-Дүниежүзінің саяси картасында өз егемендігін өздері жариялаған мемлекеттер айрықша орын алады, мысалы Косово, Оңтүстік Осетия,
Абхазия Республикасы, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және басқалары.
Қазіргі кезде дүниежүзінде 60-тай мемлекеттің аумағында өз егемендіктерін
өздері жариялаған, шамамен 120 мойындалмаған мемлекет бар. Олардың
кейбіреулері нақты өмір сүреді, бірақ заңды түрде халықаралық
қауымдастықта толыққанды ел деп танылмаған (Тайвань аралы). Енді бірі
мойындалған, бірақ өз аумағы жоқ (Палестина).
-Мәртебесі анықталмаған аумақтар – бұл сол немесе басқа мемлекетке
тиесілілігі әлі толық белгіленбеген аумақтар. Жалға алынған аумақтар.
Уақытша пайдалануға жасалатын Шарттар мемлекеттер арасында бекітіледі.
Көптеген жалға алынған аумақтардың айрықша пайдалы географиялық және
геостратегиялық жағдайы болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: –
Азия мен Мұхит аралдарындағы дамыған елдердің әскери-теңіз базасы; –
Қазақстаннан Ресей Федерациясы жалға алған Байқоңыр ғарыш айлағының
аумағы. Басып алынған аумақтар әскери іс-қимылдардың нәтижесінде
мемлекеттерге күштеп біріктіріледі. Оларда басып алған мемлекеттің тәртібі
әрекет етеді. Басып алынған аумақ мәртебесі болған аумақтар: Шығыс Тимор
(1976–2001 жж.), Палестина мемлекетінің аумағы (Иордан өзенінің батыс
жағалауы және Газ секторы).
-Мәртебесі анықталмаған аумақтардың бірі – Сахара Араб демократиялық
Республикасы немесе Батыс Сахара, оған Марокконың аумақтық
келіспеушілігі бар.
Танылмаған мемлекеттер саны – 8: Косово, Оңтүстік
Осетия, Таулы Карабах, Приднестровье, Солтүстік Кипр, Сомалиленд, Қытай
Республикасы/Тайвань.
БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ. БАСҚАРУ ФОРМАЛАРЫ: -Республикалық (жоғары мемлекеттік билік парламентке, ал атқарушы