Әліппе оқыту әдістемесі



бет70/103
Дата13.02.2022
өлшемі4,89 Mb.
#25429
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103

сабақ





Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ә дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;

дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.



Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиелік: еліміздің рәміздерін (Әнұран, Елтаңба, Ту) біледі.

Сабақ барысы


223



Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Ойсергек. Дыбысынан таны.

Әртүрлі жануарлардың дыбысы тыңдатылады.

Не қалай дыбыстайды?
Әтеш шақырады.

Түлкі шәуілдейді.

Қарсақ шәңкілдейді.


Балалар ол дыбыстың иесін анықтайды және дыбыстауын атайды.

Мысалы: сиыр мөңірейді, әтеш шақырады т.б.





Аудиожазба, жануарлар суреті



Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ә» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Ә ә» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Ә ә» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.



1. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.















Қолдау






1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды:

«Мектепте салтанатты жиын болды. Жиынға Әдияның әжесі келді. Әлидің әкесі қатысты.

Жиын Әнұран айтумен басталды».


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Суреттер, оқулық Сызба




224








  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «әже» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «Ә» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «Ә» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Жіптен «ә» әрпін жасау.




(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

(МК, Ұ, Ө) Оқылым.

1. Оқулықтың 67-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.



  1. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (3).

  2. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Жиынға Әдияның әжесі келді) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 4 сөз бар.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар

«әже» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «ә-же» деп буынға бөледі.

  1. «Ә-» бірінші буынын айтып, дыбыстың қалай созылып айтылып тұрғанын айтады.

  2. «Ә» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  3. Жіптен «ә» әрпінің сұлбасын жасайды.



  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Қолдау көрсету


Жіп.


Әріптің жазылу үлгісі

Оқулық


Оқулық


225






  1. «Ә» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  2. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (ән – дән), сөз ортасына (дәрі – кәрі), сөз алдына (сәуір – едәуір) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.

  3. Мақалды тыңдау, мәнін түсіну.


Жазылым

  1. Оқулықтағы «Ә» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Ә» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Ә» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.




  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы «Ә» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  2. Әр сабақ соңында өз іс- әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін- өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды:

«жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».



Оқушыларға қолдау көрсету.

Мақтау, қолдау



Жазу дәптері

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



  1. деңгей:

Сөз сызбасын тиісті сөзбен толықтыр.


  1. деңгей:

Кәрі, тәтті сөздеріне мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып айт.

  1. деңгей:

Әдемі, дәмді, кәрі, тәтті сөздерінің бірімен сөйлем құра.
«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс

Мұғалімнің мақалдың мағынасымен түсінуді QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы


Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.

1-деңгейдегі оқушылар берілген сөз сызбасын тиісті сөзбен толықтырады:

Әдемі қыз тәтті алма

Дәмді тағам кәрі адам 2-деңгейдегі оқушылар кәрі, тәтті сөздеріне мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып айтады: кәрі – жас; тәтті – қышқыл.

3-деңгейдегі оқушылар әдемі, дәмді, кәрі, тәтті сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.


1. Оқушылар мақалды тыңдайды.




Саралау тапсырмалары




226






ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты «Үлкен кісілердің батасын алу

қажет» деген қорытынды пікірмен аяқтау.



2. Мақалдың мағынасын өз ойларымен түсіндіруге тырысады.




Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020



Рефлексия

Табыс баспалдағы

Сабақтың бағалау критерийіне сәйкес «Табыс баспалдағынан» өз орнын белгілейді және себебін

түсіндіреді.



Өзін-өзі бағалау






  1. сабақ



Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ә дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Көрпені жамау» жаттығуы.

Балалар, біз мына түрлі түсті маталарды бір- біріне жамау арқылы құрақ көрпе құрайық. Ол үшін сұрақтарға жауап беру қажет.



  • Маңызды шараларда қандай ән орындалады?

  • Әнұран.

Оқушылар түрлі түсті қима маталардың артына жазылған сұрақтарға жауап бере отырып, құрақ құрайды.


Қолдау


Мата қиындылары, сұрақтар




227






  • Көктемнің екінші айы қалай аталады?

  • Сәуір.

  • Батаны кімдер береді?

  • Ата, әжелер.

  • «Ә» қандай дыбыс?

  • Дауысты дыбыс.










Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін берілген сөзді, сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар. Сызба-модель арқылы сөйлемдер құрап оқисыңдар. Оқулықта жазуға берілген тапсырмаларды дәптерге өздіктеріңнен көшіріп жазасыңдар.

Сұрақтарға сөйлем сызбасы арқылы жауап бересіңдер.

(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

1-тапсырма.

Оқулықтың 68-бетінде оқуға берілген сөздер мен мәтінді оқушылардың түсініп оқуына қолдау жасау.


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.





  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып,

«бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  1. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  2. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

Қолдау


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Оқулық

Суреттер







2-тапсырма. Оқылым. Калиграммалық сөйлемдерді оқиды. Әтеш шақырады. Түлкі шәуілдейді.
(МК, Ө) Жазылым 3-тапсырма.




  1. Калиграммалық сөйлемге көп кідіріс жасамай, жылдам оқиды.

  2. Оқыған сөздеріндегі «ә» әрпінің орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.

1. Оқушылар жазу дәптеріндегі

тапсырмаларды орындайды: үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.


Суреттегі затты атағанда немесе сөйлем құрап оқығанда көмек керек болған жағдайда көмектесу.

Оқулық Жазу дәптері




228






Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқу. Құраған мәтінді дәптерге көшіріп жазу.

  1. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқиды. Құраған мәтінді дәптерге көшіріп жазады:

Әселдің әжесі бар. Әжей текемет басады. Оны «қолы шебер әжей» дейді.

  1. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін- өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!»,

«көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».



Сөйлемдерді мәтіннен табуға, реттілігін анықтауға бағыт беру.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.






Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



1-деңгей:

Сөйлем сызбасы бойынша сұрақтарға жауап бер.



  • Бұл не? – Бұл – жәшік.

  • Жәшік нешеу? – Жәшік біреу.

  • Жәшікте не бар? – Жәшікте алма бар.

  • Алма қандай? Алма тәтті.

  1. деңгей:

Әр сөйлемдегі сөз санын, «ә» әрпінің орналасу орнын тап.

  1. деңгей:

Қосымша сұрақ қойып, сызбасын сыз.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.




  1. деңгейдегі оқушылар сөйлем сызбасы бойынша сұрақтарға жауап береді.

  2. деңгейдегі оқушылар сөйлем саны мен

«ә» әрпінің сөздегі орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.

  1. деңгейдегі оқушылар сурет бойынша қосымша сұрақтар құрап, сызбасын сызады.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.



Саралау тапсырмалары

Рефлексия



Өз ұсыныстарын білдіреді.








  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет