өр-нек» деп буынға бөледі. «Өр-» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылып айтылып тұрғанын табады. «Ө» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады. Жіптен «ө» әрпінің сұлбасын жасайды. |
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. |
Суреттер, оқулық Сызба Жіп.
|
|
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. (МК, Ұ, Ө) Оқылым. Оқулықтың 76-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы. «Ө» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (өнер – өнерлі), сөз алдына (бөрік – көрік), сөз ортасына (өрнек – өрмек) тиісті дыбысты немесе буынды қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну. (МК, Ө) Жазылым Оқулықтағы «ө» әрпінің таңбалануына назар аудару. «Ө» әрпін тақтаға жазып көрсету. «Ө» әрпін ауада жазып көрсету. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру. |
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы «ө» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады. Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!». |
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру. Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
|
Әріптің баспа жазылу түрі Оқулық
|
Сабақтың соңы (7 мин) |
Бекіту және саралау Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру: деңгей: Дыбыс сызбасындағы жасырынған сөзді тап. деңгей: |
Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды. 1-деңгейдегі оқушылар дыбыс сызбасында жасырынған сөзді табады: төл.
|
|
|
|
«Ө» дыбысы сөздің қай жерінде келетінін анықта. 3-деңгей: Төлдер сөзімен сөйлем құра. «Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің мақалмен жұмысты QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты «Өнерлі бала сүйкімді» деген қорытынды пікірмен аяқтау. | деңгейдегі оқушылар «ө» дыбысының сөздегі орнын (ортасында, алдында, соңында) анықтайды. деңгейдегі оқушылар төлдер сөзімен сөйлем құрайды. Оқушылар мақалды тыңдайды. Мақалдың мағынасын өз ойларымен түсіндіруге тырысады. Адамға пайда әкелетін, қуаныш сыйлайтын өнермен шұғылдануға талпынады. |
|
Саралау тапсырмалары Әліппе. Үнтаспа. «Атамұра», 2020 |
Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі». Әр сұраққа түстерді көрсетіп отырады. Сол арқылы мұғалім оқушылардың бүгінгі материалды меңгеру деңгейін анықтап, бағалай алады. «Ө ө» дыбысын танимын, ажыратамын. «Ө ө» дыбысының сөз ішіндегі орнын анықтай аламын. «Ө ө» әрпін көркем жаза аламын. «Ө ө» әрпіне дыбыстық талдау жасай аламын. |
Бағдаршам түстерін көтереді: Қызыл – қиналамын. Сары – орташа деңгейде білемін. Көк – бәрі түсінікті. |
Өзін-өзі бағалау |
Бағдаршам суреті |