Әліппе оқыту әдістемесі



бет10/103
Дата13.02.2022
өлшемі4,89 Mb.
#25429
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103

сабақ





Бөлім:

Әліппеге дейінгі кезең







Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөйлеу. Сөйлем Мектептегі бір күнім

Оқу бағдар- ламасына сәйкес оқу

мақсаттары

Білімділік: сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; сөйлеу, сөйлем туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; сөйлемнің графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

Дамытушылық: сөйлем сызба-моделімен әңгімелеуді, мәтін құрауды үйренеді; байланыстырып сөйлейді.

Тәрбиелік: сабақтан тыс уақытты дұрыс пайдалануға талпынады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. (МК, Ұ) Ойсергек. «Атын ата» ойынын

ойнату.

Ойын ойналып болған соң, сұрақ қою:

– Бұл суреттерді топтастырып, барлығына қандай ат беруге болады?


  1. Оқушылар сынып ішіндегі заттардың атын атайды.

  2. Тақта, парта, бор т.б. – оқу жабдықтары; дәптер, қалам, сызғыш, ермексаз т.б. – оқу құралдары.

Мақтау, мадақтау

Интербелсенді тақта, оқу жабдықтары мен оқу құралдары

Сабақтың ортасы (26 мин)

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру. Сөйлеу. Сөйлем

Сабақ мақсатын хабарлау:

– Балалар, сендер бүгін сурет және сызбаның көмегімен сөйлем құрауды үйренесіңдер.

(МК, Ж) Тыңдалым-айтылым

1. Сурет және сызбаның көмегімен сөйлем құрауды үйрету үшін оқушыларға

«Оқушылар не істеді?» сұрағын қойып, олардың назарын суретке аудару.





  1. Оқушылар парталас жұптарымен суретке қарап, «Оқушылар не істеді?» сұрағына жауап береді.

  2. Мұғалім түзеткен сөйлемді қайталап айтады.

Мұғалім оқушыларды мадақтау арқылы бағалайды:

«Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Сурет

Интербелсенді тақта




30



Сергіту сәті



  1. Оқушылардың жауабын тыңдау және дұрыс құралмаған, толық емес сөйлемдерді түзеп, оқушыларға қайталатып отыру.

  2. Әр суретке берілген сызба-моделімен сөйлем құрату.

  3. Сөйлемнің жеке сөздерден тұратынды- ғын, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылып, соңғы сөйлемнен кейін тыныс белгісі қойылатынын сызбаның көмегімен тәжірибе жүзінде таныту.

(МК, Ұ, Ө) Жазылым

Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:



  • дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

  • үзік сызықтарды бастырып жүргізу;

  • әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу.

3. Сурет мазмұны бойынша берілген сызба-модельмен сөйлем құрайды:

  1. Оқушылар ән айтты.

  2. Оқушылар асханада тамақтанды.

  3. Балалар кітапханаға барды.

  4. Балалар мәшине құрастырды.

4. Мұғалімнің көмегімен оқушылар сөйлем туралы (сөз саны, тыныс белгісі) білімдерін толықтырады және сызбаға сәйкес әңгіме құрауға үйренеді.


  1. Оқушы партада дұрыс отырады, қаламды дұрыс ұстайды.

  2. Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды; үзік сызықтарды бастырып жүргізеді; дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.


Жетістік критерийі: Суретке қарап, сөйлем құрай алады.

ҚБ: Оқушылар мұғалім көмегімен бір- бірін бағалайды.
Өзін-өзі бағалау смайлигін бояйды.

Сөйлем сызба- модельдері

№1 жазу дәптері


Сабақтың соңы

(7 мин)

(МК, Т) Сабақты бекіту және саралау

«Сөз тану» айдары бойынша берілген

«Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ» мақалының мәнін түсіндіру.

Мақалды QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату.

Саралау тапсырмалары:


  1. деңгей:

Білім деген не? Ол не үшін қажет? Өнерге не жатады? т.б. сұрақтарына жауапты мұғалімнің көмегімен «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралынан ізде.

  1. деңгей:

Сұрақтарға жауап болатын сөйлемдерді ретімен айтып көр.

  1. деңгей:

Жауаптарыңнан сөйлеу құралғанын дәлелде.

  1. «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ» мақалын QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдайды.

  2. Мұғалімнің жетекші сұрақтарымен мақалдың мәнін өз ойларымен білдіреді.

  3. Саралау тапсырмаларын орындайды.

Бір-бірін бағалау

Сызба

Әліппе. 1-сынып. Үнтаспа.



«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы


31






Сызбаға сәйкес бүгінгі сабақтан меңгерген білімдеріңді айтып беріңдер.












Рефлексия



«Бүгінгі тақырып не туралы болды? Бүгінгі тақырыпта не ұнады? Не қиын болды?» сұрақтарына жауап береді.

Өзін-өзі бағалау

Телефон суреті бар сызба




  1. сабақ




Бөлім: Әліппеге

дейінгі кезең







Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөйлеу. Сөйлем Кел, танысайық!

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін

нәтижелер

Білімділік: сөйлем туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; сөйлемнің графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

Дамытушылық: сөйлемнің графикалық сызбаларымен әңгіме құрай алады; байланыстырып сөйлейді.

Тәрбиелік: сөз әдебін дұрыс қолдануды үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.



Мұғалім доп лақтырады. Қағып алған оқушы

атын айтып, өзін таныстырады. Мысалы:



Мадақтау

Доп


32



(1–7 мин)

2. (МК, Ұ) Ойсергек. «Менің атым...» ойынын ойнату.

Менің атым – Айбатыр. Мен батыр баламын. Менің атым – Айару. Мен сұлу арумын.

Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады, сонымен қатар бүгінгі сабаққа қажетті алдыңғы білімдерін еске түсіреді.



  • Адамға есім не үшін қойылады?

  • Сен өз есіміңнің мағынасын білесің бе?

  • Басқа балалармен танысудың қажеті бар ма?







Сабақтың ортасы (26 мин)

Сергіту сәті



Сабақ мақсатын хабарлау:

– Балалар, сендер бүгінгі сабақта сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтауды үйренесіңдер.

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру: Сөйлеу.

Сөйлем


(МК, Ж) Тыңдалым-айтылым

  1. Сурет бойынша сыныптасымен танысу.

  2. Әр сөйлемді айтқанда дауыстың өзгеруін байқау.

Оқушылар жұптасып танысады:

  • Сәлем! Менің атым – Жансая. Сенің атың ше?

  • Сәлем! Менің атым – Асан. Танысқаныма қуаныштымын!




  1. Оқушылар мұғалімнің көмегімен бір- бірімен танысады.

  2. Әр сөйлемді айтқанда дауыстың өзгеруін байқайды.

Жетістік критерийі: Танысу барысында дауыс ырғағын сақтайды.

ҚБ: Оқушылар мұғалім көмегімен бір-бірін бағалайды.




(МК, Ж) Оқылым

  1. Сөйлем сызба-моделінің көмегімен танысу.

  2. Әр сөйлемнен кейінгі белгілерге назар аудару.

1. Сөйлем сызба-моделінің көмегімен танысады:

– Сәлем! Менің атым – Әдия. Сенің атың ше? – Сәлем! Менің атым – Алмас.

2. Сөйлеген кезде дауыстың өзгеруі жазуда арнайы белгілермен (.?!) белгіленетінін біледі.


Мадақтау




(МК, Ө) Түймелерден сөйлем соңына қойылатын белгілерді жасау.

Оқушылардың саусақ моторикасын дамыту

мақсатында түймелерден сөйлем соңына қойылатын белгілері жасайды.





Түймелер


(МК, Ұ, Ө) Жазылым

Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:






  1. Оқушы партада дұрыс отырады, қаламды дұрыс ұстайды.

  2. Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды.




№1 жазу дәптері




33






  • жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

  • заттарды сызықтар арқылы қосу;

  • дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

  • әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;

  • үзік сызықтарды бастырып жүргізу.

  1. Оқушылар мұғалімнің көмегімен заттарды сызықтар арқылы қосады.

  2. Дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.

  3. Әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызады.

  4. Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.

Өзін-өзі бағалау смайлигін бояйды.




Сабақтың соңы

(7 мин)

Сабақты бекіту.

(МК, Т) Сабақты бекіту және саралау

«Сөз тану» айдарында берілген «Сәлем – сөздің анасы» мақалымен жұмыс:



  1. Мақалды QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату.

  2. Мақалдың мәнін ашу.

Саралау тапсырмалары:

  1. деңгей:

«Бала атамен амандасты» сөйлемінің соңына қандай белгі қоясың?

  1. деңгей:

«Қандай» сөзімен көтеріңкі көңіл күйді білдіретін сөйлем құрап көр.

  1. деңгей:

Парталас жұбыңмен бірің – сатушы, екіншің

– сатып алушы боп ойнап көр.







  1. «Сәлем – сөздің анасы» мақалын QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдайды.

  2. Мұғалімнің жетекші сұрақтарымен мақалдың мәнін өз ойларымен білдіреді.

  3. Саралау тапсырмаларын орындайды.

Мадақтау. Толықтыру






Рефлексия



Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бағдаршам түстеріне сәйкестендіреді.

Өзін-өзі бағалау

Бағдаршам суреті


34




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет