Селевкидтер әулетінің негізін қалаушы. Никатор қайтыс болғаннан кейін Селевкидтер әулеті Грецияның шығысынан басталатын үлкен патшалықты б.з.д. 64 жылға дейің яғни екі ғасырға жуық уақыт бойы биледі. Дегенмен І Селевктің бірде- бір мұрагері онымен теңесе алмады. Сөйтіп, Селевкидтер біртіндеп күш- қуаты мен билігін жоғалтты. Ахеменидтер империясы б.з.д. 330 жылы Ескендір Зұлқарнайынның соққысынан құлап, Ауғанстан Ескендірдің империясының құрамына енді. Ескендір Зұлқарнайынның империясы ыдырағаннан кейін Ауғанстан Селевкидтер мемлекетінің бөлігі болды. Олар б.з.д. 305 ж. дейін елді биледі, Буддизм аймақтағы басты дінге айналды.
Грек-Бактрия
Б.з.д. III ғасырдың ортасында ( б.з.д. 256 жыл мен 245 жыл аралығында) Парфиямен бір уақытта Селевкидтерден «Бактрияның мың қаласының әкімі Диодат та бөлініп шықты және өзін патша деп атауға әмір етті; осының артынан бүкіл шығыстың халықтары македондықтардан бөлініп кетті» деп жазды рим тарихшысы Юстин. Диадоттың және оның ізбасарларының иеліктерінің ядросы солтүстік Ауғанстан территориясында (Бактрияның астанасы қазіргі Балх қаласының маңында орналасты ) орналасты, алайда патшалықтың нақты шекараларын дәл анықтау қиындау болып отыр. Грек-Бактрия патшаларының өз билігін солтүстікке қарай кеңейтуге ұмтылыстары онда мекендейтін көшпелі халықтар тарапынан мықты қарсылыққа кездесті. Оңтүстікке экспансия жеңілдеу болған тәрізді. Б.з.д. II ғасырдың бірінші ширегінде 143 Грек-Бактрия патшасы Деметрий Гиндукуштен өтіп, «Үндістанды жаулап алды». Оның теңгелерінде алғаш рет грек жазуларымен қатар үнді жазулары да пайда болды. Грек-Бактрия патшалығында гректердің (гректік өмір салты мен грек мәдениетін сақтаған адамдар, олардың гректердің ұрпағы болуы міндетті емес) жергілікті халықтан ерекшелігі өте айқын болды, атап айтқанда әлеуметтік өмірдегі барлық эллинистік институттар мен дәстүрлер, грек тілі және мәдениетінің басқа да көп элементтері сақталды. Француз археологтары Солтүстік Ауғанстан жерінде қазба жұмыстарын жүргізген Грек-Бактрия қалаларының бірі (Айханум қалашығы) акрополі мен агорасы бар, реттелген көшелері мен қоғамдық үйлері, пропилейлері, портиктері, колонадалары бар нағыз эллинистік қала болғандығы анықталды. Жазба деректерде тек жеті ғана Грек-Бактрия патшалары көрсетіледі. Грек-Бактрия патшалығының негізін қалаушы I Диодоттың мұрагері оның ұлы II Диодот б.з.д. III ғ. 30 жылы билік құрды. III ғасырдың 20 жылы Евтидем патша тақты иеленді, ол 208-206 жылдары III Антиохтың 2 жылға созылған қоршауына төтеп бере алды. Б.з.д. ІІІ ғасырдың ең ақыры мен ІІ ғасырдың басында оның ұлы Деметрий патшалық құрды, ол Үндістанды жаулаушы ретінде даңқы шықты. ІІ ғ. 70-50 жж. өзін теңгелерінде «Ұлы» деп көрсеткен Евкратид билік құрды. Шығыста ерекше аты шыққан Бактрия патшасы Менандр болды. Эленистік Александрия қаласының (қазіргі Кабул қалысына жақын) маңында дүниеге келген ол өз иеліктерін Үндістанның ішкері аудандарына дейін, атап айтқанда Ганг алқабына дейін кеңейтті. Үнді дәстүріне сенсек, Менандр буддизм дінін қабылданған.
Эллинистік Грекия мен Македония
Александр Македонскийдің шығысқа жорығынан бастап, Жерорта теңізінің бірқатар бөлігі мен Египет, Кіші және Алдыңғы Азия және оған жақын аймақтар; Орталық Азияның оңтүстік және орта бөлігінен Инда өзенінің төменгі бөлісіне дейінгі елдердің тарихи дамуында эллинистік даму басталды. Александр өлгеннен кейін оншақты жыл ішінде ыдырау процесі басталған державаның жеке бөліктеріне иелік ету үшін диадохтар арасындағы үздіксіз соғыс барысында эллиндік мемлекеттер жүйесі қалыптасты. Олардың ішіндегі аса ірісі Македон патшалығы болды, оған Антигонидтер династиясы билік етті. Бұл династияның негізін соқыр Антигон қалады. Ол Александр тұсында Ұлы Фригияның стратегі болған. Александрдың әскербасшысы және оққағарының бірі Селевк – ірі эллиндік орталықтардың бірі – Селеквидтер державасының негізін қалады. Александрдың келесі қолбасшыларының бірі 231 Птоломей – Птоломей династиясының негізін қалап, Египетті ірі эллиндік мемлекеттердің біріне айналдырды. Атталидтер династиясы Пергам патшалығында билік етті. Бұл патшалықтардан өзге Қара теңіз жағалауында – Вифиния, Понт, Каппадокия; Армения мен шығыста – Грек-Бактрия және Парфия патшалықтары болды. Осы мемлекеттерді ішіндегі ірісі Македон, Селеквид және Птоломей патшалықтарының негізгі тарихи дамуын қарастыруға болады. Эллиндік кезеңнің басында Македония дағдарысты басынан өткерді. Оның себептерінің бірі – Шығыстағы халықтардың тығыз қоныстануы, шаруалардың кедейленуі, галат тайпаларының шабуылы еді. ІІ Антигон Гонат билігі кезеңінде жағдай біршама тұрақтанды. Б.д.д. 283 жылы греция македондықтардың қоластында болды, дегенмен, олардың бағыныштылықта ұстау күннен-күнге қиын бола бастады. Бұл уақытқа қарай б.д.д. 370 жылы орталық Грецияның бірқатар полистерін біріктірген Этолий одағы біршама күшейді. Бұл одақ Балқан жартыаралындағы Македония билігіне қарсы айтарлықтай күш болды. Б.д.д. 280 жылы Пелопоннес грек полистерінің тағы бір әскери-саяси одағы – Ахей одағы қалпына келеді. Бұл одақ та македон билігін алаңдатпай қоймады. Хремонид соғысында (б.д.д. 267-261 жж.) Антигон Гонат Македонияның бүкіл Элладаға үстемдігін тоқтата алды, б.д.д. 228 жылға қарай ол Пелопоннестегі билігін, ал бір жылдан кейін македон гарнизоны Афинадан шығарылады.
Ахей және Этолия одағы
Спарта