Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал орнату. Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Оқушылар мұғаліммен бірге өлеңді қайталап, қимыл жасайды.
Қолдау
Өлең жолдары
272
Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды... Өнерлі екен он саусақ:
Қала салсақ, жол салсақ...
Сабақтыңортасы(26мин)
Сабақтыңкүтілетіннәтижесіментаныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ю» қосарлы дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Ю ю» қосарлы дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Ю» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларындамытужұмысы.
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа қосарлы дыбысы бар «ою» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сөзді буынға бөліп, жаңа қосарлы дыбыстың орнын анықтау.
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Көркем еңбек сабағы болды. Сабақта балалар ермексаздан ою жасады. Оюлары әдемі болып шықты».