жерлермен алмасу немесе теңізден құрлықтық жер қайтарып алу себепті
мемлекеттің көлемі өзгереді. Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде көптеген
метрополиялардың аумақтары ұлғайды. Жапония екінші дүниежүзілік соғыста
жеңілуі салдарынан өзінің бірқатар аралдарын Ресейге берді.
Бұрындары
Судан жер көлемі бойынша Африкада бірінші орында тұрса,
мемлекеттің
Судан және Оңтүстік Судан мемлекеттеріне ыдырауы нәтижесінде – тек
үшінші орынға тұрақтады. Нидерланд ұзақ жылдар бойы басқа елдің
еншісінде болған мұхиттағы жерлерін қайтарып алды.
Жапония мен БАӘ
жасанды аралдар тұрғызуда. Мемлекеттің өз ішінде әкімшілік-аумақтық
бірліктердің саны өзгеруі мүмкін. Қазақстанда 1997 жылға дейін 19
облыс
болса, қазіргі уақытта – 14.
-
С
АПАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР.
Қазіргі уақытта дүниежүзінің саяси картасында
сапалық өзгерістер басым.
-Дүниежүзінің мемлекеттерінде кейде мемлекеттік режим формасының
ауысуы орын алады.
Мемлекеттік режим – мемлекеттің билік жүргізуді
жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Мемлекеттік режимдер
демократиялық
және
антидемократиялық
(тоталитарлық,
әміршіл,
нәсілшілдік) болуы мүмкін. Көптеген дамыған елдер – демократиялық елдер.
Кеңес Одағының құрамында болған жаңа мемлекеттер тәуелсіздік алғаннан
кейін де демократиялық бағытта дамуын жал ғастыруда.
-Мемлекеттер өз атауларын өзгертеді, жаңа атау береді немесе астанасын
ауыстырады.
ХХ ғасырдың тарихы өз атауларын
өзгерткен көптеген
мемлекеттер туралы баяндайды. Мысалы, Персия – Иран, Кампучия –
Камбоджа, Бирма – Мьянма болып атауларын өзгертті. Қазақстан КСРО
құрамында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп аталды. Тәуелсіздік
алғаннан кейін Қазақстан республикасы болып атала бастады. Жаңа кезең мен
бүгінгі күннің тарихында да астана ауыстыру жиі болып тұрады. 1923 жылы
Түркия өз астанасын Стамбұлдан Анкараға ауыстырды, Бразилия 1960 жылы
астаналық мәртебені Рио-де-Жанейродан жаңа
арнайы салынған Бразилия
қаласына берді. 1990 жылы Германия астанасы Берлин қаласына өзгертілді,
астана қызметін оған дейін Бонн қаласы атқарған болатын. 1997 жылы астана
қаласы Қазақстанның астанасы болды. Астанаға дейін астана қызметін
Орынбор, Қызылорда және Алматы қалалары атқарған.
Достарыңызбен бөлісу: