Әліппе оқыту әдістемесі



бет2/103
Дата13.02.2022
өлшемі4,89 Mb.
#25429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Әліппе қмж

Ескерту: Әріп сұлбасын үлгіде көрсетілген заттардан ғана жасау міндетті емес. Бұл заттармен жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда, қолда бар нәрселермен ауыстырылады.

Жұмбақ, ребус шешуі болатын сөзді табу, мағынасы қарама-қарсы және жалпылау ұғымын білдіретін сөздермен жұмыс, сызба арқылы сөйлем құрау, орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрау тапсырмаларын оқушылар өздігінен орындауға машықтанады.

Баланың жадында бірінші кезекте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Бұл айтылғандарды қытай ғұламасы Конфуцийдің: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең

есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін» деген тұжырымы нақтылай түседі. Демек «Әліппе» оқулығының дидактикалық, әдістемелік аппараттары жүйесін түзуде «жасай білу» негізгі қағидаларының бірі болып табылады.

4

Әр жаңа дыбыс пен әріпті таныту сабақтарында оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру үшін



«оқу» материалдарының перспективті қатары берілген. Сөздікпен жұмыста А. Байтұрсынұлының

«әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу» ұстанымы негізге алынған. Сөздердің перспективті қатары арқылы оқушылар сөзді алдымен буындап, соңынан тұтас оқуға үйренеді, соның нәтижесінде сөйлемді, мәтінді оқуға біртіндеп төселеді.

Сонымен, А. Байтұрсынұлының «Әліппелеріндегі» озық үлгілер (тез сөз құрауға бағытталған әріптер жүйесі, дыбыспен жаттығу, сөзден сөздер тудыру әдісі, орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрау (Байтұрсыновша «Қайсысын қайда қою») жаңа тұрпатты «Әліппе» оқулығы тұжырымдамасының негізіне алынып, қазіргі балалардың қызығушылығы мен дүниетанымына икемделіп, яғни баланың дыбыс пен әріпті еш қиындықсыз танып, түсініп оқу, сауатты жазу дәрежесіне жетуіне арналған тапсырмалар мен сұрақтар жүйесі үйлесімді қолданылды.

«Әліппе» оқулығына қосымша «Менің алғашқы сөздігім» кітапшасы ұсынылып отыр. Оқушы

«Әліппедегі» оқу материалдарымен жұмыста жаңа сөздермен кездеседі. Сөздердің мағынасын түсініп, оларды ажырата білуге «Менің алғашқы сөздігім» кітапшасы көмекке келеді. Сөздікпен жұмыс сынып мұғалімі мен үйдегі ересектер арқылы жүзеге асырылады.

Оқушының әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін «Жазу дәптерінің» әр бетінде дөңгелек-шартты белгі берілген. Оқушы сауатты және көркем жазуының дұрыстығын үш түрлі қарындашпен бояп бағалайды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!».

Оқулық материалдары бірлескен жұптық, топтық, бүкіл сыныппен жұмыс арқылы оқушының белсенді әрекетке түсуіне мүмкіндік жасайды. Бірлескен ізденіс пен зерттеуге, шығармашылық жұмыстарға берілген тапсырмаларды орындату, жағдаяттық және рөлдік ойындарды ойнату, сөздік материалдарымен жұмысты ұйымдастырудың сипаттамасы орта және қысқамерзімді жоспарларда қарастырылған.

«Әліппе» 1-жартыжылдықта аптасына 6 сағаттан оқытылып, барлығы 96 сағатты құрайды. Оның 12 сағаты Әліппеге дейінгі кезең материалдарын меңгеруіне, қалған 84 сағаты Әліппе кезеңінде дыбыс пен әріпті танытуға арналады.

Әдістемелік құралда «Әліппе» оқулығы бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар, әрбір сабақ бойынша қысқамерзімді жоспарлар кешені ұсынылып отыр.

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет