Білімділік: сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; буын туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; буынның графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.
Дамытушылық: сюжетті сурет мазмұны бойынша қойылған сұраққа жауап береді; мұғалімнің қолдауымен сұраққа жауап болатын
сөйлемдерден әңгіме құрайды.
39
Тәрбиелік: табиғатты сүюге, аң-құстарды қорғауға талпынады.
Сабақбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтыңбасы
(1–7мин)
(Ұ)Ұйымдастырукезеңі: Сәлемдесу.
Ойсергек. «Шапалақ» ойынын ойнату. Шарты: әртүрлі суреттер кезекпен шығып тұрады.
Балалар мектепалды дайындық сыныбындағы білімін еске түсіре отырып, көрсетілген сурет атауын буынға бөліп шапалақтайды. Жұмыс жеке, жұппен, топпен, ұжыммен жүргізіледі.
Оқушылар әр суретті шапалақ ұру арқылы буынға бөледі. Қателеспей, сөздің әр буынын дұрыс анықтап, шапалақ ұрған
оқушылар жеңімпаз атанады.
Интербелсенді тақта
Жеке суреттер
Сабақтыңортасы(26мин)
Сабақ тақырыбын таныстыру: Буын Сабақ мақсатын хабарлау:
– Балалар, сендер бүгін сөздің буынымен танысасыңдар және сөзді созып айту арқылы неше буын бар екенін анықтайсың- дар. Сурет мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге үйренесіңдер. (МК,Ж)Тыңдалым-айтылым
Суретке қарап, «Бала кімді шақырды? Атасөзін қалай айтты?» сұрақтарына жауап беру. Сөздің буынға бөлінетіні туралы қарапайым түсінік беру. Буын сызбасымен таныстыру.
(МК,Ө)Оқылым
Аң-құс атауларын буынға бөліп айтқызу. Қайсысы бір буынды сөзден тұратынын тапқызу.
Оқушылар өз жұптарында суретке қарап, бір-біріне не көріп отырғанын айтады.
Сонан соң, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. (Саралау: кейбір балалар сурет бойынша сұрақтарды өздері құрастыра алады.) Сөздің буынға бөлінетіні туралы білетін болады. Буын сызбасымен танысады.
Оқушылар «қас-қыр, түл-кі» сөздерін буынға бөліп айтады. Бір буынды «қаз» сөзін табады.
Жетістіккритерийі: Қойылған сұрақтарға жауап бере алады.
ҚБ: Оқушылар мұғалім көмегімен бір-бірін бағалайды.
Сюжетті сурет
Суреттер
(МК,Ө)Жазылым
Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау
жұмыстарын басшылыққа алу:
Оқушы партада дұрыс отырады, қаламды дұрыс ұстайды.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен заттарды сызықтар арқылы қосады.
Дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.
Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.
Сабақтыңсоңы
(7мин)
(МК,Т)Сабақтыбекітужәнесаралау
«Сөз тану» айдары бойынша берілген «Ата
– баланың қорғаны» мақалының мәнін түсіндіру.
Мақалды QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату.
Саралау тапсырмаларын орындату:
деңгей:
«Тырна» сөзін буынға бөліп айт.
деңгей:
«Ат», «ата» сөздерінің қайсысы бір буынды сөз екенін анықта.
деңгей:
«Ата – баланың қорғаны» дегендегі
«қорған» сөзінің мағынасын қалай түсінесің? Сұраққа жауапты мұғалімнің көмегімен «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралынан ізде.
Керібайланыс.«Еркінмикрофон»әдісі
Сөзді созып айту арқылы буынды қалай анықтауға болады?
Қандай дыбыстар буын құрай алады?
Буынды сызбамен қалай көрсетуге болады?
«Ата – баланың қорғаны» мақалын QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдайды.
Саралау тапсырмаларын орындайды.
Сөзді созып айту арқылы буын санын анықтайды, буын саны сөздегі дауысты дыбыс санына сай келетінін меңгереді.
Микрофон
Рефлексия.
Сабақтан алған білімдерін жинақтап, 1-ден 7-ге дейінгі сандар аралығында өзін-өзі бағалайды.
Суретті тақта
сабақ 41
Бөлім:
Әліппегедейінгікезең
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сынып: 1
Қатысушыларсаны:
Қатыспағандарсаны:
Сабақтыңтақырыбы
Буын
Төрттүлігім –байлығым
Оқу бағдарла-масына сәйкескүтілетін
нәтижелер
Білімділік: буынның графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.
Дамытушылық: сөздік қоры байиды, байланыстырып сөйлейді.
Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, олардың адам өміріндегі маңызын түсінуге талпынады.
Сабақбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы(1–7мин)
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Ойсергек. «Төлдер»ойынын
ойнату.
Интербелсенді тақтамен жұмыста әртүрлі төлдердің дауысын ажыратады.
Оның енесінің атын табады.
https://www.
youtube.com/watch?v
=M0uHim-9kSg
Сабақтыңортасы(26мин)
Сабақ мақсатын хабарлау:
– Балалар, сендер бүгін әр сөзде неше буын бар екенін ажыратуды үйренесіңдер.
(МК, Ж, Ө) Тыңдалым жәнеайтылым. Суреттегі төлдерді атап, оларды буынға бөліп айтқызу.
Буын сызбасына сәйкес суреттердің атауын таптыру.
«Неліктен әртүрлі сөздердің буын сызбасы бірдей?» сұрағына жауап бергізу.
Оқушылар суреттегі «бота», «бұзау»,
«қозы», «құлындарды» атап, буынға бөліп айтады.
Әр сөзде неше буын бар екенін айтады.
2-тапсырма бойынша:
Буын сызбасына сәйкес үй жануарлары мен заттардың атауын табады.
Бағанның сол жағында «түйе», «ешкі» суреттеріне сәйкес екі буынды сөздің сызба- моделі, бағанның оң жағында «ірімшік»,
«алаша» суреттеріне сәйкес үш буынды сөздің сызба-моделі берілген. «Неліктен әртүрлі сөздердің буын сызбасы бірдей?» сұрағына жауап беру арқылы сөзде қанша
дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынына көз жеткізіледі.
Жетістік критерийі: Төлдердің атын буынға бөліп, буын санын анықтай алады. ҚБ: Оқушылар мұғалім көмегімен бір- бірін бағалайды.
Интербелсенді тақта
42
(МК,Ө)Жазылым
Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:
жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау;
заттарды сызықтар арқылы қосу;
дәптер бетіндегі суреттерді бояу;
әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;
үзік сызықтарды бастырып жүргізу.
Оқушы партада дұрыс отырады, қаламды дұрыс ұстайды.
Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен заттарды сызықтар арқылы қосады.
Дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.
Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.
№1 жазу дәптері
Сабақтың соңы(7мин)
(МК, Т) Сабақты бекіту жәнесаралау
«Сөз тану» айдары бойынша берілген «Асқат қасқа ат мінді, Мақсат басқа ат мінді» жаңылтпашымен жұмыс:
Жаңылтпашты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату және жатқа айтқызу. Сөз аралығындағы дыбыстарды үндестік заңына сәйкес айтуға үйрету.
Саралау тапсырмаларын орындату:
деңгей:
«Асқат» сөзін буынға бөліп айт.
деңгей:
«Мақсат басқа ат мінді» сөйлеміндегі сөздерді буынға ажырат.
деңгей:
Сөзді буынға бөлу шартты белгісін көрсет.
Жаңылтпашты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдайды және жатқа айтады.
Жаңылтпаштағы «қасқа ат», «басқа ат» тіркестерін айтқан кезде тіркестегі екі сөзді бөлек-бөлек айтпай, «қасқат», «басқат» деп, үндестік заңына сәйкес айтуға үйренеді.
Оқушылар жаңылтпашты жаңылмай, тез- тез, үндестік заңына сәйкес дұрыс айтудан жарысады.