Сабақтың ортасы (26 мин)
|
Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру: Дыбыс
Сабақ мақсатын хабарлау:
– Балалар, сендер бүгінгі сабақта дыбыс және тіл дыбыстарының басқа дыбыстардан айырмашылығы туралы білесіңдер.
(МК, Ж) Тыңдалым-айтылым
Сюжетті сурет мазмұны бойынша жұмыс ұйымдастыру.
Қайсысы қандай дыбыс шығаратынын сызбаның көмегімен айтқызу (әтеш, сиыр, балапан, қой, ит, торғай, атасы, немересі).
Суретке қарап, балалардың қандай дыбыс шығарғанын айтқызу.
Қорытынды тұжырым жасату.
|
«Қайсысы қандай дыбыс шығарады?» сюжетті суреті бойынша оқушылар сызбаның көмегімен «Әтеш шақырады»,
«Тауық қыт-қыттайды», «Ит ырылдай- ды», «Сиыр мөңірейді», «Қой маңырайды», «Торғай шырылдайды»,
«Ата сөйлейді» деген мазмұнда жауап береді.
Тышқаннан қорқып тұрған қыз
«А–А–А–А!» деп, мәшинемен ойнап отырған бала «У–У–У–У!» деп дыбыс шығаратынын айтады.
Оқушылар «Бұлар – тіл дыбыстары. Оларды айтамыз және естимиз. Сөз дыбыстардан тұрады», «Жан-жануарлар тек дыбыс шығарады, ал сөйлеу адамға
ғана тән» деген тұжырым жасайды.
|
|