Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері


Запастағы офицерлер дайындығының жалпы мәселелері. Мақсаты және міндеттері



бет3/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

1. Запастағы офицерлер дайындығының жалпы мәселелері. Мақсаты және міндеттері.

Запастағы офицерлер дайындығының жалпы мәселелері. Мақсаты және міндеттері. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары мемлекетті қорғау мен оның қорғаныс қабілетін нығайту.


Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.


Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ.
Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек.
Курсты меңгерген студент Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде офицер құрамы қызметінде өткеру жағдайларын, өздеріне сеніп, тапсырылған әскери құрамды, қару-жарақ пен техниканы басқару үшін дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруға тиіс.
Оның бағдарламасы шақырылған запастағы офицерлердің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қазіргі заманғы қару мен әскери техниканы қысқа мерзімде меңгере алу үшін дайындау көлемінде әскери істі оқып-үйренуін көздейді.
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда қорғаныс және Қарулы Күштерге басшылық саласындағы өкілеттіліктері, азаматтардың міндеттері мен құқықтары баядалған. Осы заңға сәйкес мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының (департаменттерінің) барлығы барша бағынысты кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының қорғанысы туралы заңдарды орындауы үшін жауапты болады. Республика азаматтарына қатысты алғанда, олар мемлекет мүдделерін сақтауға, оның күш-қуатын нығайтуға, өзін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқадай міндеттерді орындап отыруға міндетті. Әскери қызметтен жалтарғаны үшін республика азаматтары заңда белгіленген ретпен жауапкершілікте болады.
Қазақстан Республикасының қорғанысы – Республиканың егемендігі мен аумақтық тұтастығын және шекараларының қол сұғылмастығын қорғауға дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын саяси, әскери, экономикалық және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі. Халық алдындағы өзінің конституциялық парызын орындау – оның бейбіт, жасампаз еңбегін сенімді қорғау, бөлімдер мен бөлімшелердің ұрыстық дайындығын барынша нығайту Қазақстанның әрбір азаматы үшін абыройлы парыз.
«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік» делінген 1-бапта Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеті және Қазақстанның бүкіл халқының ісі болып табылатыны туралы айтылған. Қазақстан Республикасын қорғау ұлты мен әлеуметтік тегіне, тұрғылықты орнына, мүліктік және лауазымдық жағдайына, кәсібінің тегі мен сипатына, саяси және басқадай сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан республиканың әрбір азаматының қасиетті борышы мен міндеті болып табылады.
Жалпыға бірдей әскери міндеттілік Қарулы Күштердің жасақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді.
Әскери қызметшiлердiң әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға құқығы бар. Әскери (арнаулы) оқу орындарын бiтiрген әскери қызметшiлер қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру курстарында оқи алады.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқаларға) өздерi құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар басшыларының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сессияларды және қорытынды емтихандарды тапсыру үшiн демалыс берiле отырып, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi және қосымша бiлiм беру ұйымдарында оқудың кешкi немесе сырттай түрiнде оқуға рұқсат етiледi.
Оқу кезеңiнде әскери қызметке шақырылған адамдар әскери қызметтен босатылғаннан кейiн өздерi шақырылғанға дейiн оқыған оқу орнындағы оқуын жалғастыруға құқылы.
Солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жатқан және күнтiзбелiк есеппен кемiнде сегiз жыл қызмет атқарған әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негiзде оқыған шығындарын оқу құнының елу процентi мөлшерiнде бюджет қаражаты есебiнен өндiрiп алуға құқығы бар. Бұл жеңiлдiк бiр рет қолданылады.
Әскери қызметшiге көрсетiлген шығындарды өтеудi әскери қызметшi әскери қызметiн өткерiп жатқан мемлекеттiк орган жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтеуге құқығы бар әскери қызметшiлер қабылданған Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдары қаржыландыруды ашу үшiн көрсетiлген мемлекеттiк органдарға әскери қызметшiнi бiлiм беру ұйымына қабылдау туралы бұйрықтың куәландырылған көшiрмесiн жолдайды.
Әскери қызметшiнi басқа бiлiм беру ұйымына ауыстырған кезде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшерi түзетiлуге жатады.
Әскери қызметшiге академиялық демалыс берiлген кезде оны оқытуды қаржыландыру берiлген академиялық демалыс кезеңiнде тоқтатыла тұрып, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтету құқығы сақталады.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтетуге құқығы бар әскери қызметшiге ол оқыған (оқып жатқан) бiлiм беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған, бiлiм беру ұйымының жұмысы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған жағдайларда басқа жоғары оқу орындарында қаржыландырудың жалғастырылуына кепiлдiк берiледi.

Жалпы мiндеттер


Қазақстан Республикасының мемлекеттiк егемендiгiн қорғау, оның сыртқы және iшкi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қарулы шабуылға тойтарыс беру және агрессорды жеңiлiске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн қорғау мен оның халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес мiндеттердi орындау жауынгерлiк борыштың мәнi болып табылады, ол әскери қызметшiлердi:
- әскери антқа адал болуға, өз халқына қалтқысыз қызмет етуге, өз Отанын каhармандықпен және шеберлiкпен қорғауға;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекет заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауға, командирлерге (бастықтарға) сөзсiз бағынуға, олардың бұйрықтарын дәл және мерзiмiнде орындауға;
- өз халқының қорғаушысы абыройын және жауынгерлiк даңқын, әскери атақтың абыройын және жауынгерлiк жолдастықты қымбат тұтуға;
- әскери шеберлiктi жетiлдiре беруге, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдануға әрдайым әзiр ұстауға, әскери мүлiктi сақтауға;
- тәртiптi, қырағы болуы, мемлекеттiк, әскери және қызметтiк құпияның ашылуына жол бермеуге, шарт бойынша мiндеттемелердi қатаң сақтауға мiндеттейдi.
Қызметтiк және арнаулы мiндеттер
Әскери қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерi мен осы мiндеттердi орындау тәртiбi әскери жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен белгiленедi.
Командирлер (бастықтар) дара басшылар болып табылады және бейбiт кез бен соғыс уақытында қарамағындағылардың өмiрi мен қызметiнiң барлық жағына, атап айтқанда: тұрақты жауынгерлiк және жұмылдырушылық әзiрлiкке, олардың жауынгерлiк мiндеттердi ойдағыдай орындауына; адам құрамының жауынгерлiк әзiрлiгiне, әскери тәртiбiне, моральдық-психологиялық жай-күйiне және әскери қызметтiң қауiпсiздiгiне; қару-жарақтың, әскери техника мен мүлiктiң жай-күйiне және сақталуына; материалдық-техникалық, медициналық, қаржылық және тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге жауап бередi.
Әскери қызметшiлер жауынгерлiк кезекшiлiкте (жауынгерлiк қызметте), тәулiктiк және гарнизондық нарядта жүргенде, сондай-ақ дүлей апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстырылған кезде арнаулы мiндеттердi орындайды. Аталған мiндеттер мен оларды орындау тәртiбi заң актiлерiмен , әскери жарғылармен және солардың негiзiнде әзiрленген басқа да нормативтiк актiлермен белгiленедi.
Қаруды сақтау, алып жүру және қолдану құқығы
Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде қаруды алып жүруге және қолдануға құқылы.
Әскери қызметшiлердiң қаруды алып жүру ережелерi әскери жарғылармен белгiленедi. Штаттық (жеке) қаруды қолдану тәртiбi осы Заңмен және басқа заң актiлерiмен белгiленедi.
Әскери қызметшiлер соңғы шара ретiнде қаруды және өзi немесе бөлiмше құрамында мынадай жағдайларда:
- күзетiлудегi әскери және азаматтық объектiлерге, қарауылдарға, әскери бөлiмдердiң тұрғын жайы мен ғимараттарына топ болып немесе жеке жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру үшiн;
- қаруды және әскери техниканы күш қолданып иелену әрекетiн тыю үшiн;
- егер әскери қызметшiлер мен жай адамдарды өзге әдiстермен және құралдармен қорғау мүмкiн болмаса, оларды өмiрiне немесе денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан қорғау үшiн;
- егер қылмыскердi қарсыласуын өзге әдiстермен және құралдармен жеңу немесе қаруын тартып алу мүмкiн болмаса, қылмыс жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не ауыр қылмыс жасау кезiнде үстерiнен түскен адамдарды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
- жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн қолдануға құқылы.
Қару қолдану оны қолданбақшы ниет туралы ескертудi көздеуге тиiс. Күтпеген қарулы шабуыл, ұрыс техникасын, көлiк құралдарын, теңiз және өзен кемелерiн пайдалана отырып шабуыл жасаған кезде, сондай-ақ қамаудан қару алып қашқан жағдайда қару ескертусiз қолданылуы мүмкiн.
Әскери қызметшiлер қауiп дабылын беру немесе көмек шақыру үшiн қару қолдануға құқылы.
Қаруды қолдану және пайдалану кезiнде әскери қызметшi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мүмкiн болған шаралардың бәрiн қолдануға, ал қажет болған жағдайда зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсетуге мiндеттi.
Әйелдер мен кәмелетке толмағандар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не әскери қызметшiнiң (әскери қызметшiлердiң) өмiрiне қатер төндiретiн топталып шабуыл жасаған реттерде, егер мұндай шабуылды басқа әдiстермен және құралдармен тойтару мүмкiн болмаған жағдайларды қоспағанда, оларға қару қолдануға тыйым салынады.
Қару қолданылатын немесе пайдаланылатын әрбiр реттi әскери қызметшi командирiне (бастығына) баяндайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет