Әліппе оқыту әдістемесі



бет71/103
Дата13.02.2022
өлшемі4,89 Mb.
#25429
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103

сабақ
229





Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

П дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;

дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.



Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Керісіншелер елі».

Үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты келесі балаға береді. Ал келесі ойыншы сөзді керісінше айтады (доп – под, қап – пақ, сап – пас, соқ – қос

т.б.)


Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін.


Қолдау

Доп


Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «П» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


Қолдау


Суреттер, оқулық
Сызба


230


















«П п» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«П п» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.


(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

  1. Сурет бойынша әңгіме құрау.




  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «доп» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «П» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.

  6. «П» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.

  7. Санағыштардан «п» әрпін жасау.



(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

(МК, Ұ, Ө) Оқылым.

1. Оқулықтың 69-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.





  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Мынау – мектептің спорт алаңы. Балалар сабақтан соң футбол ойынын ойнады. Сапар қақпаға екі доп соқты. Біздің топ жеңіске жетті».

  2. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгіме төрт сөйлемнен тұрады.

  3. «Сапар қақпаға екі доп соқты» сөйлемін сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 5 сөз бар.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «доп» сөзіне дыбыстық талдау жасайды:

«доп» бір буынды сөз, өйткені «доп» сөзінде бір ғана дауысты дыбыс бар.

  1. «Доп» сөзін «доп-п-п» деп созып айтып, «п» дыбысын анық естиді.

  2. «П» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  3. Санағыштардан «п» әрпінің сұлбасын жасайды.

1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға

қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.

Сурет, оқулық, сызба

Санағыштар



231






  1. «П» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  2. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің алдына (топ – доп), сөз ортасына (арпа – арба), сөз соңына (апа – апан) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.


Жазылым

  1. Оқулықтағы «п» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «П» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «П» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

  1. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  2. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.



  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы

«п» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  1. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –

«Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!».



Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.


Оқушыларға қолдау көрсету.

Мақтау, қолдау


Оқулық Жазу дәптері



Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



  1. деңгей:

Буындардан сөз құрап оқы.

  1. деңгей:

«П» дыбысының сөздегі орнын анықта.

  1. деңгей:

Аспан, арпа, дәптер, ақпан сөздерінің бірімен сөйлем құра.


«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс

Мұғалімнің жаңылтпашпен жұмысты QR-пен немесе үнтаспадан тыңдату арқылы



Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


  1. деңгейдегі оқушылар буындардан сөздер құрап оқиды: аспан, арпа, дәптер, ақпан.

  2. деңгейдегі оқушылар «п» дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды.

  3. деңгейдегі оқушылар аспан, арпа, дәптер, ақпан сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.

1. Оқушылар жаңылтпашты тыңдайды.



Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Саралау тапсырмалары


Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020




232






ұйымдастыруы. Сұрақ-жауап әдісі арқылы бүгінгі сабақта өтілген жаңа дыбыс пен әріп туралы оқушылардың білімін бекіту.

  1. Жаңылтпашта жиі кездесіп тұрған дыбысты анықтайды.

  2. Жаңылтпашты жаттайды. Тез-тез жаңылмай айтады.

  3. «Топ», «доп», «топтала» сөздерін үндестік заңына сәйкес «тоб», «доб»,

«тобтала» деп айтады.







Рефлексия




Сабақтан алған әсерлерін түрлі түсті қарындашпен қайықты бояй отырып білдіреді.




Желкенді қайық суреті



  1. сабақ



Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты- жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

П дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.


233






Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал орнату. Жұмбақ шешу.

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)



Оқушылар жұмбақтың шешуін табады.


Қолдау





Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін берілген сөзді, сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар. Сызба- модель арқылы сөйлемдер құрап оқисыңдар.

Оқулықта жазуға берілген тапсырмаларды дәптерге өздіктеріңнен көшіріп жазасыңдар.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


Қолдау








(МК, Ұ, Ө) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

1-тапсырма.

Оқулықтың 70-бетінде оқуға берілген сөздер мен мәтінді оқушылардың тұтас оқуына қолдау жасау.




  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Сөздерді тұтас айтылуымен түсініп оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.



Оқулық





2-тапсырма.

«Әліппе» сөзін үш жақта «менің», «сенің»,

«оның» сөздерімен толықтыру.

4. «Әліппе» сөзін үш жақта

«менің», «сенің», «оның» сөздерімен толықтырып айтады:









234








3-тапсырма.

Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқу. Құраған мәтінді дәптерге көшіріп жазу.



менің әліппем сенің әліппең оның әліппесі
5. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқиды. Құраған мәтінді дәптерге көшіріп жазады: Кітап – адамның досы. Кітапты ақындар, жазушылар жазады. Суретшілер суретін салады. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Мақтау
Қолдау көрсету


Оқулық


Жазылым

  1. Жазу дәптерімен жұмыс.

  2. Оқулықтан көшіріп жазу.

  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  2. Оқулықтан көшіріп жазуға берілген тапсырманы орындайды.

  3. Әр сабақ соңында өз іс- әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін- өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды:

«жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».






Жазу дәптері



Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

1-деңгей:

Бағандағы сөздерге «ы», «у» дыбысын жалғап оқы.



Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
1-деңгейдегі оқушылар сөзге «ы»,

«у» дыбыстарын жалғап оқиды.










235






ы у

доп – добы жап – жабу топ – тобы шап – шабу қап – қабы сеп себу


  1. деңгей:

Сөздерге «ы» дыбысын қосып жазғанда өзгеріске түскен дыбысты анықтап, себебін түсіндір.

  1. деңгей:

Сөздермен сөйлемдер құра.




  1. деңгейдегі оқушылар өзгеріске түскен дыбыстарды тауып, өзгеру себебін түсіндіреді.

  2. деңгейдегі оқушылар сөйлемдер құрайды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Саралау тапсырмалары

Рефлексия



Сабақта өзіне қызықты, қиналған, түсініксіз болған тұстарын жазып береді.




Паровоз тақтасы




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет